Бидай сабақтары - молшылықтың нышаны
Кураторлық сағат: «Мен — Қазақстанның бір бөлігімін»
Бұл кураторлық сағат 1 қыркүйек — Білім күніне арналған. Оқушылар жаңа оқу жылына қадам басып, өздерін Қазақстанның толыққанды азаматы ретінде сезінуге, мемлекеттік рәміздердің мәнін түсініп, құрметтеуге бағытталады.
Сабақтың мақсаты
- Отан, туған жер, туған ел ұғымдарын тереңдету; мемлекеттік рәміздердің ұлт мақтанышы екенін түсіндіру, оларды құрметтеу мен мақтан тұтуға баулу.
- Туға, Елтаңбаға, Әнұранға құрмет сезімін қалыптастыру; халықтың тегі мен тарихын танып-білуге тәрбиелеу.
- Ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту; оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Әңгімелеу
Көрнекіліктер
- Мемлекеттік рәміздер туралы презентация
- Буклеттер
- Интерактивті тақта
- Қанатты сөздер
Сабақтың барысы
А) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың тәрбие сабағына назарын аудару, сыныптағы жұмыс ырғағын қалыптастыру.
Ә) Психологиялық дайындық
Оқушыларды «Шаттық шеңберіне» шақырып, бір-бірімен амандасу, жағымды көңіл күй орнату.
Жаңа сабаққа кіріспе
Мұғалім сөзі: Бүгінгі Білім күніне арналған алғашқы кураторлық сағатымыздың тақырыбы — «Мен — Қазақстанның бір бөлігімін». Бүгін ерекше күн: 1 қыркүйек — Білім күні. Сендер мектеп табалдырығын қайта аттап, 4-сынып оқушылары атанып отырсыңдар.
Үш ай бойы жақсы демалып, күш-қуат жинап, алтын ұя мектептеріңе қайта оралдыңдар. Ендеше, ақ жол тілей отырып: «Қош келдіңіздер!»
Мемлекеттік рәміздер — ұлт мақтанышы
Мемлекеттік рәміздер — елдің тәуелсіздігін, бірлігін, рухын танытатын қасиетті белгілер. Оларды білу, құрметтеу және қадірлеу — әрбір азаматтың борышы.
Әнұран
Батырлықтың уызына жарыған,
Ер түріктің байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран.
«Әнұран» сөзі гректің gimn сөзінен шыққан, қазақша мағынасы — ұран, ұран салу. Ертеде елге қауіп төнгенде сарбаздарды жинауға ұран шақырылып, әнұран рух беріп, ерлікке жұмылдырған.
Ту
Бәрі болған қараң сынды көнеде,
Ел белгі де, ерлігі де, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді Ту болмады дегенге?
Ту бейбіт кезде ерекше құрметпен сақталып, көбіне жаугершілік уақытта шығарылған. Тудан айырылу — ар-намыстан айырылумен тең деп бағаланған.
Тарихта қиын кезеңдерде Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасыда бас қосқаннан кейін, Әбілқайыр хан үш жүздің басын біріктіріп, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан деген дерек айтылады.
Елтаңба
Бас білгізіп, жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға.
Қалай оның елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен-таңба.
Әр халықтың өз таңбасы болған. Қазақ халқы да елтаңбаны ерекше құрметтеп, оны ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп сақтаған.
Интерактивті тақтамен жұмыс: негізгі мәліметтер
Мемлекеттік рәміздердің бекітілуі
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бекітілді. Ел Президенті ұлттық Туға тағзым етті.
Тудың сипаттамасы
Тудың ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Сабына жақын тұсында ұлттық өрнекпен көмкерілген тік жолақ бар. Күн шұғыласы, қыран және өрнек алтын түстес.
Әнұран туралы
Әнұран — халықтың, ұлттың, мемлекеттің бірлігін танытатын, адамға күшті рухани әсер беретін нышан. Әнін — Шәмші Қалдаяқов, сөзін — Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденов жазған.
Елтаңбаның мазмұны
Елтаңбада көк аспан, күн сәулесі, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпарлар және бидай сабақтары бейнеленген.
Көк аспан — кеңшілік пен тыныштықтың, биіктіктің белгісі. Жарқыраған жұлдыз — Отанымыздың бағы жансын деген үміт.
Алтын шаңырақ — шаңырақ астындағы халықтардың бірлігін білдіреді, ортақ үйге құт-береке шақырады.
Қанатты тұлпар
Қанатты тұлпар бейнесі қазақ аңыз-ертегілеріндегі еркіндік пен ерліктің символы. Батырдың қанатты тұлпармен асқақ мұратқа ұмтылуы — биік арманның белгісі.
Бидай сабақтары
Бидай сабақтары — молшылықтың, берекенің нышаны. Елдің шаңырағы биік, аспаны ашық, ырысы мол болсын деген тілек жатыр.
Қорытынды
Егемен Қазақстан әлем елдерімен терезесі тең, өркениетті мемлекет ретінде дамып келеді. Көк Туымыз желбіреп, Әнұранымыз асқақ шырқалып, Елтаңбамыз айбынымызды айқындап тұр.
Осы қасиетті рәміздердің мәнін әр ұрпақ терең түсініп, құрмет көрсету рәсімдерін дұрыс орындауы — ортақ борышымыз.