Рамазан айт

Кіріспе сөз

Құрметті ата-аналар мен ұстаздар! Бүгін Құран–Шариғат бағыты бойынша өтетін «Дін — тәрбие бастауы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Ислам діні туралы

Мұсылман әлемі мен мәдениеті — өте көне әрі қызықты тарихи оқиғалардан құралған кең өріс. Ислам — әлемдік діндердің ішіндегі ең кең тараған қасиетті діндердің бірі. Ол Араб түбегінде VII ғасырда пайда болды.

Пайғамбар

Ислам дінінің негізін салған — Мұхаммед ибн Абдулла. Ол Меккеде 13 жыл, Мединеде 11 жыл араб халқын Исламға үндеді.

Таухид қағидасы

Діни ұғым бойынша Алла бар, Ол — бір. Алладан өзге табиғат құбылыстарына, мүсіндерге немесе рухтарға табынуға болмайды.

Иманның кілті

Діннің басты негізі әрі мұсылмандықтың кілті — «Лә иләһа илла Аллаһ, Мұхаммад расул Аллаһ», яғни «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед — Оның елшісі» деген сенім сөзі.

Рухани сабақтастық

Мың жылдан астам уақыт бойы ата-бабаларымыз Ислам дінін ұстанып, жоғары бағалап келеді. Рухани тазалықтың, ар-ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі — дін екенін әр адам білуі керек. Сондықтан имандылық пен адамгершілікті бір-бірінен ажыратпай қарастырған жөн.

Құран туралы қысқаша

Мұсылман қауымы шариғат қағидаларында, діни ғұрыптарда және күнделікті өмірде басшылыққа алатын қасиетті кітап — Құран. Ол мұсылман ұғымында тура жол көрсетуші кітап саналады.

  • Құранда 114 сүре бар.
  • Ең қысқа сүре — Кәусар (3 аят).
  • Ең ұзақ сүре — Бақара (286 аят).

Мұсылмандықтың бес парызы

Ислам адамды тән тазалығымен бірге ішкі жан дүниесін таза ұстауға да тәрбиелейді. Өзін мұсылман санайтын әрбір адам төмендегі бес парызды орындауға ұмтылады:

  1. 1. Аллаға иман келтіру, Мұхаммед пайғамбардың үмбеті екенін мойындау.

  2. 2. Дәрет алу және күніне бес уақыт намаз оқу.

  3. 3. Рамазан айында отыз күн ораза ұстау.

  4. 4. Қажылық жасау (Меккеге бару).

  5. 5. Зекет беру (пітір-садақа беру).

Әдеп пен құлшылық мәдениеті

Алла тарапынан білдірілген әмір, міндет және тыйымдардың жиынтығын дін деп атаймыз. Дін — үлкен ілім. Ислам қоғамға қызмет етіп, ізгі адамды адамгершілікке баулиды.

Қасиетті Құранды дәрет алып қолға ұстағанда «Бисмиллаһир-рахманир-рахим» деп бастау — құрметтің белгісі.

Мешіт — Алланың үйі, ғибадат орны. Мешітке оң аяқпен кіріп, сәлем беру; орын таласпау; дауысты көтермеу; әдепсіз сөйлемеу — мұсылман әдебінің көрінісі.

Хадистерден тағылым

Хадис — Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) даналық сөздері мен өсиеттерінің жиынтығы. Олар адамның мінезін түзеп, қоғамдағы қарым-қатынасты көркемдеуге үндейді.

Көркем мінез қағидалары

  • Ашуды тежей біл; туыстың қияңқы қылығын кешір.
  • Кек сақтама; қызғанышқа жол берме; мазақтама.
  • Аңдыспа; біреудің сенімін алдама; сыртынан жамандама.
  • Ұрлық жасама; заңсыз іске араласпа.
  • Қарызға өсім қоспа; әлсіздің осалдығын дабырлатпа.
  • Жануарларға қатігездік жасама.

Ақиқат пен адалдық

Пайғамбар шындықтың адамды жақсылыққа жеткізетінін, ал өтіріктің күнәға батыратынын ескертеді: «Ей, адамдар, өтіріктен аулақ болыңдар!» Адамның ең ұлы қасиеті — адалдық. Өмірді адалдық нұрландырып, жан тазалығына жеткізеді.

Қайырымдылықтың кең мағынасы

«Қайырымдылықты оң қолыңмен жаса, сол қолың білмей қалсын» деген өсиет қайыр-садақамен ғана шектелмейді. Жылы шырай таныту, адасқанға жөн көрсету, жолдағы кедергіні алып тастау, әлсізге жәрдем беру, сыпайы сөйлеу және сабырға шақыру — бәрі де сауапқа бастайтын іс.

Ата-анаға құрмет

Пайғамбар ата-ананы ерекше құрметтеген: «Жұмақ — ананың табанының астында». «Әкенің ризалығы — Алланың ризалығы, әкенің реніші — Алланың реніші» деген мәндегі өсиет ата-ана разылығын сақтау керектігін айқындайды. Ата-анаға сөз қайтармау, ренжітпеуден аулақ болу — үлкен тәрбие.

Білім, тазалық және сабыр

  • Білім іздеу — әрбір мұсылманға парыз; білім — ақылдың серігі әрі тіректің бірі.
  • Таза киініп жүру — жауапкершілік; сәнқойлық пен ысырапқа ұрынбаған дұрыс.
  • Қайырымды ең әуелі өзіңнен баста: отбасы, ағайын-туыс, содан кейін өзгелер.
  • Ашу қысса: тұрсаң — отыр, басылмаса — жат; ашу мен қызғаныш ізгілікті жояды.
  • Тіс пен саусақты күтіп ұстау — тазалықтың бір бөлігі; тазалық имандылыққа бастайды.
  • Қиын болса да ақиқатты таңда: соңы сәтті; өтіріктен аулақ бол: аяғы қасірет.

Көрініс

«Ата мен бала»

Мұсылман мейрамдары мен салт-жоралғылары

Рамазан айт

Ораза айы аяқталып, Шәууал айының 1-күні басталады. Үш күнге созылады. Мұсылмандар айт намазын оқып, амандық сұрасып, бір-бірін қонаққа шақырып, ізгі тілектер айтады.

Құрбан айт

Ораза айтынан 70 күннен кейін, Зұлхиджа айының 10-күні басталып, үш күн жалғасады. Айт намазы оқылып, құрбан шалынады.

Мәуліт

Мәуліт — Мұхаммед пайғамбардың туған күні. Бұл күні Құран оқылып, пайғамбарға салауат айтылады.

Қадір түні

Құран түскен, кешірім тілегі қабыл болатын, сауап еселенетін ең қасиетті түн. Рамазан айының 27-түні деп аталады. Бұл түн құлшылық пен мінәжатқа арналады.

Құрбандық шалу тәртібі

Құрбандық шалу — Жаратушыға жақындау үшін жасалатын құлшылықтың бірі. Құрбандыққа көбіне түйе, сиыр, қой немесе ешкі шалынады. Еттің бір бөлігі отбасына қалдырылып, қалғаны ағайын-туысқа, көрші-қолаңға және тұрмысы төмен жандарға үлестіріледі.

Имандылық туралы өлеңдер

Ш. Құдайбердіұлы — «Адамдық борышың» (үзінді)

Адамдық борышың — халқыңа еңбек қыл,

Ақ жолдан айнымай, ар сақта, оны біл.

Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.

Мақтанға салынба, мансаптың тағы үшін,

Нәпсіңе билетпе, басыңның бағы үшін.

Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,

Жоба тап, жол көрсет келешек қамы үшін.

Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің,

Барыңды, нәріңді, тірлікте бергейсің.

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,

Шын бақыт — осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің!

Ш. Құдайбердіұлы — «Кісіге адамшылық неге керек?» (үзінді)

Кісіге адамшылық неге керек?

Адамдық өзге айуаннан артық демек.

Ит талаған төбеттен қалай дейсің,

Аямай әл келгенді жұлып жемек?

Мейірімсіз қасқырда да күшті өмір бар,

Артылған жерің қайсы онан бөлек?

Үнемі сен жеріңді қайдан білдің,

Бұл дүние кезек берер істі дөңгелеп.

Ақиқат жолы (Ғ. Төлегенқызы)

Өміріме нұр құяр Құран шырақ,

Ойыма салмас ешбір тұман-сызық.

Айнымастан әрқашан сеніп өтем,

Төрт шындықтың барына күмәнсіз-ақ.

Ең бірінші сенемін — Жаратқанға,

Екіншіден сенемін — Хақ сөзіне,

Үшіншіден сенемін — Пайғамбарға,

Бас иемін Алланың жарлығына.

Қанатын қырандардың қайырмағай,

Сұмдық-қулық қоғамға жайылмағай.

Жаратқаным жар болып бәрімізге,

Ақиқаттың ақ жолынан айырмағай.

Көрініс

«Уәзір мен кедей»

Имандылық туралы мақал-мәтелдер

  1. 1. Ата жолы — адамдық, ана жолы — адалдық.
  2. 2. Кішілік пен кісілік — ұлылықтың белгісі.
  3. 3. Кешірім жасау — кеңдік, кешіре алмау — кемдік.
  4. 4. Алғыс алған алтынға жолығады, қарғыс алғанның аты жоғалады.
  5. 5. Алла деп бастаған іс алдымен бітеді.
  6. 6. Мал — бір жерде, иман — бір жерде.
  7. 7. Ұяты жоқтың иманы жоқ.
  8. 8. Қадірлесең, әр тін қадір.
  9. 9. Сенен — әрекет, Алладан — берекет.
  10. 10. Молда болғаннан адам болған қиын.
  11. 11. Сұрай-сұрай Қағбаға да жетерсің.
  12. 12. Хақтың жолы — бір, жалғанның жолы — мың.
  13. 13. Жалғыздың жары — Құдай.
  14. 14. Жаманмен жүздесу — жаһаннам.
  15. 15. Әкбар бермейді — Алла береді.
  16. 16. Семсер серті мен Құран серті — бір.

Қорытынды ой

Мың жылдан астам уақыт бойы ата-бабаларымыз ұстанып келген Ислам дінін құрметтеу — рухани жауапкершілік. «Отан — иманнан басталады» деген сөздің мәні де осында: өз Отанын сүйетін адал, иманды азамат болуға ұмтылайық.

Қорытынды бөлім

Хор: «Атамекен»