Сабақтың мақсаты: қазақ ертегілері, олардың ерекшелігі, сахналау арқылы театрланған іс әрекет арқылы балаға рухани адамгершілік тәрбие беру
Сабақтың мақсаты
Қазақ ертегілерімен таныстырып, олардың ерекшелігін түсіндіру; сахналау және театрланған іс-әрекет арқылы балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру.
Ертегінің мазмұнын аша отырып, жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер
Көрсету, түсіндіру.
Көрнекіліктер
Жануарлардың суреттері, бетперделері.
Билингвальді компонент
Жануарлар — животные.
Оқу іс-әрекет кезеңдері
1) Бағыттап ұйымдастыру
Шаттық шеңберіӨлең:
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман!
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Өлеңді мәнерлеп оқып, балаларды ортақ көңіл күйге бағыттайды.
Балалардың іс-әрекеті
Тәрбиешімен бірге өлеңді қайталайды.
2) Ұйымдастыру-іздену
Ертегіге кіріспе және кейіпкерлерКіріспе:
Ерте, ерте, ертеде,
Аңыз қылған, ән қылған,
Кел, ертегі тыңдайық,
Ата-бабаң қалдырған!
Түйе
Мен түйемін, таудаймын,
Керуен тартар қуатым.
Көп күн шөлге шыдаймын,
Дертке шипа — шұбатым.
Сиыр
Мен мүйізді сиырмын,
Бұзауымды іздеймін.
Сүт пен қаймақ беремін.
Барыс
Барыс қарда сырғанап,
Тау аралап жүреді.
Тасқа жатса, тоңбайды,
Қыстың жайын біледі!
Қоян
Аппақ қоян, ақ қоян,
Сондай қорқақ, сақ қоян.
Біздің үйге тығылсаң,
Сандығыма сап қоям!
Жылқы
Қымыз берген жылқымын,
Көк шалғында аунаймын.
Мінгізіп ап балаларды,
Желдей ұшып заулаймын!
Қой
Мен момақан қойыңмын,
Ешбір жанға тимеймін.
Жүн беремін киімге,
Өзім бірақ кимеймін.
Тауық
Күні бойы қыт-қыттап,
Көң тырнаған тауықпын.
Балақандар жесін деп,
Көп жұмыртқа тауыппын!
Ит
Қысы-жазы адамға
Серік болып жүреміз.
Күзетеміз қойларды,
Қасқыр келсе — үреміз!
Боямақпен жұмыс
Балаларға жануарлардың суреттерін бояуды ұсынамын.
Сергіту сәті
Кел, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Біз алуан жануар —
Мәңгілік дос болайық!
Қысқа сахналық көрініс
Түйе:
«Жылдың басы мен боламын!»
Тышқан:
«Ендеше, кім бірінші күнді көрсе, сол жыл басы болсын.»
«Қамажай» биі
Қимыл-қозғалыс арқылы әуенмен билейміз.
«Атап көрсет» ойыны
Жануарларды атап, қимылмен көрсетеміз және дауысын саламыз.
Дидактикалық ойын: «Суреттер сөйлейді»
Үй жануарларын атап, олардың суреттерін көрсетеміз.
Балалардың әрекеті
Жаттығу жасайды.
Балалардың әрекеті
Билейді.
Балалардың әрекеті
Ойын ойнайды.
Балалардың әрекеті
Ойын ойнайды.
3) Рефлексивті-түзетушілік
Қорытынды және кері байланысТәрбиешінің әрекеті
- Сабақтан алған әсерлерін сұрайды.
- Белсенді қатысқан балаларды мадақтайды.
Балалардың әрекеті
Өз ойларын айтып, әсерлерімен бөліседі.
Күтілетін нәтиже
Орындайды
Жыл басы жануарлары туралы тапсырмаларды орындайды.
Түсінеді
Ертегінің мазмұнын түсінеді.
Қолданады
Берілген тапсырмаларды орындау дағдыларын қолданады.