Ертегілер орталығы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы

Қатынас

Оқу іс-әрекет түрі

Сауат ашу және жазу

Тақырыбы

«Қ» дыбысы және әрпі

Мақсаты

Таныстыру

Балаларды «Қ» дыбысы және әрпімен таныстыру.

Дамытушылық

«Қ» дыбысына сөз және сөйлем құрастыру арқылы есте сақтауын, тілін және ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Таза, ұқыпты жазуға баулу; ертегі, тақпақ, ойын арқылы сөздік қорын кеңейту.

Әдіс-тәсілдер

  • Әңгімелеу
  • Сұрақ-жауап
  • Көрнекілік
  • Сахналау
  • Тақпақ айтқызу

Сабақтың кезеңдері

1) Қызығушылығын ояту кезеңі

Психологиялық дайындық

Балалардың назарын шоғырландырып, оқу іс-әрекетіне жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Өткен сабақты пысықтау

  • Балалар, өткен оқу іс-әрекетімізде қандай дыбысты үйрендік?
  • «О» дыбысы туралы кім айтып береді?
  • «О» дыбысы бар сөздерді буынға бөліңдер.
  • «О» дыбысы бар сөздерді текшемен белгілеңдер. Кім оқып береді?

2) Ұйымдастырушылық-ізденіс кезеңі

Жұмбақтар

  1. Өзі қатты жасыл,
    Іші тәтті қызыл.

  2. Итке ұқсас пішіні,
    Жаратпайды кісіні.

  3. Жапан түзде жалғыз өзі жортады.

  4. Кішкене ғана бойы бар,
    Айналдырып киген тоны бар.

Жаңа дыбыспен танысу

Қарбыз, қасқыр, қоян, қозы сөздерінің басында қандай дыбыс естіліп тұр? Олай болса, бүгін «Қ» дыбысымен танысамыз.

«Қ» дыбысының ерекшелігі

«Қ» дыбысы кедергі арқылы айтылады, сондықтан ол дауыссыз дыбыс.

Белгілеу және жұмыс түрлері

  • «Қ» әрпін көрсету және таныстыру.
  • Қандай текшемен белгілейміз? Қандай бояумен бояймыз?
  • Қандай түсті киіз үйдің ішіне қоямыз?
  • Дыбысты бәріміз бірге және жеке-жеке айтып шығамыз.

Сергіту сәті

Қысқа сергіту жаттығуын орындау.

Топқа бөлу және орталықтармен жұмыс

Балаларды орталықтарға бөліп, тапсырмалар беру.

Таным орталығы

Дыбысты ажырату, мысал сөздермен жұмыс.

Тіл дамыту орталығы

Сөз және сөйлем құрастыру, айту дағдысын дамыту.

Ертегілер орталығы

Ертегі элементтері арқылы сөздік қорды толықтыру.

Ойын және шығармашылық орталығы

Ойын, көрініс, шығармашылық тапсырмалар.

3) Іс-әрекетті бағалау кезеңі

Қайталау сұрақтары

  • Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
  • «Қ» дыбысына қандай сөздер ойлап табуға болады?
  • «Қ» дыбысы қандай дыбыс?
  • Қандай текшемен белгілейміз?

Тапсырма

«Қ» дыбысына байланысты тыйым сөздері бар тақпақтарды айтып, шағын жарыс ұйымдастыру.

Қорытынды

Бүгін оқу іс-әрекетінде белсенді жұмыс істедіңдер, жауаптарың да жақсы болды. Марапат ретінде смайликтер беріледі.

Мәлімет

Өңір

БҚО, Жаңақала ауданы

Мекеме

№3 ЖОББҚМ

Оқу іс-әрекетін өткізген

МАД «а» тобы тәрбиешісі Сағынғалиева Нағиша Тұрарбекқызы