Отан туралы тақпақтар жаттатып, өлеңдер айтқызу
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші
Кужаева Нургуль Жумабаевна
Тобы
«Балдәурен» ортаңғы тобы
Білім беру саласы
Таным
Бөлімі
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы
«Менің Қазақстаным — менің болашағым!»
Бұл тақырып балалардың Отан туралы түсінігін тереңдетуге, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға және патриоттық сезімдерін нығайтуға бағытталған.
Мақсаты
-
Балаларды өз Отанын танып-білуге үйрету.
-
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін кеңейту.
-
Отанға деген сүйіспеншілігін дамыту, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар
- Отан туралы мақал-мәтелдер айту және мағынасын түсіндіру.
- Отан туралы тақпақтар жаттату, өлеңдер айтқызу.
Әдіс-тәсілдер
Ғажайып сәт
Жұмбақ жасыру
Әңгіме
Ойын
Сұрақ-жауап
Қажетті көрнекі құралдар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (Ту, Елтаңба, Гимн) және бейнебаян.