Жүректен жүрекке. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы
Отанымды сүйемін
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Көрнекіліктер
Буклет Түрлі түсті суреттер Интербелсенді тақта

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Отан, сүйіспеншілік және татулық туралы түсініктерді кеңейту.

Дамытушылық

Отанға деген сүйіспеншілікті, мақтаныш сезімін арттыру.

Тәрбиелік

Отанды сүюге баулу, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Жұмысқа кіріспе
  • Оқушылармен амандасу, кезекшімен қысқаша сұхбат жүргізу.
  • Құрал-жабдықтарды тексеру.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  • Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызу.

II. Тыныштық сәті

Музыка және ой

А. Еңсеповтің «Балалық шақ» күйі ойналады. Мұғалім Отан туралы қысқаша шығарма оқиды. Оқушылар көздерін жұмып, денелерін бос ұстап, мұқият тыңдайды.

  • Тыныштық сәтінен алған әсерлерін сұрау.
  • Интербелсенді тақтада сабақтың тақырыбы мен мақсаты көрсетіледі.
  • Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

III. Ойланайық, пікірлесейік

Сұрақ-жауап

Оқушылар карта мен сұрақтар арқылы өз білімдерін нақтылайды:

  • Біздің Отанымыз қалай аталады?

    Картадан көрсет.

  • Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

    Картадан көрсет.

  • Біз тұратын жер қалай аталады?

    Картадан көрсет.

  • Біз қай теңіздің жағасында орналасқанбыз?

    Картадан көрсет.

  • Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?

    Ауызша жауап.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Слайд

Мұғалім слайд арқылы жаңа тақырыптың негізгі ұғымдарын түсіндіреді: Отан, азамат, бірлік, татулық, мақтаныш.

V. Мәтінмен жұмыс

Оқулық

Оқулықтың 118-бетіндегі «Біздің Отанымыз – Қазақстан» мәтіні 4 топқа бөлініп оқылады.

Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың түсінігі нақтыланып, мұғалім қосымша мәліметтермен толықтырады.

VI. Жаңа ақпарат

Негізгі ой

Біз Қазақстан Республикасының азаматтарымыз.

Отанымызда түрлі ұлт өкілдері бір-бірімен дос, тату-тәтті өмір сүреді.

Біз Отанымызды сүйеміз және оны мақтан тұтамыз.

VII. Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс

«Көңілді күн» әнінің әуенімен оқушылар би қимылдарын орындайды.

VIII. Тапсырма: «Өзің тұратын жер несімен көрікті?»

Постер

Оқушылар 4 топ болып суреттерді пайдаланып постер құрастырады.

1-топ

Каспий теңізі, аққу, балық, шағала.

2-топ

Мұнай, газ, тас, Ақтау теңіз порты.

3-топ

Отпан тау, Бекет ата, Шерқала, Тамшалы.

4-топ

Үй жануарлары.

IX. Дәйексөз

Мақал

«Отан — оттан да ыстық»

Мұғалім дәйексөздің мағынасын түсіндіріп, оқушылардың өмірлік тәжірибесімен байланыстыра талқылайды.

X. Тапсырма: «Отанымызды мақтан етейік!»

Мақал-мәтел

Оқушыларға Отан туралы мақал-мәтелдерді құрастыру және мағынасын ашу тапсырылады:

  • Отан үшін отқа түс — күймейсің.

  • Отан отбасынан басталады.

  • Отан — қуат, отбасы — шуақ.

  • Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

  • Туған жердің түтіні де тәтті.

  • Туған жерің түсіңе кіреді.

  • Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

  • Туған жердің жуасы да тәтті.

XI. Суретпен жұмыс

Сюжет

Оқулықтың 121-бетіндегі суретке қарап, Отан туралы шағын әңгіме құрастырылады.

Әр топтан бір оқушы шығып, өз ойымен бөліседі.

XII. Қорытынды бөлім: «Жүректен жүрекке»

Рефлексия

Оқушылар Отанға арналған жылы тілектерін гүл қима қағаздарға жазып, «тілек ағашын» гүлдермен безендіреді.

Сабақ «Жаса, мәңгі Қазақстан!» әнімен аяқталады.