Географиялық қабық

Сабақтың тақырыбы: Географиялық қабық — Жердің ерекше, кешенді қабығы

Бұл сабақта оқушылар Жер қабықтарының (атмосфера, гидросфера, литосфера, биосфера) өзара әрекеттесуін түсініп, географиялық қабықтың мәнін ашады. Сабақ мазмұны табиғат компоненттері мен табиғат кешендерінің қалыптасуын жүйелі түрде меңгертуге бағытталған.

Жалпы мақсат

Оқушыларға географиялық қабық туралы нақты мәлімет беру арқылы білімін тереңдету және біліктілігін арттыру.

Оқу нәтижелері

  • Жер қабықтарының өзара әрекеттесуін түсіндіреді.
  • Географиялық қабық ұғымын анықтайды.
  • Табиғат компоненттерімен танысады.
  • Табиғат кешені ұғымын меңгереді.

Сілтемелер

  • Географияны оқыту әдістемесі
  • 6-сыныпқа арналған география оқулығы
  • Электронды оқулық: География (6-сынып)

Сабақта қолданылатын модульдер

  1. 1 Диалогтік оқыту
  2. 2 АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар)
  3. 3 Көшбасшылық
  4. 4 Бағалау
  5. 5 Кері байланыс

Дереккөздер және ресурстар

  • Оқулықтағы тақырыпқа сәйкес материалдар
  • Атлас
  • Кескін карта

Тапсырмалар: кесте құрастыру, тірек-сызба жасау, деңгейлік сұрақтарға жауап беру, таратпа материалдармен жұмыс.

Сабақ барысы: мұғалім мен оқушы әрекеті

1) Психологиялық ахуал қалыптастыру

  • «Шеңберлі шар» әдісі арқылы жылы қарым-қатынас орнату.
  • Конфеттер арқылы топқа бөлу.

2) «Миға шабуыл» (бастапқы білімді белсендіру)

Сұрақтарға жауап беру арқылы төрт топ анықталады және негізгі ұғымдар қайталанады:

  1. 1. Жер шарын айнала қоршаған ауа қабығы — атмосфера.
  2. 2. Жердің су қабығы — гидросфера.
  3. 3. Тірі ағзалар таралған қабық — биосфера.
  4. 4. Жердің сыртқы қатты қабығы (жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігі) — литосфера.

3) Жаңа тақырып: мағынаны тану

Әртүрлі Жер қабықтарының өзара әрекеттесуінің нәтижесінде географиялық қабық түзіледі. Әр топ белгілі бір қабықтың ерекшеліктерін анықтап, постер арқылы қорғайды. Топ спикері жұмысты таныстырады.

Топтық жұмыс: қабықтың белгілерін, рөлін және басқа қабықтармен байланысын көрсету.

Қорғау: нақты мысал келтіру (мысалы, су айналымы, топырақ түзілуі, тіршілік таралуы).

Сергіту сәті

«Қызыл өрік» биін билеу.

Қорытындылау: тест тапсырмалары

Білімді бекіту үшін тест сұрақтары беріледі.

1) Тірі организмдер қабығы:

  • A) Литосфера
  • Ә) Гидросфера
  • Б) Биосфера

2) Географиялық қабық деп нені айтамыз?

  • A) Күн жылуы мен ылғалдың әркелкі болуы
  • Ә) Атмосфера, гидросфера, литосфера, биосфера және олардың өзара әрекеттесуі
  • Б) Табиғат заңдылықтары

3) Географиялық қабықтың біртұтастығы — бұл:

  • A) Экватордан полюске қарай табиғат компоненттерінің өзгеруі
  • Ә) Табиғат кешендерінің қалыптасу тарихы
  • Б) Адамның шаруашылық іс-әрекеті

4) Тірі организмдер қабығы:

  • A) Литосфера
  • Ә) Гидросфера
  • Б) Биосфера

5) Кез келген аумақтың табиғат компоненттерінің жиынтығы біртұтас жүйе құрайды. Ол қалай аталады?

  • A) Табиғат кешені
  • Ә) Географиялық қабық
  • Б) Географиялық белдеу

6) Географиялық қабық тау жыныстарынан, судан, ауадан, топырақтан, өсімдіктер мен жануарлардан тұрады. Бұл бөліктер қалай аталады?

  • A) Географиялық белдеу
  • Ә) Табиғат кешені
  • Б) Табиғат компоненттері

7) Атмосфера қандай қабат?

  • A) Ауа қабаты
  • Ә) Су қабаты
  • Б) Тіршілік қабаты

8) «Географиялық қабық» терминін алғаш рет ғылымға енгізген кім?

  • A) П. И. Броунов
  • Ә) А. А. Григорьев
  • Б) Э. Зюсс

9) «Географиялық қабық» термині алғаш рет қай жылы енгізілді?

  • A) 1910
  • Ә) 1932
  • Б) 1940

10) Ең үлкен табиғат кешендерін атаңдар:

  • A) Материктер мен мұхиттар
  • Ә) Таулар мен жазықтар
  • Б) Көл қазаншұңқырлары мен өзен аңғарлары

Бағалау: оқушыларды топ басшылары формативті түрде бағалайды.

Үй тапсырмасы

  • Мәтінмен жұмыс жасау.
  • Өз бетінше қосымша материал жинақтау.
  • Тапсырманы күнделікке түртіп алу.

Рефлексия және кері байланыс

Оқушылар сабақтан алған әсерін, қиындықтарын және ұсыныстарын қысқаша жазбаша түрде білдіреді.

Мен білдім

Бүгін қандай жаңа ұғымдарды меңгердім?

Маған қиын болды

Қай бөлігінде сұрақтар пайда болды?

Ұсынысым

Келесі сабаққа қандай ұсыныс айтамын?