Аңдардың балаларын тани білуге, атай білуге үйрету

Білімдік саласы: Қатынас

Тарауы: Тіл дамыту

Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Бұл оқу іс-әрекетінің мазмұны балалардың жабайы жануарлар туралы түсінігін кеңейтуге, жануарларды ажыратып, дұрыс атап айтуға, сондай-ақ аңдардың төлдерін тануға бағытталған. Қыс мезгілінде жануарлардың қалай тіршілік ететінін, суықтан қалай қорғанатынын, сыртқы бейнесі неліктен өзгеретінін және немен қоректенетінін түсіндіру арқылы балалардың қамқорлық сезімін тәрбиелеу көзделеді.

Мақсаты

  • Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту.
  • Жабайы жануарларды ажыратып, атай білуге үйрету.
  • Аңдардың төлдерін тануға және дұрыс атауға үйрету.
  • Жануарлардың қысқы тіршілігі, қорғану тәсілдері, қоректенуі туралы білім беру.
  • Қыс мезгілінде жануарларға қамқорлық қажет екенін ұғындыру.

Көрнекіліктер мен құралдар

Аңдардың суреті бар плакат, қыстың көрінісі бейнеленген сурет, пазлдар, жануарлардың жеке суреттері (тақтаға және үстелге арналған), төлдерінің суреттері, жануарлардың мекендері (үйшіктері) бейнеленген суреттер.

Оқу іс-әрекетінің барысы

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік,

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік.

Балалар бір-біріне қарап күлімсірейді. Содан кейін қонақтармен амандасады: «Сәлеметсіздер ме?»

Өткен сабақты еске түсіру

Өткен сабақта құстардың тіршілігімен таныстық. Қыстап қалатын құстарды еске түсіреміз.

Сұрақ-жауап

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Сендерге қыс ұнай ма?
  • Қыста далада қандай ойындар ойнаймыз?
  • Қыста орманда мекендейтін жабайы аңдарды білесіңдер ме?

Қиял-елестету сәті

«Орманға жабайы аңдардың қысқы өмірімен танысуға барайық. Көздерімізді жұмып, онға дейін санайық: 1–10. Енді көзімізді ашайық».

Жабайы аңдар: аю, қоян, түлкі, қасқыр және т.б.

Жұмбақтар арқылы таныстыру

1) Өзі бір қу, жүрген жері айғай да шу.

Жауабы: түлкі

2) Қорбаң, қорбаң етеді, орман оның мекені. Тәтті балға тойып ап, қыста ұйқыға кетеді.

Жауабы: аю

3) Секең, секең етеді, орман оның мекені. Отырғанда шоқиып, құманға ұқсап кетеді.

Жауабы: тиін

4) Көп, көп ине, бір сабағы жоқ ине. Іс тікпейді әрине.

Жауабы: кірпі

Суреттерге қарап, жануарларды атаймыз. Бұларды бір сөзбен жабайы жануарлар деп атаймыз.

Ойын: «Пазл құрастыр»

Балалар пазл құрастырады. Қандай сурет шыққанын айтады және қыс мезгіліндегі орман өмірі туралы ой бөліседі.

Талқылау сұрақтары

  • Қыста орманда жануарлар тоңа ма? Неліктен тоңбайды?
  • Қай аң қысқа қарай тонының түсін өзгертеді? Неліктен?
  • Кірпінің үстіндегі инелері не үшін керек?
  • Қыс бойы ормандағы аңдарға біреулер тамақ апарып бере ме?

Қыста жануарлар немен қоректенеді?

  • Тиін — жазда жинаған саңырауқұлақтар мен жаңғақтармен қоректенеді.
  • Түлкі — қар астындағы тышқандарды аулайды.
  • Қоян — ағаш қабығын кеміреді.
  • Қасқыр — шамасы жететін аңдармен қоректенеді.
  • Аю — қыс бойы ұйқыға кетеді.
  • Кірпі — қыс бойы ұйықтайды.

Сергіту сәті

Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Құлпынайын алайық,

Қалтамызға салайық.

Ойын: «Үйшігін тап»

Жануарлардың мекендері көрсетіледі. Балалар қай үйшік қай аңдікі екенін табуға көмектеседі.

Жауаптар

  • Аю — апанда.
  • Түлкі — інінде.
  • Қасқыр — апанда.
  • Тиін — ағаш қуысында.
  • Кірпі — інінде.

Ойын: «Анасын тап»

Жануарлардың төлдері «адасып» қалған. Балалар төлін анасына сәйкестендіріп, атауларын дұрыс айтады.

Төлдерінің атауы

Жануар Төлі
Аю қонжық
Түлкі жәудір
Қасқыр бөлтірік
Қоян көжек
Тиін тиіннің баласы
Кірпі кірпінің баласы
Бұғы бұғы бұзауы

Жабайы аңдар да өз төлін жақсы көреді: қорғайды, асырайды, қорек тауып береді.

Қойылым: «Аңқау қасқыр»

Рөлдер

  • Қасқыр — К. Жаннұр
  • Түлкі — А. Асылай
  • Балықшы — Т. Ерназ

Қойылымнан кейін балалармен бірге ой бөліседі: жабайы жануарларды қорғау керек пе?

Табиғатты қорғау туралы әңгіме

Орманда тәртіпті қадағалайтын орманшы болады. Ол аңдарды қорғап, заңсыз аң аулаудың алдын алады. Орманда мекендейтін жануарлардың бәріне адамдар қамқор болуы керек.

Қорытындылау сұрақтары

  • Бұл аңдарды неге «жабайы» дейміз?
  • Қай аң қыста ұйықтайды?
  • Олардың төлдерін қалай атаймыз?
  • Қай аң апанда тұрады? (Аю, қасқыр)
  • Қай аң інде тұрады? (Түлкі және т.б.)

Соңында балалар мақталып, мадақталады.

Тәрбиеші: Ергебек