Мұғалім: біз тұрғанда Шәмші өлмейді, басқа Шәмші еш келмейді дейміз, себебі, оның әндері және вальсі еш уақытта ескірмейді
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №194 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Аяпова Динара.
«Біз тұрғанда Шәмші өлмейді, басқа Шәмші еш келмейді»
Мақсаты
Оқушыларды Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен өнерімен таныстыру; Шәмші сияқты өмірге бір-ақ рет келетін ұлы тұлғаны және оның мұрасын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Тақырыптық жазба
- «Вальс королі — Шәмші Қалдаяқов (15.08.1931 – 29.02.1992)»
- Қазақстанның Халық әртісі (29.02.1992)
- Ұлы тұлғалардың қанатты сөздері
Негізгі ой
«Біз тұрғанда Шәмші өлмейді, басқа Шәмші еш келмейді» деуіміздің себебі — оның әндері мен вальстері ешқашан ескірмейді. Егемендіктің арқасында қазақтың талай ұлы тұлғаларының есімі мен еңбегі қайта жаңғырып, қайта түледі.
Ұрпаққа аманат
«Кім білсін, қаншама әлі шырқар әнімді,
Кім білсін, қай күні сен қырқарыңды.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Жоғалтпасам болғаны ұрпағымды», —
деп Мұқағали ақын жырлаған.
Мұқағали ақын айтқан ұрпақ — бүгінгі сіздер мен біздер. Мұқағали ұрпағы Шәмші ұрпағы емес пе? Біз барда ұлы адамдардың аты ешқашан өшпейді. Ендеше, кезекті сөзді жас ұрпаққа берейік.
Жүргізушілер сөзі
1-жүргізуші
Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, өзі елеусіз де аянышты тірлік кешкен қайран Шәмші! Біз — әнсүйер қауым — оның өмірі дәл осылай біршама мұңлы өткенін көп уақыт білмедік. Ән әлемінің падишасы атанған талант иесі социалистік жүйенің елеусіз құрбанына айналды.
«Ештен кеш жақсы» демекші, егемендігіміздің арқасында бүгінде «Вальс королі» атанған бір-ақ адам бар. Ол — Шәмші Қалдаяқов! Ендеше, Шәмшіге арналған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші
Шәмші Қалдаяқовтың хатын оқу үшін сөз Әлимұса Сұңқарға беріледі.
Оқушы оқитын хат
Шәмші Қалдаяқовтың хаты (үзінді)
Мені «Шәмші» деп қадірлейтін қымбатты бауырларыма!
Мен 60 жыл ғұмырымның ішінде қазақтың небір ұлы азаматтарымен сырлас, достас, дастарқандас болдым. Өкінген, өмірдің өткір күндерінде соларға мұңымды шағып, арымды аманат еттім...