Темпераментті анықтау тесттің кілті

Әдістемелік материалдар
Тақырыбы: Темпераментті анықтау тесті
Мақсаты: Оқушылардың темперамент типін анықтау

Берілген пікірлердің ішінен өзіңізге тән дегенін белгілеңіз.
1. а) Мазасыз, күйгелексіз.
б) Көңілді, ақжарқынсыз.
в) Сабырлы, байсалдысыз.
г) Ұялшақ, қысылып - қымтырыласыз.
2. а) Ұстамсыз, қызбасыз.
б) Белсенді, істе ширақсыз.
в) Ретті, нақтысыз.
г) Жаңа ортада ыңғайсызданасыз.
3. а) Шыдамсыз.
б) Бастаған беті аяқсыз қалдырасыз.
в) Сақ, парасаттысыз.
г) Жаңа адамдармен тіл табысу сізді қиналдырады.
4. а) Қарым - қатынаста бірбеткей, тік мінездісіз.
б) Өзіңізді асыра бағалайсыз.
в) Шыдамсыз.
г) Өз күшіңе сенбейсіз.
5. а) Батыл, белсендісіз.
б) Жаңашыл нәрсені тез қабылдайсыз.
в) Үндемейтін, көп сөйлегенді жек көресіз.
г) Жалғыздықты ұнатасыз.
6. а) Бірбеткейсіз.
б) Ықылас бейімділігіңіз тұрақсыз.
в) Аспай - саспай бір қалыпты сөйлейсіз.
г) Сәтсіз жағдайларда ұнжырғаңыз түсіп, сасасыз.
7. а) Дау - дамайда тапқырсыз.
б) Сәтсіздік, көңілсіздікті тез жеңесіз.
в) Ұстамды, шыдамды.
г) Өз ойыңызбен отырғанды қалайсыз.
8. а) Тәуекелге бейімсіз.
б) Әр түрлі жағдайларға тез бейімделесіз.
в) Бастаған істі аяғына дейін бітіресіз.
г) Тез шаршап қаласыз.
9. а) Іске анда - санда ғана араласасыз.
б) Кез - келген жаңа іске қызығушылықпен кірісесіз.
в) Күшіңізді бекерге жұмсамайсыз.
г) Тым әлсіз сөйлейсіз, кейде тіпті естімей қалады.
10. а) Қайтымы жылдам, секемшілсіз.
б) Тартымсыз болса, көңіліңіз тез қалады.
в) Қойылған күн тәртібін ұстанасыз.
г) Еріксіз әңгімелесушінің мінез - құлқымен үйренесіз.
11. а) Шапшаң, әсерлі, бірақ жиі тоқтап сөйлейсіз.
б) Жаңа іске тез кірісесіз, басқа іске де араласып кетесіз.
в) Шапшаңдығыңызды басып отырасыз.
г) Істе шапшаңдық танытпайсыз.
Темпераментті анықтау тесттің кілті.
Әр нұсқаға 1 ұпай беріледі.
А) холерик — (ыстыққанды)
Б) сангвиник — (жеңілқанды)
В) флегматик — (суыққанды)
Г) меланхолик — (ауырқанды)
Қай нұсқаның балы көп болса, сол темперамент иесінің көрсеткіші.
Темперамент — жүйке саласының тума қасиеттерін туындайтын адамның жеке - дара өзгешелігі. Мәселен, қимыл - қозғалысы шапшаң, ұстамсыз, ылғи да күйіп пісуге дайын тұратын күйгелек адамдар болады. Мұндайлар істі бұрқыратып істейді, кейде қолын бір сілтеп сылқ түседі. Еті тірі, ойнақы, тынышсыз, шамданғыш, көңіл - күйі аумалы - төкпелі, жұртпен қарым - қатынаста тұрақсыз, пысық, бірақ бейқам келеді. Ғылымда бұлар холерик деп аталады.
Адамдардың енді бір тобы кісімен тез тіл табысады, өзін көңілді ұстайды, бұл ақкөңіл қызу істің адамдары. Қысылып - қымтырылмайды, кісіге қайырымды, еті тірі, бірақ істі бастап, кейін тастап кетеді. Мұндай адамдарды сангвиник темпераментінің өкілі дейді.
Енді біреулер сақ, байыпты, байсалды, ынтымақшыл келеді. Әр ісін ойлап істейді, тұрақты, бірқалыпты жүреді, орынсыз асып - саспайды. Бір істі бастаса, оны аяқсыз қалдырмайды. Мінезі ауыр, көрсеқызар емес, қимыл - қозғалыстары баяу. Бұл флегматик темпераментінің өкілі.
Меланхолик темпераментіне жататындар сәл нәрсеге ренжитін, өкпелегіш, тұйық, көп сөзі жоқ, пессимист, өте баяу қозғалатын жайбасар адам. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, өте ынжық кісі мен деп ешқашан ұмтылмайды, өте ұялшақ, тартыншақ, жұрттан аулақ жүргенді жаны сүйеді.



Ұқсас жұмыстар

Психологиялық тестілеу қорытындысы бойынша өзінің жеке және психологиялық ерекшеліктерін сипаттау
Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері
Психодиагностика ұғымы
Оқушыларға кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері
Педагогикалық-психологиялық диагностикалау
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру
Тест тапсырмаларын жасау және таңдау
Эмоциясы күшті темпераменттер
ТЕМПЕРАМЕНТ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР
Кәсіби бағдарлаудың қалыптасу тарихы
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Пайда, оның экономикалық мазмұны, түрлері және анықтау әдістері «Қостанай минералдары»
Негізгі қорлардың амортизациясын анықтау әдістері және олардың кәсіпорынның негізгі капиталын жаңартудағы ролі
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын анықтау үшін модельдік методикалық нұсқаулар
Сұраныс пен ұсыныстың нарықтың әр түрлі құрылымындағы тауар бағаларын анықтау факторы ретінде
Топырақ шіріндісі (гумус) және оны анықтау әдістері
Суда еріген оттегіні анықтау
Егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апаратын алтын сүрлеу
Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау
Білімнің кілті - мектепте