Түсіндірмелі салалас
Сабақтың тақырыбы
Түсіндірмелі салалас
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды түсіндірмелі салалас түрімен таныстыру.
Міндеттері
- Түсіндірмелі салалас туралы түсінік қалыптастыру.
- Түсіндірмелі салаластың жасалу ерекшелігін, жалғаулықсыз байланысуын таныту және мәтіннен таба білуге үйрету.
- Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Сәлемдесу, сыныптың дайындығын тексеру.
- Оқу құралдарын түгендеу, назарды сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) 109-жаттығу
Өздерің тапқан салалас құрмалас сөйлемдерді оқып шығыңдар. Мәтінге қойған атауларыңды жазыңдар.
2) Тест тапсырмасы
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
Тест тапсырмалары (10 сұрақ)
-
Берілген сөйлемдегі жалғаулық шылаудың түрін анықтаңыз: «Біз жұмыстан кеш қайттық, себебі тексеріс келген еді.»
- A) Талғаулы
- B) Ыңғайлас
- C) Кезектес
- D) Қарсылықты
- E) Себеп–салдар
-
Ілгерінді ықпалды табыңыз: «Өзіңді кез келген жаннан тым биік көтермесеңші.»
- A) Өзіңді
- B) Жаннан
- C) Көтермесеңші
- D) Кез келген
- E) Тым биік
-
Бұйрық райлы етістікті табыңыз.
- A) Кешке алтыбақан құрамыз.
- B) Мерекеге жақсы дайындалды.
- C) Балаларым аман болса екен.
- D) Айбек үйіне қайтсын.
- E) Өмірмен күресіп келемін.
-
Берілген сөйлемнен тасымалдауға болмайтын сөзді табыңыз: «Хаттар көбінесе қара сөз түрінде жазылады.»
- A) Түрінде
- B) Көбінесе
- C) Сөз
- D) Жазылады
- E) Қара
-
Жалаң сөйлемді белгілеңіз.
- A) Ұзамай тағы да қонақтар келді.
- B) Бәріне бірдей тапсырма берілді.
- C) Жұмысшылар қайтып келді.
- D) Жаңадан үш жүз жұмыскер аламын.
- E) Бәрі тапсырманы орындады.
-
«Бірақ», «дегенмен» жалғаулықтары арқылы жасалатын салалас түрін көрсетіңіз.
- A) Себеп–салдар
- B) Қарсылықты салалас
- C) Түсіндірмелі салалас
- D) Талғаулы салалас
- E) Кезектес салалас
-
Жалғаулықсыз қарсылықты салаласты көрсетіңіз.
- A) Құдайдың қарарынан жалбарынып құтылуға болады, бірақ халықтың қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды.
- B) Апай сені елжіретіп сүймейді де, алайда шыж-быж етіп ұрыспайды да.
- C) Дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да жолы болмайды.
- D) Баршагүл сәлем беріп еді — ол қырын қарап кетті.
- E) Сөз бергенге ерме, бірақ бөз бергенге ер.
-
Қарсылықты салалас жасауға болатын қатарды көрсетіңіз.
- A) Түн. Ышқынған дауыл.
- B) Қасиетті мекен, күн сәулесі.
- C) Ескек қолынан түсіп кетті. Оның есі шығып кетті.
- D) Жау шегінді. Бауыржан оны білген жоқ.
- E) Шоқан ғылымға әбден берілді. Әскери қызметтен бас тартты.
-
Матасуға қай септік тән екенін белгілеңіз.
- A) Барыс
- B) Ілік
- C) Көмектес
- D) Атау
- E) Жатыс
-
Сөздің ауыспалы мағынасын белгілеңіз.
- A) Әжем қоңыр сиырды іздеп кетті.
- B) Қызыл, қоңыр, сары — күз түстері.
- C) Қоңыр қарындашымды көршіме бердім.
- D) Әміре сахнада қоңыр дауыспен ән салды.
- E) Сізге қоңыр көйлек жарасады екен.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Еске түсіру: сілтеу есімдіктері
Түсіндірмелі салаласты меңгеру үшін сілтеу есімдіктерін еске түсірейік: мынау, мынаны, сол, ол, сонша, соншалық, сондай және т.б.
Анықтама
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашып, талдап түсіндіріп тұрса, мұндай құрмалас сөйлем түсіндірмелі салалас деп аталады.
Байланысу ерекшелігі
Жай сөйлемдері, әдетте, жалғаулық шылаусыз іргелесе байланысады.
Нұсқаушы сөздер
Бірінші жай сөйлемде көбіне сілтеу мәнді сөздер кездеседі.
Тыныс белгілері
Ара жігіне көбіне қос нүкте немесе сызықша қойылады.
Мысалдар
Байжанның дағдылана алмай жүрген бір ғана нәрсесі бар еді: ол — Сырдария бойының маса-сонасы мен құрт-құмырсқа, бақа-шаяны сияқты шақпалы жәндіктері.
Сіздерге айтар тілегім сол: мені ұшқыштар училищесіне жіберіңіз.
Оның өлеңінің балаларға әсер еткені сонша — олар әлгі парыздан шалды көз алдында шын көріп тұрғандай болды.
Адам баласы керуен сияқты — тоқтады, көшті де кетті.
IV. Бекіту жаттығулары
110-жаттығу (ауызша)
- Түсіндірмелі салаластың жасалу жолын түсіндіріңдер.
- Тыныс белгісінің қойылу себебін айтыңдар.
111-жаттығу (топпен жұмыс)
Қос нүкте қойылған сөйлемдердің қайсысы түсіндірмелі, қайсысы себеп–салдар салалас екенін анықтаңдар:
1-топ
Түсіндірмелі салаласты табады.
2-топ
Себеп–салдар салаласты табады.
V. Өздік жұмыс
Фонетикалық және морфологиялық талдау
1-топ
- Фонетикалық талдау: опасыз
- Морфологиялық талдау: тұрақтамайды
2-топ
- Фонетикалық талдау: өтірік
- Морфологиялық талдау: түспеген
Фонетикалық талдаудың үлгісі
Мысалы: «Шырша»
- Айтылуы, жасалуы, жазылуына қарай жуан буынды сөз, өйткені құрамындағы дауыстылар жуан.
- Екі буынға бөлінеді: шыр-ша (сөзде екі дауысты дыбыс бар).
- Тасымалдануы: шыр-ша (екі буынды сөз болғандықтан бір ғана түрі бар).
- Екпіннің орны көбіне тұрақты болғандықтан, екпін а дыбысына түседі.
- Түбір сөз. (Қажет болса, әр дыбысына жеке талдау жасалады.)
Морфологиялық талдаудың үлгісі
Мысалы: «Айтуға»
- Үш құрамнан тұрады: айт + у + ға.
- Тұлғасына қарай: негізгі.
- Құрылысына қарай: дара.
- Мағынасы: 1 лексикалық және 3 грамматикалық мағына.
- 1-грамматикалық мағына: айт — негізгі етістік (не істе?).
- 2-грамматикалық мағына: -у — тұйық етістік, атауыштық мән береді.
- 3-грамматикалық мағына: -ға — барыс септік арқылы жасалған категориялық мағына.
VI. Сабақты қорытындылау
Қайталау сұрақтары
- Түсіндірмелі салалас дегеніміз не?
- Ол жалғаулық арқылы байланыса ма, әлде жалғаулықсыз ба?
- Түсіндірмелі салаласта қандай тыныс белгілері қолданылады?
VII. Үйге тапсырма
112-жаттығу
Түсіндірмелі салалас тақырыбы бойынша мәтінді көшіріп жазып, қажетті тыныс белгілерін қойыңдар.
VIII. Оқушыларды бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, тапсырмаларды орындау сапасы және жауаптарының дәлдігі ескеріле отырып бағаланады.