Төсбелгімен таныстыру

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық өнер — тәрбие негізі

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың алған білімдері мен өнерін ортаға салып, танымдық қабілеттерін арттыру; ұлттық мұраны қастерлеуге тәрбиелеу; өнерге баулу арқылы эстетикалық талғамын және өнерге қызығушылығын дамыту.

Жоспары

  • I. Таныстыру

    Топ пен төсбелгі таныстыру

  • II. «Туған жер» тақырыбына сурет салу

    Акварельмен жұмыс

  • III. Қағаздан ою-өрнек қию

    Ұқыптылық пен дәлдік

  • IV. Қағаздан құрақ құрастыру

    Түстер үйлесімі, композиция

  • V. Мүсіндеу

    Берілген заттардан аққу жасау

  • VI. Эстафеталық жарыс

    Шапшаңдық пен ұйымшылдық

  • VII. Жұмбақ шешу

    Тапқырлық пен білім

  • VIII. «Суреттер туралы не білеміз?»

    Талдау және пікір алмасу

Кіріспе

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 8–10 сынып оқушылары арасында өтетін «Ұлттық өнер — тәрбие негізі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Бұл сайыс жылдам сурет салуға, ой-қиялды дамытуға, танымдық қабілетті арттыруға және әсемдікті көре білуге бағытталған. Алдарыңызда екі топ өз шеберлігін көрсетеді.

Жыр шумағы

Жарыста озып шығар жүйріктері,
Әрқайсысы бақтарынан көрер енді.
Қанеки, өрендерім, сайысқа шық,
Таң қалдыр өнеріңмен көрерменді!

Сайыс бөлімдері

I. Таныстыру

  • Топпен таныстыру
  • Төсбелгімен таныстыру
  • Екі топтың қатысуы: I топ және II топ

II. «Туған жер» тақырыбына сурет салу

Әр топтан бір оқушы акварель бояуымен «Туған жер» тақырыбына сурет салады.

Шабыт сөз

Сурет — нұр, сурет — сыр,
Тілсіз сырды ақтарып қарап-ақ тұр.
Туған жердің тасы мен топырағын,
Кірсек дейміз ішіне аралап бір.

III. Қағаздан ою-өрнек қию

Жыр шумағы

Ою-өрнек қарасаң,
Өңкей мүйіз тігілген.
Қайсысына қарасаң,
Қиып ал сызған ізіңмен.

Ескерту

Қию оңай демеңдер — оған да өнер мен ой керек. Бос мақтанып жүрмеңдер — қиюға пысық қол керек.

IV. Қағаздан құрақ құрастыру

Келесі сайыс — қағаздан құрақ құрастыру. Бұл тапсырмада түстер үйлесімі, ырғақ және жинақылық басты орын алады.

Үзінді

Әжелер киім тіккенде,
Тастамапты қиықты.
Әр алуан қиық түскенде,
Дорбаға салып алыпты.
Көп киім тігіп біткенде,
Қиықты сәндеп тіккенде,
Құрақ көрпе болыпты.

V. Мүсіндеу

Бұл кезеңде қатысушылардың ептілігі мен шеберлігі бағаланады. Тапсырма: берілген материалдардан аққу жасау.

Қайсысы епті, қайсысы мықты — талабына қарайық. Кім зерек, кім жылдам — талабымен бағалайық.

VI. Эстафеталық жарыс

Ұйымшылдық, шапшаңдық және бірлескен жұмыс дағдысы сыналады.

Ұстазы шәкірті үшін қуанады, өнерін жасырып кім тұра алады. Эстафеталық жарысқа даярланған өнерлі өрендер сайысқа кіріседі.

VII. Жұмбақ шешу

Енді зерделілік сыналар сәт келді. Жұмбақтың шешуін кім тез әрі дұрыс табады?

1)

Жүк жинайтын тұғыр ағаш,
Кіруге адам батпайды,
Аман-есен сақтайды.

Жауабы: сандық

2)

Бір итім қабаған,
Аузына темір жалаған.

Жауабы: әбдіре, кебеже

3)

Тиіп кетсе жылаған,
Даусы көпке ұнаған.

Жауабы: домбыра

4)

Беті үлкен тым-ақ өзге денесінен,
Бұлаңдап түсіп шығар кемесінен.
Ішіне қарын-қарын суды құйып,
Шығады сүңгіп-сүңгіп денесімен.

Жауабы: ожау

VIII. «Суреттер туралы не білеміз?»

Бұл бөлімде оқушылар өз жұмыстарын таныстырып, композиция, түс үйлесімі және ойдың берілуі туралы қысқаша талдау жасайды.

Қорытынды

«Ұлттық өнер — тәрбие негізі» атты 8–10 сыныптар арасындағы сайысқа шебер суретші және өнерлі оқушылар қатысып, өз білімдері мен шеберліктерін ортаға салды.

«Шебер көп жерде — өнер көп» демекші, енді оқушылардың өнерін бағалау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.