Қазақ батырларының аттарын, хандарын атап шығу
Сабақ туралы мәлімет
- Өңірі
- Ақмола облысы, Бурабай ауданы
- Мектеп
- Ұрымқай орта мектебі
- Мұғалім
- Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Зүлфия Аманжолқызы
- Сабақтың тақырыбы
- Қазақтың хас батыры — Қарасай
Жалпы мақсат
- Қазақтың хас батыры Қарасай және оның ерлігі туралы түсінік қалыптастыру.
- Ой-өрісті, сөйлеу мәнерін, сөздік қорды және ойды жинақтап жеткізу қабілетін дамыту.
- Батырлыққа, елін қорғауға, салт-дәстүрді сақтауға тәрбиелеу.
Міндеттер
- Өздігінен жұмыс істеу арқылы өткенді қайталау және білімді тиянақтау.
- Ойлау, сөйлеу тілі, сөздік қор және мазмұнды толық әрі жинақы баяндау дағдыларын дамыту.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері
- 1 Оқуды бағыттап, оқу үдерісін жүйелі ұйымдастыру.
- 2 Оқушылардың өзін және сыныптастарын бағалау мүмкіндігін жасау.
Сабақта туындаған негізгі идеялар
1. Оқушының өмірлік тәжірибесіне және бұрынғы біліміне сүйену.
2. Тақырыпты тарихпен ұштастырып түсіндіру.
Тапсырмалар
Шығармашылық жұмыс: оқушылардың ой қорытындысын жазбаша түрде жинақтап, өз пікірін дәлелдеп жеткізу.
Сабақтың жүру барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы қалыптастырылады. Сын тұрғысынан ойлауға (СТО) бағытталған сұрақтар арқылы оқушылардың белсенділігі оянып, пікір алмасуға мүмкіндік беріледі.
Сабақтың маңызын айқындайтын сұрақтар:
- Оқушылар бұл сабақтан не алады?
- Бұрынғы білімін қалай қолданады?
- Өмірлік тәжірибесінің әсері қандай?
- Сабақ болашақта қандай пайда береді?
Үй тапсырмасын тексеру
- Өткен тақырыптың мазмұны сұралады.
- Қазақ батырлары мен хандарының аттары аталып, білім бекітіледі.
Қызығушылықты ояту
Ой қозғау үшін тақтаға суреттер ілінеді: оқушылар суреттердің не екенін, қандай тақырыпқа жетелейтінін анықтап, сабақ тақырыбына өздері келеді.
Тақырып бойынша бұрыннан білетін деректер айқындалады; жаңа ақпарат сол білімге сүйеніп құрастырылады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға бағытталған сұрақтар
Еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?
Өздігінен ізденуге қандай жағдай жасалады?
Қандай қарулар пайдаланылған?
Неліктен қолбасшылар жекпе-жекке батыр дайындаған?
Тарихи кинолар көрдің бе? Олардан қандай әсер алдың?
Жоңғарлар соғысты өздері бастап келді ме?
Қазақ халқы не себепті өзге мемлекеттің бодандығына келісім берген?
Мағынаны ажырату (жаңа ақпарат)
Оқушылар белсенді қатысады; сұрақ қою, талдау, баяндау және пікірталас дағдылары жүйелі стратегиялар арқылы дамытылады.
Мұғалім мен оқушы бірлесіп жұмыс істеп, тиімді қарым-қатынас дағдылары қолданылады.
Мағынаны тану: Қарасай батыр туралы
Жетелеуші сұрақтар
- «Қарасай» деген сөзді естігендерің бар ма?
- Неліктен кейбір өңірлерге «Қарасай» атауы берілген?
Қарасай — Есім хан тұсында жоңғарлармен болған шайқастарда көзге түскен батырлардың бірі. Ол кезде Қарасай небәрі 17 жаста болған. Алғашқы ұрыстардың бірінде ақ ойраттың екі тайшысы — Қарақал мен Тойлыны қолға түсіріп, хан алдына әкеледі. Осы арқылы қазақ жеріне көз тіккен дұшпанның мысын басып, елдің рухын көтереді. Есім хан батырдың ерлігіне риза болып, өз батасын берген.
Қарасайдың атақ-даңқы елге кең тарайды. Дөкір атты жоңғар батыры айламен Қарасайды қолға түсіруге тырысқанымен, Жақсығұл мерген көмектесіп, батыр аман қалады. Кейін Қарасай Дөкірді де, қалмақ батыры Олыхты да жеңгені айтылады.
Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді дауыстап, тізбектей оқу.
- Картадан Тобыл өзенін табу.
Негізгі ұғымдар
Толғаныс (рефлексия) және қорытынды
Толғаныс
Сабақта үйренгенді бекіту және қолдану жолдары ұсынылады.
Жаңа білімді пайдаланып, материалды жүйелеуге бағытталған тапсырмалар арқылы түсіну деңгейі тексеріледі.
Ой қорытынды
Дәптермен жұмыс
- Күн ретін және ауа райын жазу.
- Қарасай батырға 3–4 сөйлемнен тұратын мінездеме жазу.
Қорытынды сұрақтар
- Батыр қай ханның тұсында соғысқа қатысқан?
- Батырдың жойқын күші неден көрінеді?
- Ол қалмақтың қандай батырларын жеңген?
- Қарасай қанша жасында көзге түсе бастады?
- Бүгінгі күні Қарасай батырға көрсетілген құрмет туралы не білесің?
Бағалау
Өзін-өзі бағалау
Оқушы өз жұмысын критерийге сүйеніп бағалайды.
Мұғалімнің бағалауы
Жалпы нәтижеге қарай жиынтық баға қойылады.
Формативті бағалау
Қолдау көрсету, мақтау және мадақтау арқылы ынталандыру.
Сабақты аяқтау кезінде оқушылар ортақ пікірге келуге, өз ойын дәлелдеуге және үйде жалғастырып ізденуге бағытталады.
Үй тапсырмасы
Оқу
162–164-беттерді оқу, мазмұнын айту.
Зерттеу
Қарасай батыр туралы мақалалар жинақтау.