Мамандық - менің болашағымның таңдауы
Кіріспе
Психолог: Қайырлы күн, құрметті Қазақстанның жарқын болашақтары! Сәлеметсіздер ме! Көңіл күйлеріңіз қалай? Бүгінгі тренингтің тақырыбы — «Мамандық – менің болашағымның таңдауы».
Ел болашағы жастардың қолында екені жиі айтылады. Жақын уақытта әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне бетпе-бет келесіздер. Сондықтан бүгін осы маңызды тақырып төңірегінде ой бөлісіп, өз таңдауыңызға сенімді қадам жасауға көмектесетін жаттығулар орындаймыз.
«Мамандық» ұғымы
Мамандық — кәсіп түрлерінің бірі; адамнан белгілі бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметі. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандық бар.
Талқылау сұрағы: «Мамандық дегеніміз не?» Өз ой-пікіріңізді қысқаша айтып көріңіз.
Тренинг ережелері
- Бір-бірін тыңдау
- Уақытты үнемдеу
- Белсенділік таныту
- Достық қарым-қатынас
Жоспар
- 1Жақсы тілек
- 2«Мамандықты тап» ойыны
- 3Жағдаяттық сұрақтар
- 4«Менің болашақ мамандығым»
- 5«Ең-ең…» ойыны
- 6«Бұл кім?» кәсіби бағдар ойыны
- 7«Ақ тілек» жаттығуы
- 8«Бос микрофон»
1) «Жақсы тілек»
Жылы атмосфера құруЖақсы тілек айту — көңіл күйді көтеріп, өзара сенімді күшейтеді. Әр мектептен бір оқушы орнынан тұрып, қай мектептен келгенін айтып, жүрекжарды тілегін білдіреді.
Кейін қатысушыларға хатқалта таратылады: ішінде нөмірленген қағаздар болады. Кімге қандай нөмір түссе, сол нөмірге сәйкес орынға ауысып отырады.
2) «Мамандықты тап» (ойын)
Ым-ишара арқылыҚатысушыларға карточкалар таратылады. Карточкадағы мамандықты сөзсіз, тек ыммен көрсетеді. Қалғандары табуы керек.
3) Жағдаяттық сұрақтар
Уақыты: 5 минутЖоғары оқу орнына түскенде әртүрлі жағдайлар кездеседі. Төмендегі сұрақтар бойынша топ ішінде талқылап, өз шешіміңізді ұсыныңыз.
- 1. Өзің ұнатқан мамандықты таңдадың, бірақ ата-анаң қарсы. Не істейсің?
- 2. Ата-анаң саған мамандық таңдап берді, бірақ ол саған ұнамайды. Қарсы боласың ба? Қалай жеткізесің?
- 3. «Армансыз адам — қанатсыз құспен тең» сөзін қалай түсінесің? Арманыңның орындалуына кедергі туса, қандай шешім қабылдайсың?
- 4. Айжан мектепте жақсы оқып, заңгерлікті таңдады, бірақ грантқа түсе алмады. Ал құрбысы Алма орташа оқыса да, заңгерлікке түсті. Бұған не айтасың?
4) «Менің болашақ мамандығым»
Уақыты: 10 минутӘр топқа бір плакат беріледі. Тақырып: «Менің болашақ мамандығым». Плакатқа өзіңіз армандаған мамандыққа қалай жететініңізді, қай оқу орнында оқығыңыз келетінін, қандай мақсат қоятыныңызды жазып, суреттеп көрсетіңіз. Соңында топ жетекшісі жұмыстарын қорғайды.
5) «Ең-ең…» (ойын)
Уақыты: 3 минутТоп ішінде ақылдасып, берілген санаттар бойынша мамандықтардың тізімін құрыңыз. Әр топ мүшесі өз тізімін таныстырады.
Ең жасыл мамандықтар
Эколог, биолог, географ, бақташы, гүл өсіруші
Ең ақшалы мамандықтар
Банк қызметкері, экономист
Ең таза мамандықтар
Дәрігер, мұғалім, заңгер
Ең көңілді мамандықтар
Клоун, әзілкеш (сатирик)
Ең тәтті мамандықтар
Аспаз, кондитер
Ең жауапкершілікті мамандықтар
Бухгалтер, судья
6) «Бұл кім?» (кәсіби бағдар ойыны)
Жедел таңдауЖүргізуші әртүрлі мамандықтарды атайды. Сіздер бірнеше секунд ішінде топтастарыңызға қарап, аталған мамандық кімге көбірек үйлесетінін іштей таңдайсыздар. Содан кейін таңдауыңызды дәлелдеп, неліктен ол адамның сол мамандыққа сәйкес келетінін түсіндіресіздер.
7) «Ақ тілек» (жаттығу)
Мейірімділік алаңыӘр топқа түрлі түсті қағаздардан қиылған күннің шуағы, гүлдер сияқты пішіндер таратылады. Сол қиындыларды ватман бетіне орналастырып, «мейірімділік алаңын» құрастырыңыздар. Соңында топ жетекшілері жұмысты түсіндіріп, қорғайды.
Мақсаты
Ата-анаңызға, ұстазыңызға, сыныптастарыңызға деген жақсы тілектеріңіз бен жылы лебіздеріңізді білдіру.
8) «Бос микрофон»
Кері байланысӘр топ бүгінгі тренингтен алған әсерін, ой түйінін және жылы лебізін еркін түрде бөліседі.
Қорытынды
Әбу Насыр әл-Фараби: «Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді… Жұмысты неғұрлым жетік әрі жақсы атқарса, солғұрлым білгір және шебер болады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру — біздің мақсатымыз», — деген.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет!
ҰБТ-ны сәтті тапсырып, жолдарыңыз әрқашан ашық болсын!