Бәйшешек тобы гүлді жапсыру
Сабақтың мақсаты
Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, көктем мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру, табиғат сұлулығын сезіне білуге баулу. Сонымен қатар табиғатты аялауға, Отанын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
- Типі
- Білім мен іскерлікке баулу
- Түрі
- Аралас сабақ
- Әдісі
- Сұрақ-жауап, әңгімелеу
- Көрнекілігі
- Көктем суреттері, бүктеме
- Типі
- Білім мен іскерлікке баулу
- Түрі
- Аралас сабақ
- Әдісі
- Сұрақ-жауап, әңгімелеу
- Көрнекілігі
- Көктем суреттері, бүктеме
I. Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңбері»: балалар шеңберге тұрып, бір-біріне гүл сыйлау арқылы ізгі тілектерін айтады.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар алдын ала дайындалады: түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім.
II. Топқа бөлу
Қима қағаздардан құрастыру арқылы гүл бейнесі жасалып, балалар екі топқа бөлінеді.
1-топ: «Бәйшешек» тобы
Топ таныстыру (өлең жолдары):
Бәйшешектен білеміз, Көктем келіп қалғанын. Мәз боламыз, күлеміз, Көрсек гүлін жарғанын. Қараторғай келіпті, Үйшік жасап берейін. Алғашқы гүл көрікті — Бәйшешекті терейін.
2-топ: «Жауқазын» тобы
Топ таныстыру (өлең жолдары):
Алғаш рет күркіреп, Ағыл-тегіл жауса күн. Қырға шығар дүркіреп, Көктем басы — жауқазын. Ызғар әлі кеткен жоқ, Қырлар әлі кепкен жоқ. Жауқазындар көкпеңбек, Көбейе бер, көктем боп.
III. Психологиялық жаттығу және жұмбақ
Психологиялық жаттығу: «Жымию»
Өсеміз біз күліп-ойнап, Он саусақтың саласындай. Өсеміз біз күліп-ойнап, Бір адамның баласындай.
Жұмбақ
Бұлтты айдап желдеткен, Нөсерлетіп, селдеткен, Шалшық кешіп ойнайтын — Қай мезгіл деп ойлайсың?
Жауабы: көктем.
Сұрақ-жауап (көктем туралы)
Тәрбиеші:
1 жылда неше мезгіл бар?
Балалар:
Көктем, жаз, күз, қыс.
Тәрбиеші:
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Балалар:
Үш ай: Наурыз, Сәуір, Мамыр.
Тәрбиеші:
Наурыз айында қандай мерекелер бар?
Балалар:
8 наурыз — Аналар мерекесі, 22 наурыз — Қазақтың жаңа жылы.
Тәрбиеші:
Көктемнің белгілерін атаңдар.
Балалар:
Жылы жел, құстардың келуі, көктің шығуы.
Тәрбиеші:
Көктем сәні деп нелерді айта аламыз?
Балалар:
Хош иіс, мөлдір су, жасыл желек, күннің жылуы.
Тәрбиеші:
Көктемде ең алғаш қандай гүлдер шығады?
Балалар:
Бәйшешек, жауқазын.
IV. Ұйымдастырылған ізденіс кезеңі
Балалар, жер бетін жасыл кілемге орайтын, бәріміз асыға күтетін көктем мезгілі тіршілік атаулыны қуанышқа бөлейді.
Ауа райын зерттеушілер көктемнің басталуын наурыздан десе, аспан әлемін зерттеушілер күн мен түннің теңелуімен байланыстырады. Ал өсімдік танушылар көктем ағаш бойымен шырын жүре бастағанда басталады дейді.
Ерте көктем
Көктемнің алғашқы кезеңі — ерте көктем. Бұл кезең наурыз айынан басталып, сәуірге дейін созылады. Осы уақытта қар еріп, су топыраққа сіңеді; жер жұмсарып, айналаны жасыл шөп көмкереді.
V. Топтық жарыс: тақпақтар
Ерасыл
Айналаның бәрі гүл, Келді көктем тағы бір. Жамиғаттың жұмағы, Табиғаттың сәні бұл.
Көпжасар
Көктем деген немене? Көктем деген көп жаңбыр. Әнге салып әуеде Қарлығаш ол тұрған бір.
Азым
Көктем деген, балалар, Құлыншақ қой зулаған. Еркелеген далаға Құрық салсаң тулаған.
Саяжан
Ағаштарды сілкілеп Жел өтеді дүркіреп. Ауық-ауық аспан да Қояды бір күркіреп.
Жансұлтан
Көктем деген — ашылған Бұлақтардың көзі ғой. Ақ тұманның басында Жаңа туған қозы ғой.
Тақтамен жұмыс
Тақтада көктем белгілері мен негізгі ұғымдар бекітіледі: ай атаулары, табиғат құбылыстары, алғашқы гүлдер.
VI. Топтық шығармашылық жұмыс
«Бәйшешек» тобы
Гүлді жапсыру жұмысы (желіммен жұмыс істеу дағдыларын дамыту).
«Жауқазын» тобы
Суретті бояу арқылы жұмыс орындау (түстерді үйлестіру, ұқыптылық).
VII. Сөзжұмбақ және мақал-мәтелдер
Сөзжұмбақ: «Тыңда, сезін, тап»
| № | Сөз (қазақша) | Аудармасы (орысша) |
|---|---|---|
| 1 | күн | день |
| 2 | шөп | трава |
| 3 | мереке | праздник |
| 4 | құстар | птицы |
| 5 | бәйшешек | подснежник |
| 6 | мамыр | май |
Мақал-мәтелдер
- 1) Сәуірдегі жауын — сауып тұрған сауын.
- 2) Мезгіл жетсе, мұз ериді.
VIII. Қорытындылау
Бүгінгі оқу іс-әрекетінде біз қай жыл мезгілімен таныстық? Көктемнің негізгі белгілерін атадық, табиғатқа қамқор болудың маңызын талқыладық.
Жанды және жансыз табиғат
Жанды табиғат
Өсімдіктер, жануарлар, жәндіктер, құстар.
Жансыз табиғат
Қар, мұз, тас, құм, жаңбыр.
Балалардың шағын сыйлығы
Балалардың сіздерге арнаған шағын сыйлықтары бар, қабыл алыңыздар.
Сыйлар едім мамама, Гүл шыққан жоқ далада. Қолдан жасап берейін, Риза болшы наурызда!
IX. Мадақтау
Балалардың сабақ барысында көрсеткен белсенділігі мен білім деңгейі бағаланып, мадақтау сөздер айтылады.
X. Үйге тапсырма
«Бәйшешек» тобы
Көктем мезгіліне байланысты сурет салып келу.
«Жауқазын» тобы
Көктем мезгілі туралы шағын әңгіме айтып келу.
Осымен біздің оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рақмет!