Денсаулығыңа көңіл бөлгені
Сабақ тақырыбы
Әдебиеттік оқу: «Аққала – ақ бала» (М. Мақатаев).
Сабақ түрі
Жаңа білім
Әдіс
Сыни тұрғыдан ойлау
Көрнекілігі
Интерактивті тақтаға жазылған сөздер, мазмұнды суреттер, слайдтар.
Күтілетін нәтиже
- Өлеңнің мазмұнын аша алады.
- Топта және жұпта жұмыс жасай алады.
- Өз ойын еркін әрі нақты жеткізеді.
Мақсаты
-
Оқушылардың танымдық мүмкіндігін кеңейту, өлең мазмұнын ашу.
-
Түсіндіру жұмысы арқылы сөздік қорын молайту.
-
Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақ барысы
1) Психологиялық дайындық
«Шаттық шеңбері»
Жылы лебіз айтып, сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастыру.
«Қар лақтыру» ойыны
- Бұл ойын жылдың қай мезгілінде ойналады?
- Қыс айларын атайық.
I топ
Желтоқсан
II топ
Қаңтар
III топ
Ақпан
Жұмбақ
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын —
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Сұрақ: Қыста қардан не жасап ойнаймыз?
Жауап: Аққала.
Бүгінгі сабақ: М. Мақатаев «Аққала – ақ бала».
2) Мағынаны тану
- М. Мақатаев туралы қысқаша мәлімет беру.
- Өлеңді мәнерлеп, тізбектей оқу.
- Сөздікпен жұмыс.
3) Дамытушы сұрақтар
Өлең қай мезгіл туралы?
Ақын өлеңді қандай көңіл күйде жеткізеді?
Өлеңде ақын нені сағынады?
Өлеңде ақын балаға қандай тілек айтады?
Сипаттау: ақ бала қандай, аққала қандай, қар қандай?
Өлең шумағына байланысты мақал құрастыру
Баланың әрбір қадамы, әрбір күніңнің көңілді өткені — ананың көз қуанышы. Денсаулығына көңіл бөлуі.
4) Топтық жұмыс
Зерделеу
I топ
«Қыстың көңілді күні» тақырыбында әңгіме жазу.
Іздену
II топ
Сурет бойынша ертегі құрастыру.
Суреттеу
III топ
«Қыс келбеті тамаша» тақырыбында қима суреттермен жұмыс.
Әр топ өз жұмысы бойынша ұсынысын айтып, пікірін білдіреді.
5) Ой толғаныс (RAFT)
Рөл
Өз атыңнан
Аймақ
Сынып
Форма
Хат
Тақырып
Қар
6) Бағалау
Оқушылар бағалау парағы бойынша өздерін бағалайды.
Өте жақсы
8–9
Жақсы
7–6
Қанағаттанарлық
5–4–3
Төмен
3–2–2
7) Рефлексия
«Қаншалықты білім алдым деп ойлайсың?»
Оқушылар бағалау парағына сүйеніп, өз жетістігін саралайды.
8) Үй тапсырмасы
- Өз таңдауы бойынша өлеңді жатқа айту.
- Ұнаған жерін жаттау.
- Өлеңді мәнерлеп оқу.