Сиырмен бақа тірі табиғатқа жатама
Оқу іс-әрекетінің бағыты
Білім беру саласы
Таным
Оқу іс-әрекет түрі
Экология
Мақсаты
Білімділік
- Балаларға қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат туралы түсінік беру.
- Олардың өзара байланысы туралы мағлұмат беру.
- Танымдық әрекетін дамыту және шыңдау.
Дамытушылық
- Сөздік-логикалық қабілеттерін дамыту.
- Ой-қиялын, қызығушылық сезімін арттыру.
Тәрбиелік
- Өз ойын толық әрі түсінікті жеткізе білуге үйрету.
- Дүниетанымды кеңейту, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
- Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекіліктер
Слайд суреттері: жануарлар, аңдар, өсімдіктер, құстар, жемістер, көкөністер.
Жануарлар
слайд
Өсімдіктер
слайд
Жемістер
слайд
Көкөністер
слайд
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Келіңдер, балалар, дөңгелене тұрайық,
Шаттық шеңбер құрайық.
Табиғат — біздің анамыз,
Табиғатқа біз — баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз — әдепті баламыз.
Айналаға көз салып көрейік: бізді қоршап тұрғанның бәрі — табиғат. Табиғат тірі және өлі болып бөлінеді.
Тақырыпты түсіндіру: тірі және өлі табиғат
Тірі табиғат
Тірі табиғат өседі, қоректенеді, тыныс алады, көбейеді (тұқым шашады).
- Адамдар
- Жан-жануарлар
- Өсімдіктер
- Құстар
- Балықтар
- Жемістер мен көкөністер
Көрсету: слайд суреттері.
Өлі табиғат
Өлі табиғат қоректенбейді, өспейді, тұқым шашпайды. Дегенмен тіршілік атаулы онсыз өмір сүре алмайды.
- Су
- Тас
- Тау
- Күн
- Ай
- Құм
Қорытынды: тірі және өлі табиғат өзара тығыз байланысты.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс өлеңі
Кәне, тұрайық, бой жазып алайық.
Ормандағы аюдың құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық, қалтамызға салайық.
Жарайсыңдар! Қозғалып, бой сергіттік.
Ойын арқылы бекіту
1) «Гүлдерді жина» сұрақ-жауап ойыны
Балалар сұрақтарға жауап беру арқылы «гүлдерді жинайды».
-
Сұрақ:
Біз қай табиғатқа жатамыз?
Күтілетін жауап: тірі табиғат.
-
Сұрақ:
Сусыз тіршілік бола ма?
-
Сұрақ:
Тас өсіп, көбейе ме?
-
Сұрақ:
Сиыр мен бақа тірі табиғатқа жата ма?
-
Сұрақ:
Сен тағы қандай тірі табиғатты білесің?
2) «Жер, су, тас» қимылды ойыны
- «Жер» дегенде — орындарымыздан тұрамыз.
- «Су» дегенде — қолымызды алға созамыз.
- «Тас» дегенде — қимылсыз «қатып» қаламыз.
Ереже: қателесіп қозғалған бала тақпақ айтып береді.
Қорытынды және мадақтау
Оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқан балалар мадақталады. Бүгін біз табиғатты екіге бөліп қарастырдық және олардың бір-бірімен ажырамас байланысын түсіндік.
Күтілетін нәтиже
Білу
Қоршаған орта және табиғат туралы түсінік қалыптасты.
Игеру
Табиғаттың ерекшеліктерін есте сақтап, әңгімелеп айта алады.
Тәрбие
Табиғатты қорғау мен аялаудың маңызын түсінеді және оны сақтауға ұмтылады.