Қызықты фигуралар
I кезең. Бағдарлау–мотивациялық кезең
1) Қызығушылықты ояту
Математика — қызық пән,
Бәріміз оны білеміз.
Қызықты есеп шығарып,
Тез жауабын береміз.
2) «Ойлан, тап»
Ауызша жұмыс (кубизм әдісімен).
3) Математикалық диктант
Өрнектердің мәнін табу:
4) Қызықты кестелер
Топтық және жұптық жұмыс.
II кезең. Операциялық-орындаушылық кезең
5) Ой қозғау (математикалық жұмбақтар)
- 1) Табақта 5 алма, қолымда 3 алма. Барлығын қосқанда неше алма болады?
- 2) 4 бала өлең айтты, 6 бала би биледі. Барлығы неше бала өнер көрсетті?
- 3) 10 асықтың 3-еуін досың сұрап алды. Сонда өз қолыңда нешеуі қалады?
- 4) 2 ешкінің мүйізі бар. Барлығы қанша мүйіз болады?
- 5) Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек. 1 үйрек жоғалды, 1 үйрек тығылды. Қалғаны неше үйрек?
Оқулықпен жұмыс
№ 2, 123-бет
Ауызша
Өрнектер
- (9 × 2) × 5
- (4 × 5) × 7
- (5 × 8) × 3
- 5 × 6 × 8
Түрлендіру
- 9 × (2 × 5)
- 4 × (5 × 7)
- 5 × (8 × 3)
- 5 × (6 × 8)
Қайта топтастыру
- (9 × 5) × 2
- (4 × 7) × 5
- (5 × 3) × 8
- (5 × 8) × 6
№ 3, 78-бет
Тиімді тәсіл
Өрнектерді тиімді тәсілмен есептеңдер:
- 14 × 5 × 8
- 37 × 2 × 5
- 45 × 2 × 7
- 13 × 4 × 10
№ 4, № 5, 124-бет
Ауызша
№ 6, 124-бет
Сөз есеп
Мәтінді есепті шығару.
6) Қызықты фигуралар
Фигураларды қабырғаларының саны бойынша ажыратып, шыққан сандарды өзара көбейтіңдер.
7) «Ойнайық та, ойлайық»
Берілген фигурада барлығы неше үшбұрыш бар?
8) Шығармашылық тапсырма
4 таяқшаны қозғау арқылы 3 шаршы құрастырыңдар.
III кезең. Рефлексиялық-бағалау кезеңі
9) Математикалық тест
1. 5 × 7 өрнегінің мәні нешеге тең?
- а) 40
- ә) 35
- б) 30
2. 40 + 20 өрнегінің мәні нешеге тең?
- а) 60
- ә) 50
- б) 30
3. 48 : 8 өрнегінің мәні нешеге тең?
- а) 3
- ә) 7
- б) 6
4. 120 – 20 өрнегінің мәні нешеге тең?
- а) 100
- ә) 80
- б) 90
5. 180 × 0 өрнегінің мәні нешеге тең?
- а) 180
- ә) 0
- б) 1
Рефлексия
Ұнады
Сабақтың қай бөлігі ерекше пайдалы болды?
Ұнамады / ұсыныс
Нені жақсартуға болады?
Өз бағам
Бүгінгі жұмысыма қойған баға.
Үй тапсырмасы
№ 8, № 9; 124-бет.