Бөлінгіштік белгісі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Натурал сандардың 2-ге, 5-ке және 10-ға бөлінгіштік белгілерімен таныстыру.

Дамытушылық

Бөлінгіштік белгілерін қолданып есеп шығару; теориялық білімді практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру; ой-өріс пен пәнге қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік

Шапшаңдыққа, өзара көмекке, ауызбіршілік пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Бүгін сабақ сайыс түрінде өтеді. Ол үшін сынып 3 топқа бөлінеді.

Топтарға бөлу тәртібі

Әр оқушы жұлдызша таңдап, түстеріне сәйкес топқа бөлінеді.

  • 1-топ: Зерделілер

  • 2-топ: Ойшылдар

  • 3-топ: Тапқырлар

Әр топтан топ басшысы сайланады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тексеру әдісі: «Допты лақтыру» (сұрақ-жауап).

1-топ сұрақтары

  1. Натурал a санының бөлгіші дегеніміз не?
  2. 12 санының бөлгіштерін атаңдар.
  3. Қосындының бөлінгіштігі туралы не білесіңдер?

2-топ сұрақтары

  1. Натурал a санының еселігі дегеніміз не?
  2. 7 санының еселіктерін атаңдар.
  3. Көбейтіндінің бөлінгіштігі туралы не білесіңдер?

3-топ сұрақтары

  1. Натурал санның бөлгіштер жұбының көбейтіндісі неге тең?
  2. Натурал санның ең үлкен бөлгіші неге тең?
  3. Айырманың бөлінгіштігі туралы не білесіңдер?

III. Жаңа сабақ

Оқушылар оқулық пен дәптерлерін ашып, күннің ретімен тақырыпты жазады. Бөлінгіштік белгісі — бір санның екінші санға бөлінетінін анықтайтын ереже.

Топтық кіріспе тапсырмалар

1-топ

10-нан 30-ға дейінгі сандар ішінен 2-ге еселік сандарды жазыңдар.

2-топ

10-нан 40-қа дейінгі сандар ішінен 5-ке еселік сандарды жазыңдар. Бұл сандардың соңғы цифрлары қандай?

3-топ

146, 160, 213, 230, 381, 450 сандарының қайсысы 10-ға бөлінеді, қайсысы бөлінбейді?

Негізгі ережелер

2-ге бөліну

Соңғы цифры 0, 2, 4, 6, 8 болса, сан 2-ге бөлінеді (жұп сан).

5-ке бөліну

Соңғы цифры 0 немесе 5 болса, сан 5-ке бөлінеді.

10-ға бөліну

Соңғы цифры 0 болса, сан 10-ға бөлінеді.

Жұп цифрлар: 0, 2, 4, 6, 8. Тақ цифрлар: 1, 3, 5, 7, 9.

IV. Жаңа білімді бекіту

Оқулықпен жұмыс: №605

54, 60, 71, 102, 107, 208, 379, 420, 620, 653, 1000, 5632, 10895, 13786 сандарының қайсысы жұп, қайсысы тақ? Тақ сандарды бір жолға, жұп сандарды екінші жолға жазыңдар.

Тақ сандар

71, 107, 379, 653, 10895

Жұп сандар

54, 60, 102, 208, 420, 620, 1000, 5632, 13786

Оқулықпен жұмыс: №606

144, 173, 184, 278, 391, 415, 520, 997, 990, 646, 825, 975 сандарынан 2-ге, 5-ке және 10-ға бөлінетіндерін топтарға бөліп жазыңдар.

1-топ: 2-ге бөлінетін

144, 184, 278, 520, 990, 646

2-топ: 5-ке бөлінетін

415, 520, 990, 825, 975

3-топ: 10-ға бөлінетін

520, 990

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

V. Математикалық диктант

1-топ

  1. Бір санның екінші санға бөлінгіштігін анықтайтын ереже: бөлінгіштік белгісі.
  2. Жұп цифрлар: 0, 2, 4, 6, 8.
  3. 916 + 328 қосындысы 2-ге бөліне ме, 5-ке бөліне ме? 2-ге бөлінеді.
  4. 7 × 16 көбейтіндісі 2-ге бөліне ме, 10-ға бөліне ме? 2-ге бөлінеді.
  5. 10-ға бөлінетін сандардың барлығы 2-ге және 5-ке бөліне ме? Иә.

2-топ

  1. Тақ цифрлар: 1, 3, 5, 7, 9.
  2. Жұп цифрлар: 0, 2, 4, 6, 8.
  3. 1000 + 628 қосындысы 2-ге бөліне ме, 5-ке бөліне ме? 2-ге бөлінеді.
  4. 88 × 10 көбейтіндісі 10-ға бөліне ме? Иә.
  5. 5-ке бөлінетін сандар қандай цифрмен аяқталады? 0 және 5.

3-топ

  1. 2-ге бөлінетін сандар: соңғы цифры жұп болатын сандар.
  2. Жұп цифрлар: 0, 2, 4, 6, 8.
  3. 710 + 312 қосындысы 2-ге бөліне ме, 5-ке бөліне ме? 2-ге бөлінеді.
  4. 21 × 6 көбейтіндісі 2-ге бөліне ме, 10-ға бөліне ме? 2-ге бөлінеді.
  5. 107, 93, 21 қандай сандарға жатады? Тақ.

Пікірталас сұрақтары

  • Биыл қандай атаулы мерекелер атап өтілуде?
  • Сол мерекелерде кездесетін цифрлар жұп па, тақ па?
  • Жұп және тақ сандарды өмірде тағы қай жерлерден кездестіреміз?

2, 5, 10 сандары қазақ танымында да ерекше мәні бар сандар ретінде жиі айтылады.

VI. «Сандар сөйлейді»

2 санына байланысты

  • Күні-түні дем алмайтын екеу

    Ай және Күн

  • Патшалық құрған екі мұсылман

    Сүлеймен және Ескендір Зұлқарнайын

  • Пейіште көрінбейтін

    Күндіз және Түн

  • Пейіште болмайтын

    Ауру-сырқау және Ұйқы

  • Жақсы дос пен жаман дос

    Мал-мүлік және Ұл-қыз

5 санына байланысты

Бес парыз (намаз)

Таң, бесін, екінді, ақшам, құптан

Бес қару

Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта

Бес борыш

Аллаға және пайғамбарға борыш; өзіне борыш; мемлекет пен халыққа борыш; отбасы мен жақындарға борыш; адамгершілік әлеміне борыш

Бес жаратылыс

Күн, Ай, жұлдыз, күндіз, түн

Бес өсиет

Топасқа сенбе; жауға иілме; әрқашан сақ жүр; аш үйге қонба; жарлыдан сый алма

Бес қатер

От, жау, борыш, ауру, сөз

10 санына байланысты

Тәуке ханның «Не жаман?» деген сұрағына Қазыбек би он түрлі жауап бергені туралы дерек айтылады:

  1. Бірлігі кеткен ел жаман.
  2. Егесіп өткен ер жаман.
  3. Елден қашқан ер жаман.
  4. Шілдірден шошыған ат жаман.
  5. Білікті адамнан өнегелі бала тумаған жаман.
  6. Аймағын билей алмаған адам жаман.
  7. Жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
  8. Серкесіз бастаған қой жаман.
  9. Төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.
  10. Алпыста бәйбішеден айырылған тіпті жаман.

VII. Шығармашылық тапсырма

Жазылуында 0, 5 және 6 цифрларын әрқайсысын бір рет қана пайдаланып, үш таңбалы сандар құрастырыңдар:

1-топ

2-ге бөлінетін үш таңбалы сандарды жазыңдар.

2-топ

5-ке бөлінетін үш таңбалы сандарды жазыңдар.

3-топ

10-ға бөлінетін үш таңбалы сандарды жазыңдар.

VIII. Үйге тапсырма

№615

0, 3, 4 және 5 цифрларын әрқайсысын бір рет қана пайдаланып, екі таңбалы сандарды жазыңдар.

№617

Жұлдызшалардың орнына тиісті екі таңбалы санның ең үлкенін қойып, бөліндіні табыңдар: (90 + 430) ÷ 5 = 104

IX. Бағалау және рефлексия

Бағалау: топ басшысы топ мүшелерін бағалайды, нәтижесі топ бойынша қорытындыланады.

Бағалау парағы (үлгі)

Топ Үй тапсырмасы Жаңа сабақ Есеп шығару Математикалық диктант Шығармашылық тапсырма Қорытынды баға
I топ
II топ
III топ

Рефлексия

  • Бүгін қандай бөлінгіштік белгілерін үйрендік?
  • Қай тапсырма ең қиын болды, неге?
  • Келесі сабаққа нені жақсартуға болады?