Сабақтардың тақырыптары

Сабақ тақырыптары

Төмендегі шығармалар бойынша сабақтар ұйымдастырылады:

  1. 1
    Ахмет Байтұрсынов: «Аққу, Шортан һәм Шаян» (Крыловтан)
  2. 2
    Жолтай Әлмашев: «Қауын мен Қарбыз»
  3. 3
    Қайнекей Жармағамбетов: «Ормандағы оқиға»
  4. 4
    Ертегі: «Сатқын жапалақ»

Сабақ жоспарының үлгісі

Жалпы мақсаты

Оқушылар мысал жанры арқылы ынтымақ пен бірлік туралы мәлімет алады, шығарманың идеясын сыни ойлау тұрғысынан қорытындылайды.

Міндеттері

  • Мәтін мазмұнын түсіну және идеясын ашуға мүмкіндік беру.
  • Мұғалімнің оқыту үдерісін бағыттап, қолдап отыруы.

Тапсырмалар құрылымы

1) Топқа бөліну

Сыныпты 1–4 деп нөмірлеп, топтарға бөлу.

2) Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқу, талдау, негізгі ойды анықтау.

3) Шығармашылық жұмыс

Ой қорыту, пікір айту, тапсырманы түрлендіру.

4) Әр топқа жеке тапсырмалар

Рөлдер бөлу, дәлел келтіру, сұрақтарға жауап беру.

5) Бағалау және рефлексия

Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, кері байланыс.

Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

«Мен саған ризамын, себебі…» тренингі арқылы оқушылар бір-біріне жылы лебіз білдіріп, сабаққа жағымды көңіл күймен кіріседі.

Топқа бөлу

Сынып оқушылары 1, 2, 3, 4 нөмірлері арқылы топтарға бөлінеді.

Оқушының іс-әрекеті

  • Сабаққа жинақталады.
  • Бір-біріне ризашылық білдіреді.

Мұғалімнің әрекеті

Сабаққа кіріспе жасап, топтық жұмыстың ережелерін еске салады және жұмыс қарқынын реттейді.

Үй тапсырмасын талқылау

Эссе тақырыбы

«Опасызда Отан жоқ»

Оқушылар өздері дайындап келген эсселерін оқып, пікір алмасады.

Бағалау: «Басбармақ» әдісі

Түсіну деңгейін және өзара бағалауды жылдам анықтауға арналған тәсіл.

Басбармақ жоғары

Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең

Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен

Мен түсінбедім.

Қызығушылықты ояту: жұмбақтар

Оқушылардың назарын жаңа тақырыпқа бағыттау үшін жұмбақтар шешіледі.

Жұмбақ 1

Су бетін сызып,

Жұмбақ 2

Аққулар жүзіп,

Шабақтарды асады.

Жұмбақ 3

Мойны жуан, жұқалтаң қабақты,

Тірсегі ұзын, қоян тобықты.

Іс тікпейді, бірақ тастамайтын бізін,

Білесің бе, мақұлықты?

Мағынаны таныту

Ахмет Байтұрсынов (1873–1938)

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі, қазақтың ұлы ағартушысы, ақын, аудармашы, әдебиет жинаушы және зерттеуші. Оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.

Иван Андреевич Крылов (1769–1844)

Орыс жазушысы, драматург, көрнекті мысалшы ақын. Мысал жанры арқылы орыс әдебиетін жаңа деңгейге көтеріп, есімі әлемге танылды.

Оқулықпен жұмыс және «түртіп алу» әдісі

Мәтінді оқу барысында оқушылар түсініксіз сөздер мен негізгі ойды белгілеп, кейін талқылайды.

Сөз

Һәм

және

Сөз

Ғибрат

үлгі, өнеге

Сөз

Машақат

бос әурешілік

Сөз

Дүркін-дүркін

қайта-қайта