Параллель және перпендикуляр түзулер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру
Сабақтың тақырыбы
Параллель және перпендикуляр түзулер (слайдпен).
Мақсаты
- Параллель және перпендикуляр түзулер туралы бастапқы түсінік қалыптастыру.
- Өтілген есеп түрлерін шығару арқылы дағдыларды бекіту.
- Шығармашылықты және сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.
- Ұқыптылыққа, достықты құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ, топтық жұмыс.
Көрнекіліктер
- Қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер
- Слайд
- Электронды оқулық
Әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сабаққа даярлық: амандасу, қатысушыларды түгендеу.
- Психологиялық дайындық (хормен айту).
Мұғалімнің сөзі
Сабағымыз басталды — балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Біліміңді бағала» (сұрақ-жауап).
Үй тапсырмасы
100 тг№ 7.
«Калькулятор» ойыны
100 тг360 : 9 + 28 : 2 − 2 • 1 + 38 : 2
Жауабы: 71
Минутпен өрнекте
100 тгЕң ұзақ көрінген кемпірқосақ аспанда 3 сағат тұрды. Бұл Англияда болған.
Шаршы туралы есеп
500 тгШаршының ауданы 64 см². Оның периметрі нешеуге тең?
Теңдеуді шеш
500 тгx : 1000 = 25
Артық сандарды тап
500 тг1, 7, 14, 21, 28 — артық сандар қайсысы және неге артық?
Жылдамдыққа есеп
1000 тгЕгер арбаға жегілген аттар 16 км/сағ жүрсе, сол арбаны жүргізіп отырған арбакеш 1 сағатта неше км жол жүреді?
Метрмен өрнекте
1000 тгЕң қалың мұздың қалыңдығы — 4 км 776 м.
Мұғалімнің сұрағы: Бұл қайда болуы мүмкін?
Анықтаманы тап
1000 тгЕкі жағынан нүктелермен шектелген түзу сызықтың бөлігі қалай аталады?
Жауабы: кесінді.