Қазақтың салт - дәстүрінен көрініс көрсету

Наурызым – асыл айым

Мұғалім сөзі: Наурыздың 22-сі – барша мұсылман халқының жаңа жылы. Наурыз – жыл басы. Парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» дегенді білдіреді.

Халық даналығы: «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы болар», – деген екен атам қазақ. Ендеше, мерекемізді бастамас бұрын үлкен кісілерден Наурыз батасын алайық.

Құрметті ата-аналар! Бүгін біздің топта «Шаңырақ» сайысы өтеді. Бұл сайысқа қыздарымыз аналарымен бірге қатысады. Сіздерді сайысымыздың көрермені болуға шақырамыз.

Сайыстың шарттары

  1. 1 Таныстыру
  2. 2 Өнер көрсету
  3. 3 Ою ою және түйме қадау
  4. 4 Қазақтың салт-дәстүрінен көрініс көрсету
  5. 5 Шеберқол өнері (қолөнер бұйымдарын таныстыру)

Мерекелік бағдарлама

Жүргізушілер ортаға шығады

Біз балдырған баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туған жердің төрінде,

Шырқап әнге саламыз.

Хор

Құттықтау сөз

Наурыз (1-жүргізуші): Құрметті ата-аналар, қонақтар! Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға аманшылық, мереке, бірлік, береке тілейміз.

Ортаға «Шаңырақ» сайысының қатысушыларын шақырамыз.

Таныстыру

2-жүргізуші: Ана – біздің күніміз, қыздар – біздің гүліміз. Қатысушылар өздерін таныстырады, тамашалап көріңіз.

Өнер көрсету

2-жүргізуші: Қазақ жұрты киелі, өнерліні сүйеді. Алдарыңызда сайыскерлер ән салып, би билейді.

Ою ою және түйме қадау

1-жүргізуші: «Ою ойғанның ойы ұшқыр».

«Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», – демекші, аналарымызды ою оюға, қыздарымызды түйме қадауға шақырамыз.

Бұл кезеңде «Наурыз – думан» әні орындалады.

Салт-дәстүр көрінісі

2-жүргізуші: Жаңғырғаны сананың – ұмытатыны бар ма? Ата салтын бабамның алып келген осы күн. Қатысушылар қазақтың салт-дәстүрінен көрініс көрсетеді.

Шеберқол өнері

1-жүргізуші: Шеберлерім өнер тамып қолынан, жаңылмаған ата-баба жолынан. Ендеше, сайыскерлеріміздің үйден өз қолдарымен жасаған бұйымдарын тамашалайық.

Қазылар алқасы және марапаттау

Қазыларға сөз

2-жүргізуші: Әділқазы әділ төрелігін айтқанша, «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар. Енді қазылар алқасына сөз береміз.

Берілетін номинациялар

  • Үлгілі анаКөркем қыз
  • Мейірімді анаПарасатты қыз
  • Өнерлі анаАқылды қыз