Қазақ халқы өте қонақжай халық

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пәні мен сыныбы

Математика, 4-сынып. Ашық сабақ.

Тақырыбы

Білімді тиянақтау.

Сабақтың әдістері

  • Әңгімелеу
  • Сұрақ-жауап
  • Іздендіру

Мақсаты

  • Жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау.
  • Халық педагогикасына сүйене отырып, оқушылардың білімін тексеру.
  • Ұлттық салт-дәстүр мен ойын түрлері арқылы ой-өрісті дамыту, пәнге қызығушылықты арттыру.
  • Ұлттық ойындарды қастерлеуге баулу, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Киіз үй макеті Ұлттық ойын суреттері Кестелер Геометриялық фигуралар Домбыра Ұлттық тағамдар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Түгелдеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.
  • Психологиялық дайындық: «Амансың ба, алтын күн! …»

2) Математикалық диктант

Тапсырма Жауабы
3-разрядтың 7 бірлігі, 2-разрядтың 5 бірлігі бар санды жаз. 750
2-кластың 80 бірлігі, 1-кластың 30 бірлігі бар санды жаз. 80 030
4 т неше кг? 4000 кг
500 кг неше ц? 5 ц
Ең үлкен үш таңбалы сан. 999
2 тәулік 8 сағат — неше сағат? 56 сағат

3) Жұмбақ және киіз үй туралы әңгіме

Бар екен бір айдаһар, білесің бе?
Жаны жоқ қимылдар денесінде.
Ішінде сүйектері бақша-бақша,
Жарқырар жалғыз көзі төбесінде.

Жауабы: Киіз үй

Оқушылар киіз үйдің құрылымы туралы қысқаша мәлімет береді. Осы тұста ұлттық мәдениет пен математика байланысы айқындалады.

Өзіндік жұмыс (тақтада)

  • 73 × 24
  • 64 × 35
  • 751410 ÷ 9
  • 78120 ÷ 2

Шаңырақ және ауызша есептеу

Сұрақ: Шаңырақ қандай геометриялық фигураға ұқсайды?
Жауап: Дөңгелек, шеңбер.

Ауызша өрнектердің мәнін тап

66 ÷ 22 × 20
12 × 4 ÷ 2
15 × 5 − 40
10 × 80 ÷ 4
40 × 4 − 60
450 ÷ 9 + 10

4) Жұмбақ: кереге және теңдеулер

Жайсаң — көлдей керілген,
Жисаң — жіптей өрілген.

Жауабы: Кереге

Сұрақ: Кереге неге ұқсайды?
Жауап: Қиылысқан түзулерге.

«Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап» — бұл Х.

Теңдеулерді шеш

  • X ÷ 9 = 101
  • 50 × 2 + X = 1500
  • 10 × X = 25 × 8

5) Уықтар және бірліктерді түрлендіру

Сұрақ: Шаңырақ пен керегенің арасында не орналасқан?
Жауап: Уықтар.

Нүктелердің орнына дұрыс сан қой

  • 6 мин 20 с = … с
  • 4 тәулік 5 сағ = … сағ
  • 25 дм = … см
  • 352 кг = … ц … кг
  • 6 км 50 м = … м

Есік, төртбұрыш және сызықтар

Сұрақ: Есік қандай фигураға ұқсайды?
Жауап: Төртбұрыш.

Тапсырмалар

  • а) Төртбұрыштың ұзындығы 4 см, ені одан 3 есе артық. Периметрі P мен ауданын S тап.
  • ә) Төртбұрыштың ұзындығы 4 см, периметрі 18 см. Енін және ауданын тап.

Сұрақ: Арқандар қандай сызықтарға ұқсайды?
Жауап: Түзу және қисық сызықтарға.

Ауызша тез есептеу

5600 ÷ 100 ÷ 7
3600 ÷ 6 ÷ 100
710 ÷ 10 × 2
720 ÷ 9 × 10
100 − 280 ÷ 7
8500 ÷ 100 × 2

6) Қонақжайлық тақырыбы және мәтінді есеп

Қазақ халқы — қонақжай халық. Әр үйде дастарқан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылады. Оқушылар еттен, сүттен, ұннан жасалатын тағам түрлерін атайды.

Есеп

Нан зауыты 420 ц-ден 10 вагон арпа ұнын және 500 ц-ден 8 вагон бидай ұнын қабылдады. Барлығы қанша ұн қабылданды? Арпа ұны бидай ұнынан қанша артық?

Шешуі

  1. 420 × 10 = 4200 (ц)
  2. 500 × 8 = 4000 (ц)
  3. 4200 + 4000 = 8200 (ц)
  4. 4200 − 4000 = 200 (ц)

Жауабы:

Барлығы 8200 ц ұн қабылданды. Арпа ұны бидай ұнынан 200 ц артық.

7) Домбыра: жұмбақ және есептеулер

Тоғыз белбеу,
Қос жібек,
Екі мұрын, бір шүмек.

Жауабы: Домбыра

Домбыра туралы қысқаша мәлімет беріледі. Одан кейін жазбаша есептеулер баған түрінде орындалады.

73 × 56
4088 ÷ 56
48 × 65
3120 ÷ 65
64 × 53
3392 ÷ 64

8) Ұлттық ойындар арқылы бекіту

Ұлттық ойындар

Оқушылар қазақ халқының ұлттық ойындарын атайды: бәйге, қыз қуу, көкпар, бес тас, асық, «Ақ сандық, көк сандық», аударыспақ, аңшылар және т.б.

Ойын: «Қыз қуу»

Тақтаға бір қыз бала және бір ұл бала шығады. Кім жылдам — төмендегі өрнектердің мәнін табады.

(8141 + 6143) ÷ 4
(7168 − 1248) ÷ 5
(181403 − 76403) ÷ 100
(72011 − 9999) × 3

Ойын: «Бәйге» (Кім шапшаң?)

Тақтада 3 оқушы жұмыс істейді. Жазбаша көбейту тапсырмалары:

13 × 35
12 × 29
34 × 22
76 × 24
56 × 48
47 × 34

Қорытынды

Рефлексия сұрақтары

  • Бүгін сабақта нені үйрендік?
  • Саған не ұнады?
  • Қандай әсер алдың?

Үй тапсырмасы

№ 9.

Бағалау

Оқушылардың жұмысы сабақ соңында қорытындыланып, бағаланады.