Төртінші сөйлемді тап
Сабақтың тақырыбы
Бұл сабақта «Х дыбысы мен әрпі» тақырыбы меңгеріледі. Оқушылар Х дыбысының ерекшелігін түсініп, оны сөз ішінде танып, дұрыс айту және жазу дағдыларын дамытады.
Мақсаты
- Х дыбысы мен әрпімен таныстыру, оның дауыссыз, қатаң екенін түсіндіру.
- Х дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, дұрыс жазуға және есте сақтауға үйрету.
- Х әрпінің бас және кіші түрін сауатты жаздыру.
- Шығармашылық қабілетті, қиялды, логикалық ойлауды дамыту.
- Ойын арқылы еңбектенуге, ұқыптылыққа, сыйластыққа, еңбекқорлыққа баулу.
Сабақтың түрі мен әдістері
- Түрі
- Жаңа білімді меңгеру.
- Әдісі
- Сұрақ-жауап, түсіндіру.
- Пән байланысы
- Математика.
Көрнекіліктер
- Дидактикалық материалдар
- Суреттер
- Кеспе әріптер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен жұмыс тәртібі қысқаша таныстырылады. Оқушылардың зейіні сабаққа бағытталады.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар
- Біз қандай дыбыспен таныстық?
- «Ю» қандай дыбыс? Неліктен?
- «Ю» деп айтқанда неше дыбыс естіледі? Ал жазғанда неше әріп болады?
- «Ю» сөздің қай жерінде келеді? Мысал келтір.
Қайталау тапсырмалары
- «Асыл мұра» әңгімесін оқыту.
- Тақпақты жатқа сұрау.
- Суреттерін бағалап, ілу.
III. Негізгі бөлім
Жұмбақ:
Қарада жоқ — ханда бар,
Қағазда жоқ — хатта бар.
Кәне, ойланып көрейік,
Бұл әріпті кім табар?
Жауабы: Х әрпі.
Талдау сұрақтары
- «Халық», «хат», «хан» сөздері қандай дыбыстан басталады?
- Х дыбысы сөздің қай орындарында кездеседі?
Сәлем хат (оқылым)
«Хабар» телеарнасынан келген сәлем хат:
Сәлеметсіңдер ме, менің кішкентай достарым! Хал-жағдайларың жақсы ма? Алда келе жатқан 16 желтоқсан — Тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын! Сабақтарыңды тек 4 пен 5-ке оқыңдар.
Сәлеммен, Райхан. Хош сау болыңдар.
Әңгімелеу және қорытынды
- Тәуелсіздігімізге неше жыл толады?
- Хатты оқығанда қандай Х дыбысы бар сөздер естілді?
Мысалдар: хал-жағдай, хат, хош, Райхан, хабар.
Дыбыстың айтылуы
«Х» дыбысы созылмай, қысқа айтылады. Айтқанда тамаққа күш түседі. Ауа өкпеден кедергі арқылы шығады, сондықтан Х — дауыссыз, қатаң.
Әріп түрлері
Мұғалім баспа және жазба әріп үлгілерін көрсетеді. Оқушылар Х әрпінің бас және кіші түрін ажыратады.
Сөздермен жұмыс
Оқушылар Х дыбысы бар сөздерді атайды. Қорытынды: Х дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында келе алады.
Дыбыстық талдау үлгісі: «Хоккей»
Хоккей — қысқы спорт ойыны.
- Х — дауыссыз, қатаң
- О — дауысты, жуан
- К — дауыссыз, қатаң
- К — дауыссыз, қатаң
- Е — дауысты, жіңішке
- Й — дауыссыз, үнді
- 6 дыбыс, 6 әріп
- 2 буын: хок-кей
- Кітаптағы сөздерді оқып, мағынасын түсіндіру, буынға бөлу.
- «Х» сөздің қай жерінде тұрғанын анықтау.
Оқылымды ойынмен бекіту: «Хоккей»
Қажетті құралдар
- Қақпа
- Шайба
- Доптаяқ
- Коньки
- Мұз айдыны
Оқушылар «Барыс» және «Ұлар» болып екі топқа бөлінеді. Әр топ қақпашы мен шабуылшыларын сайлайды.
Мәтін бойынша тапсырмалар
- Мәтінді түсініп оқу, тізбектей оқыту.
- Мәтінде неше сөйлем бар? (6)
- Мәтіндегі Х дыбысы бар сөздерді санау. (9)
- Хасан кім болды? Хамит кім болды?
- Қай топ жеңіске жетті?
- Төртінші сөйлемді табу: ол неше сөзден тұрады?
- Соңғы сөйлемде неше сөз бар?
Дұрыс жауап берген оқушылардың тобына ұпай беріліп, жеңімпаз топ анықталады.
Жазылым: Х әрпін жазу
- Х әрпін тақтаға жазу.
- Ауада жазып көрсету.
- Дәптерге көркем етіп жазу.
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық,
Көркем етіп жазайық.
Сергіту сәті
«Ха», «Хо», «Хи», «Хе» буындарын айта отырып, көңіл күйді көтеретін шағын жаттығу орындалады.
Тақтамен жұмыс
- «Халық», «хан», «халат» сөздерін жазу.
- Буынға бөлу.
- Сөйлем құрау.
Әріптерден сөз құрау
Сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру, дұрыс жазылуын бекіту.
Қосымша тапсырмалар
Берілген бастауға сәйкес сөздерді жалғастырып жазу (мағынасын түсіндірумен бірге орындалады):
Сонымен қатар, Х дыбысы бар адам аттарын атау тапсырмасы беріледі.
IV. Қорытынды
Оқушылардың жұмысы бағаланады. Сабақ соңында Х дыбысы мен әрпі қайталанып, негізгі ұғымдар пысықталады: дыбыстың қатаң, дауыссыз екені; сөз ішіндегі орны; бас және кіші әріпті жазу дағдысы.
V. Үй тапсырмасы
- Ата-анадан «харам» және «халал» сөздерінің мағынасын сұрап келу.
- Жақсы көрген адамыңа хат жазып келу.
- Мәтінді оқу.