Менің анамМенің анамның есімі Тілектес
Ана — дүниедегі ең асыл жан
Менің анамның есімі Тілектес. Ол өте мейірімді, ақылды, сыпайы, жақсы адам. Мен анамды өте қатты жақсы көремін.
Анам әрдайым сабағымды орындауыма көмектеседі, түсінбегенімді түсіндіреді, білмегенімді үйретеді. Ана деген — дүниедегі ең асыл адам емес пе? Мен анамнан көп нәрсе үйренемін.
Маңызды ой
«Шешеге қарап қыз өсер» — деп бекер айтпаған. Сондықтан біз анамызды әрдайым сыйлап, қадірлеуіміз керек.
Ананың мейірімі мен қамқорлығы
Анамыз бізді мәпелеп өсіреді, аялайды. Мектепке кетсек, уайымдап, сағына күтіп отырады. «Тезірек келсе екен» деп, бауырына басқысы келеді. Бар дәмдіні алдымызға тосады.
Біз қуансаң, анамыз да қуанады; ал мұңайсақ — жұбатады. Егер біз бір қауіпке ұрынсақ, анамыздың шашы да біртіндеп ағара бастайды. Сол үшін анамызды тыңдап, айтқанын екі етпей жүргеніміз дұрыс.
Мен де анамды өте жақсы көремін. Анам мені еркелетіп, шашымнан иіскеп отырады. Ол бізді қатарымыздан кем болмауға тырыстырып, қолынан келгеннің бәрін жасайды.
Ана үмітін ақтау — баланың парызы
Біз анамыздың үмітін ақтап, өте жақсы оқып, үздіктердің қатарынан көрінуіміз керек. Дегенмен, қанша тырыссақ та, ана алдындағы қарыздың өтеуі оңай емес.
«Анаңды Меккеге үш мәрте арқалап апарсаң да, қарызынан құтыла алмайсың».
Бұл сөз ананың еңбегін ештеңемен өлшеуге болмайтынын еске салады.
Мен өскенде анамды міндетті түрде Меккеге апаруға тырысамын. Қазірден бастап сабағымды жақсы оқып жүрмін. Кейін ана алдындағы парызымды өтеуге бар күшімді саламын. Менің ойымша, оның ең бірінші жолы — сабақты жақсы оқу. Бұл — дұрыс шешім.
Менің анам — бұл дүниедегі ең асыл ана.