Төрт түліктің момыны

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы

Қатынас

Оқу іс-әрекеті

Тіл дамыту

Тақырыбы

Әжеме қонаққа барғанда

Мақсаты

  • Балаларды ауыл тұрмысымен таныстыру, үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.
  • Дидактикалық ойындар арқылы танымдық қабілеттерін, ойлауын және әлеуметтік құзыреттіліктерін дамыту.
  • Сөздік қорын молайту, тілдің белсенді қолданысын арттыру.
  • Есте сақтау, қабылдау, ойлау және кеңістікті бағдарлау дағдыларын дамыту.

Көрнекіліктер

Үй жануарларының суреттері, дидактикалық құрал «Сиқырлы қалам».

Билингвалды компонент

Үй жануарлары — домашние животные

Жалпы бағыты

Сұрақ-жауап, бақылау, өлең, ойын, сергіту, мақал-мәтел, жұмбақ.

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң, балалар!

Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Үлкенге де — сіз,

Кішіге де — сіз,

Бас иеміз біз.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең

Сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Бүгінгі ауа райы қандай?
  • Әжеміздің ауылына қонаққа барғыларың келе ме?

Балалардың ықтимал жауаптары (күз)

  • Күн суыта бастайды.
  • Жапырақтар сарғайып жерге түседі.
  • Жаңбыр жиі жауады.
  • Құстар жылы жаққа ұшады.

Сюжеттік кіріспе

«Бүгін ауа райы керемет! Ендеше, сендерді әжеміздің ауылына қонаққа апарайын. Қонаққа барғыларың келе ме? Олай болса, кеттік!»

(Музыка ойналады. Тәрбиеші балаларды жайлауға ертіп келеді. Жолда төрт түлікті көреді. Әжемен амандасады.)

Әжемен кездесу

Әже:

«Айналайындар, келдіңдер ме, құлындарым, ботақандарым, кішкентай аппақ қозыларым!»

Тәрбиеші:

«Иә, әже! Біз сізді сағынып қалдық. Бүгін жайлаудағы төрт түлікпен танысуға келдік.»

Төрт түлікпен танысу

Жылқы

«Ер қанаты»

Жылқы — сезімтал әрі талғампаз жануар.

Сұрақ

Жылқының төлін қалай атайды? Жылқыға мініп көрдіңдер ме?

Төлі: құлын Тәжірибе: мініп көрдік

Түйе

Шөлге төзімді

Түйе — төрт түліктің төресі. Жүні — киімге, өзі — таптырмас көлік.

Сұрақ

Түйенің сүті қалай аталады?

Шұбат

Қой

Момын мал

Қой — ұсақ мал. Еті, сүті, майы пайдалы. Жүнінен киіз басады, киім-кешек, алаша, кілем тоқиды.

Сұрақ

Қойдың төлі қалай аталады?

Қозы Қошақан

Сиыр

Сүт өнімдері

Сиыр — ірі қара. Еті мен сүті пайдалы. Сүтінен қаймақ, құрт, ірімшік жасайды.

Сұрақ

Сиырдың төлі қалай аталады?

Бұзау

Ешкі

Ширақ мінез

Ешкі — уақ мал. Мінезі ширақ, тастан тасқа секіріп тыным таппайды. Сүті мен түбіті пайдалы.

Сұрақ

Ешкінің төлі қалай аталады?

Лақ

Өлеңдер

Балалар әжеге төрт түлік туралы тақпақтарын айтады.

1) Рамазан

Мынау тұрған лақ,
Салпаңдаған құлақ.
Су ішетін жері —
Сылдыраған бұлақ.

2) Қарлығаш

Момақаным, маймағым,
Келмейді әлі ойнағың.
Қалтырайсың үйде де,
Қошақаным, қайда әлің?

3) Алнұр

Екі көзің мөлдіреп,
Кекіл шашың желбіреп.
Енең жүрген далаға
Көп қарайсың елжіреп.

4) Аяжан

Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам, көз тоймайды.

5) Шахмұрат

Құлыншағым — құндызым,
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.

6) Амира

Кіп-кішкене момақан
Қошақанды ұнатам.
«Сүйеді апам қозым» деп,
«Қошақаным — өзің» деп!

Дидактикалық ойын

«Дауысынан таны»

Тәрбиеші жануарлардың дыбысын салып немесе аудиожазба қосып, балалардан қай мал екенін табуды сұрайды.

Сергіту сәті

Шөре-шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым!
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.

Ән

«Ойыншықтар»

Балалар ән орындайды.

Мақал-мәтелдер

Нұрбек

Мал өсірсең — қой өсір, өнімі оның көл-көсір.

Бейбарыс

Мал төлімен жарасты, жер гүлімен жарасты.

Дания

Малды баға біл, бабын таба біл.

Ерқанат

Ер қанаты — ат, сөз қанаты — хат.

Абылайхан

Жылқы — малдың патшасы, түйе — малдың қасқасы.

Санамақ

Түйе төлі — ботақан,
Мөлдіреп көзі ойнаған.

Жылқы төлі — құлыншақ,
Тұяғы жерге ұрыншақ.

Қойдың төлі — қошақан,
Өріске қашқан қорадан.

Сиыр төлі — бұзау,
Сүйкімді әрі асау.

Ешкі төлі — лақ,
Тыныш тұрмайды ол бірақ.

Рефлексия және түзету

Тәрбиеші төрт түлікке байланысты жұмбақтар жасырады, балалар жауап береді.

Жұмбақтар

  1. Апан-апан, ескі шапан. Иір қобыз, жарық жұлдыз.
  2. Екі айнасы бар, екі найзасы бар, төрт жылтырмағы бар, бір шыбыртқысы бар.
  3. Кішкене ғана бойы бар, айналдыра киген тоны бар.
  4. Туа сала жүріп кеткен, енесін қуып жеткен.
  5. Басында екі таяғы бар, төрт аяғы бар. Адам деуге болмайды, бірақ сақалы бар.

Қорытынды сұрақтар

  • Айналаға қараңдаршы, не байқап тұрсыңдар?
  • Малдардың бізге қандай пайдасы бар? Олар бізге не береді?
  • Малды қалай күтуіміз керек?

Балалардың жауаптары

Малдар жайылып жүр. Сүт, ет, май береді. Терісінен, жүнінен киім жасалады. Күту керек, баптау керек.

Қоштасу

«Жарайсыңдар, балалар! Әжемізбен қоштасайық.»

(Музыка ойналады. Жолда табиғатты және төрт түлікті тамашалайды.)

Сау болыңыз! Түйе Сиыр Қой Жылқы Ешкі

Күтілетін нәтиже

Білуі керек

Үй жануарларының аттарын атап, немен қоректенетінін және адамға тигізетін пайдасын білу.

Әдеттенуі керек

Тапсырмаға сәйкес толық сөйлеммен нақты жауап беруге дағдылану.

Үйренуі керек

Өз ойын жүйелі жеткізуге машықтану.