Тұлпар Топтың ұраны
Толағай көңілді мәре сайысы
Бұл сайыс бастауыш сынып оқушыларына арналған эстафеталық ойын түрінде өтеді. Бағдарлама шапшаңдықты, күштілікті, дәлдікті дамытып, денсаулықты нығайтуға және салауатты өмір салтына баулуға бағытталған.
Мақсаты
- Оқушыларды шапшаңдыққа, күштілікке, дәлдікке баулу.
- Денсаулықтың шымыр әрі мықты болуына ықпал ету.
- Салауатты өмір салтына, әсемдікке тәрбиелеу.
- Спортқа қызығушылықты арттыру.
Міндеттері
- Әртүрлі спорттық ойын түрлерімен таныстыру, тәсілдерін меңгерту.
- Икемділік пен ептілікті дамыту.
- Мергендік пен шапшаңдық қабілеттерін жетілдіру.
Форматы
- Түрі
- Эстафеталық ойын
- Өтетін орны
- Спорт залы
- Бағалау
- 5 балдық жүйе
Көрнекіліктер
Қажетті құрал-жабдықтар алдын ала дайындалады:
Ойын барысында ескерілетін мәселелер
- Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.
- Барлық оқушының қатысуын қамтамасыз ету.
- Үш команданың ұпайын есептеп, жеңімпазды анықтау.
- Әр ойыннан кейін қорытынды жасап, нәтижені жариялау.
- Жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау.
Барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті көрермендер, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және барша спортсүйер қауым! Бауман негізгі мектебінің бастауыш сынып оқушылары арасындағы «Толағай көңілді мәре» сайысына қош келдіңіздер!
Шынықсаң — шымыр боларсың,
Сауығып айдай толарсың.
Спортты серік ете біл —
Жақсы азамат боларсың.
Жеңімпаз болу оңай ма — арман болған талайға.
Болмасаң да, ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да!
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Ешқашан мойымайтын болашақ спортшылар келді ортаға.
Қол соғып қарсы алайық!
II. Негізгі бөлім
Жарысқа қатысушы бастауыш сынып оқушыларын ду қол шапалақтап ортаға шақырамыз!
1-топ: Барыс
КомандаҰраны: «Барыстай айбатты боламыз, елді қорғап тұрамыз!»
2-топ: Тұлпар
КомандаҰраны: «Бәріміз — біріміз үшін, біріміз — бәріміз үшін!»
3-топ: Сұңқар
КомандаҰраны: «Парасатты, айбынды, боламыз біз сегіз қырлы, бір сырлы!»
Кезеңдер мен ойын түрлері
Бүгінгі сайыс бірнеше кезеңнен тұрады. Әр тапсырмада ұйымшылдық, дәлдік және жылдамдық бағаланады.
I кезең
-
1) Таныстыру
Шарты: команда өзін таныстырып, ұранын айтады.
-
2) Эстафета
Шарты: эстафета таяғымен жүгіру.
-
3) Секіртпемен секіру
Шарты: секіртпемен секіріп, тапсырманы орындау.
II кезең
-
4) Мерген
Шарты: допты жерге ұрып жүгіріп, қалқандағы себетке салу.
-
5) Қапшықпен секіру
Шарты: қапшықты киіп, екі аяқпен мәреге дейін секіріп бару.
-
6) «Паровоз»
Шарты: бір оқушы «локомотив» болып, қалғандарын «вагон» ретінде тіркеп жинайды.
III кезең
-
7) «Тарақандар жарысы»
Шарты: қолды артқа тіреп, аяқтарды алға қойып жылжу.
-
8) Арқан тартыс
Шарты: команда болып арқан тартысу.
Әділқазылар және қорытынды
Сайысты бастамас бұрын, сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырамыз. Әр ойыннан кейін ұпайлар есептеліп, аралық қорытынды жарияланады. Соңында жалпы нәтиже бойынша жеңімпаз команда анықталып, қатысушылар марапатталады.
Ендеше сайысымызды бастаймыз!