Кім ұзын

Сайыстың мақсаты мен форматы

Бұл зияткерлік сайыстың негізгі идеясы — оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлау мәдениетін, сөйлеу дағдыларын жетілдіру және білімін жүйелеу.

Білімділік

Еркін сөйлеу арқылы ойлауын дамыту, тілдік қорын байыту, өз ойын нақты жеткізуге дағдыландыру.

Дамытушылық

Логикалық ойлау қабілетін шыңдау, жылдам шешім қабылдау мен белсенділікті арттыру.

Тәрбиелік

Ұйымшылдыққа, достыққа, білімпаздыққа, шапшаңдық пен әділ бәсекеге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі және көрнекілік

  • Сабақ түрі: сайыс сабақ.
  • Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, интерактив тақта.

Ұйымдастыру және кіріспе сөз

Жүргізуші Марал қатысушыларға сәттілік тілеп, сайыстың маңызын Абайдың тағылымды сөзімен байланыстыра отырып ашады. Мақсат — әр оқушының өз білімін танытып, жаңаша қырынан көрінуіне мүмкіндік беру.

«Білмеймін деп қысылма, талабың болса бойыңда. Өнерлінің ырысы жарқырап жатыр бойында».

Топтар

І топ — «Алғырлар»

Ұраны:

Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі:

Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз, жеңістерге бастаймыз!

ІІ топ — «Білімділер»

Ұраны:

Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.

Сәлемдесуі:

Біз дайынбыз бұл сайысқа, достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен —
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

Әділқазылар алқасы

Сайыс кезеңдеріндегі жауаптарды әділқазылар бағалайды. Әр кезеңнен сүрінбей өткен, ұпайы жоғары топ жеңімпаз атанады.

Сайыс кезеңдері

І кезең — «Ой жүгірту»

Оқушылар пәндер бойынша берілген сұрақтарға тез және нақты жауап береді.

ІІ кезең — «Көсемдікке ұмтылу»

«Мақал — сөз мәйегі»: берілген тақырыптар бойынша мақал-мәтел жарыстыру.

ІІІ кезең — «Ғажайып сурет»

Беті жабық суреттің бір бөлігін ашып, нысанды табу (мысалы: Бәйтерек, Мемлекеттік ту).

ІV кезең — «Шешімін тап!»

Кестелік тапсырманы ең жылдам әрі қатесіз орындаған топ жеңіске жетеді.

V кезең — «Полиглот»

Жұмбақтың шешімін тауып, жауабын қазақ және орыс тілінде айту.

VІ кезең — «Кім тапқыр?»

Жанкүйерлер мақал-мәтелдің жалғасын шапшаң табады.

VІІ кезең — «Біліміңді шыңда»

Топ мүшелері бірігіп қисынды сөз есептерін шығарады және дәлелді жауап береді.

І кезең — «Ой жүгірту» сұрақтары

«Алғырлар»

  1. 1. Бір айда неше апта бар? (4 апта)
  2. 2. Дыбыстар неше топқа бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)
  3. 3. Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім)
  4. 4. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырманың мәні)
  5. 5. Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
  6. 6. Қосуға кері амалды ата. (азайту)
  7. 7. Бір жылда неше күн бар? (365–366)
  8. 8. Есту мүшесі не? (құлақ)
  9. 9. Көру мүшесі. (көз)
  10. 10. Иіс сезу мүшесі? (мұрын)
  11. 11. Дәм сезу мүшесі. (тіл)
  12. 12. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)
  13. 13. Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білеміз? («Ғылым таппай мақтанба», «Жазғытұры», т.б.)
  14. 14. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
  15. 15. Төрт бұрышта төрт мысық отыр, әрқайсысының алдында үш мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық отыр? (4)
  16. 16. Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
  17. 17. Ұлыстың ұлы күні. (22 наурыз)
  18. 18. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. (см, дм, м, км)
  19. 19. 12 сәуір қандай мейрам? (Ғарышкерлер күні)

«Білімділер»

  1. 1. Заттың қимылын білдіретін сөз табы. (етістік)
  2. 2. Тау жыныстары дегеніміз не? (Жер қыртысын құрайтын табиғи денелер)
  3. 3. Көптік жалғауларын ата. (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер)
  4. 4. 720-ны 9 есе кеміт. (80)
  5. 5. Бөлудің компоненттерін ата. (бөлінгіш, бөлгіш, бөлінді)
  6. 6. Бос тау жыныстарын ата. (құм, саз)
  7. 7. Сөз құрамы неден тұрады? (түбір мен қосымша)
  8. 8. Көлемнің өлшем бірлігі қандай және көлем неше өлшемнен тұрады? (куб см; ұзындық, ені, биіктік — 3 өлшем)
  9. 9. Пайдалы қазбалар дегеніміз не? (Жер қойнауынан қазып алынып, қажетке жұмсалатын тау жыныстары)
  10. 10. Судың неше күйі бар? Ата. (бу, сұйық, мұз)
  11. 11. Кез келген сан мен 0-дің көбейтіндісінің мәні неге тең? (0)
  12. 12. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз. (туынды сөз)
  13. 13. Кез келген санды нөлге бөлгенде неше шығады? (анықталмайды)
  14. 14. Сөйлем түрлерін ата. (сұраулы, лепті, хабарлы)
  15. 15. Бөлу мен көбейту қандай амалдар? (өзара кері амалдар)
  16. 16. Екі шахматшы 2 сағат ойнады. Бір шахматшы неше сағат ойнады? (2 сағат)
  17. 17. Кімнің шашына жауын жауғанда мүлдем су тимейді? (тазы)
  18. 18. Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді? Ата. (жанғыш, кенді, кенге жатпайтын)
  19. 19. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата. (газ, мұнай)

Ескерту: 13-сұрақта нөлге бөлу математикалық тұрғыдан анықталмайды.

ІІ кезең — «Көсемдікке ұмтылу»

Бұл кезеңде оқушылар берілген тақырыптар бойынша мақал-мәтел айтып жарысады. Қай топ көбірек әрі мазмұнды мақал келтірсе, соның ұпайы жоғары болады.

Тақырыптар

  • Отан, туған жер, туған ел, атамекен
  • Оқу, білім
  • Ерлік, батырлық
  • Достық, жолдастық

ІІІ кезең — «Ғажайып сурет»

Ұшқыр ой мен шеберлікті қажет ететін кезең: оқушылар жабық тұрған суреттің бір бөлігін таңдап ашады да, не бейнеленгенін табады.

Мысал нысандар

  • Бәйтерек
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Ұйымдастыру

Әр дұрыс жауап ұпаймен бағаланады. Ашылатын бөліктің саны мен ұпай көлемі алдын ала белгіленеді.

ІV кезең — «Шешімін тап!»

Оқушыларға кесте түріндегі тапсырма беріледі. Қай топ оны тез әрі қатесіз орындаса, сол топ кезең жеңімпазы атанады.

Бұл кезең логикалық байланыстарды көруді, есептеу дәлдігін және топтық үйлесімділікті талап етеді.

V кезең — «Полиглот»

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл!» қағидасына сүйене отырып, оқушылар жұмбақты шешіп, жауабын қазақ және орыс тілдерінде айтады.

Жұмбақ Жауабы (қаз. — орыс.)
Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. кітап — книга
Падишадай жатысы бар, жолбарыспен шатысы бар. мысық — кошка
Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр-шиыр жолы көп. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді. қалам — ручка
Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен. су — вода
Ашылып-жабылады, әр үйден табылады. есік — дверь
Құс сияқты, құс емес, самғап ұшқан биікке. Қанаты бар қақпайды, жүрсе де сондай биікте. ұшақ — самолет

VІ кезең — «Кім тапқыр?»

Бұл кезеңде әр топтың жанкүйерлері мақалдардың жалғасын жылдам айту арқылы ұпай жинайды.

Жалғастырылатын мақалдар

  1. 1. Еңбектің наны тәтті, …
  2. 2. Кітап — білім бұлағы, …
  3. 3. Батыр бір өледі, …
  4. 4. Бірлік болмай, …
  5. 5. Әдепті бала — арлы бала, …
  6. 6. Қына тасқа бітеді, …
  7. 7. Жүз теңгең болғанша, …
  8. 8. Ашу — дұшпан, …

VІІ кезең — «Біліміңді шыңда»

Бұл кезеңде топ мүшелері бірігіп қисынды тапсырмаларды орындайды. Негізгі талап — дәлдік, түсіндіру және бірлескен жұмыс.

1) Екі әке, екі бала және ата мен немере

Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

Жауабы: 3

2) Бой салыстыру

Айдынның бойы Асқардан ұзын, бірақ Жанаттан аласа. Ең бойшаң кім?

Жауабы: Жанат

3) Туыстық байланыс

Менің атым Медет. Тәтемнің бір ғана інісі бар. Тәтемнің інісінің аты кім?

Жауабы: Медет

4) Екі термометр

Аязда термометр −3° көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Жауабы: −3°

5) Шие бар стакандар

Үстел үстінде 3 стакан шие тұр. Марат 1 стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

Жауабы: 3 стакан

6) Доптың кері қайтуы

Доп сол ізімен кері қайтуы үшін оны қалай лақтыру керек?

Жауабы: жоғары

7) Қараңғы бөлмедегі жарық

Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин шамы бар. Ең алдымен нені жағасыз?

Жауабы: шырпы

8) Суды «кесу»

Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?

Жауабы: егер суды мұз етіп қатырса

Қорытынды және марапаттау

Сайыс соңында әділқазылар қорытынды шығарып, жеңімпаз топты марапаттайды. Қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталады. Жүргізуші оқушыларға алда талай асу барын айтып, болашаққа батыл қадам басуға шақырады.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі — Искакова Гүлзада Ибадуллақызы.