Геометриялық пішінді ата
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Сандарды санау және геометриялық пішіндерден бейне құрастыру бойынша алған білімдерін бекіту, логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық
Балалардың ой-өрісін дамыту, ойын арқылы ойлау және салыстыру қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік
Құрастыру арқылы қиялын шыңдау, есептер шығару арқылы есте сақтауды дамыту, ойды жинақтауға және ұқыптылыққа баулу.
Әдіс-тәсілдер
- Санау
- Құрастыру
- Сұрақ-жауап
- Жұмбақ
- Сергіту сәті
- Ойын
Көрнекіліктер
Оқу іс-әрекетінің барысы
Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңбері»
Балалардың көңіл күйін көтеріп, сабаққа назарын шоғырландыру.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сұрақ
Неше жыл мезгілі бар?
Сұрақ
Қазір жылдың қай мезгілі? Айларын ата.
Жарайсыңдар, балалар! Енді сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.
Тапсырмалар
1-тапсырма
ПішіндерГеометриялық пішіндерді ата.
Пішіндерді қолданып, түрлі бейнелерді құрастыр.
2-тапсырма
СандарКөрші санды тап.
Сандардың алдында және артында тұрған санды анықта.
Сергіту сәті
1 дегенде тұрайық,
2, 3, 4, 5 — алақанды соғайық.
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Біз шынығып алайық.
Математикалық жұмбақтар мен есептер
Оқушылардың ойлауын, санау дағдысын және түсінуін дамытуға арналған қысқа есептер.
Есеп 1
Ұлпа жүнін қыздырып, күн шуақта бір күшік отыр еді. Қасына тағы бір күшік келді. Сонда барлығы неше күшік болды?
Есеп 2
Ағашқа төрт торғай қонды. Оған тағы бір торғай келіп қосылды. Сонда барлығы неше торғай болды?
Есеп 3
Алтыдан бірді алайық. Қанша қалды? Қарайық та санайық, санайық та табайық.
Есеп 4
Табақта үш алма бар. Қолымда екі алма бар. Барлығын қосқанда неше алма болады?
Ойындар
«Не артық?»
ЗейінМақсаты: сурет ішіндегі артық затты табу.
«Не өзгерді?»
Есте сақтауМақсаты: заттардың санын санау арқылы жоқ болған немесе орын ауыстырған затты табу.
Логикалық сұрақтар
-
Үшбұрыштың неше бұрышы бар?
-
Дөңгелекте бұрыш бола ма?
-
Түлкінің құлағы қысқа, ал қоянның құлағы — ...
-
Күшік жүгіреді, ал қарлығаш — ...
-
Тасбақа жүреді, ал балық — ...
Күтілетін нәтиже
Білу
Балалар реттік сандарды ауызша санап, салыстыра алады; пішіндерді ажыратады; логикалық сұрақтарға жауап береді.
Игеру
«Неше?» деген сұраққа толық жауап беруді және сандарды ретімен қоюды үйренеді.
Меңгеру
Өз бетінше іс-әрекет жасап, қарапайым математикалық есептерді шығара алады.