Армысыз қайырымды аспан - ата
Бұл ертеңгілік Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналады. Негізгі мақсат — өскелең ұрпақты туған елінің болашағына үлес қосуға, елі мен жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу, патриоттық сезімді ояту.
Жүргізушінің құттықтауы
Армысыздар, құрметті қонақтар! «Елімнің еркіндігі — Тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Амандасу (хормен):
- Армысыз, қайырымды Аспан — ата!
- Армысыз, мейірімді Жер — ана!
- Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!
- Армысыз, балабақша, дос-жаран!
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар мен апайлар!
Мемлекеттік рәміздерге құрмет
Жүргізуші:
Күндер өтті кешегі, Жігер құм боп жасыған. Несіне оны жасырам? Гимніміз бүгінгі — Баға жетпес асыл ән.
Хор
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні — «Менің Қазақстаным».
- Сөзін жазғандар
- Ж. Нәжмеденов, Н. Назарбаев
- Әнін жазған
- Ш. Қалдаяқов
Құттықтау сөзі
Құттықтау сөз балабақша меңгерушісі Б. О. Базарбаева ханымға беріледі.
Жүргізушінің өлең жолдары
Мен қазақпын — мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тіліммен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкіммен күн түрілген. Мен қазақпын — биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мың да бір тірілдім — мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім.
Тәуелсіздік күніне арналған тақпақтар
Балалардың орындауыХидаят
Көк аспандай көкпеңбек Қазақстан жалауы,
Көк емес ол тектен-тек — елдің ашық қабағы.
Жансұлу
Он алтыншы желтоқсан — Тәуелсіздік алған күн.
Кәусар
Жасай берсін ұлы күн — үміті боп елінің.
Алмаз
Он алтыншы желтоқсан — елдің ұлы мейрамы,
Жаңа шыққан көктемдей, жаз күніндей жайдары.
Интеллектуалды ойын: «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»
Енді балалармен бірге қысқа сұрақ-жауап ойынын бастаймыз.
1) Қазақстан қандай ел?
Егеменді, тәуелсіз мемлекет.
2) Еліміздің рәміздері қандай?
Ту, Елтаңба, Әнұран.
3) Елордамыз қалай аталады?
Астана қаласы.
4) Қазақ елін кім басқарады?
Н. Назарбаев.
5) Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
Орыс, неміс, қытай, өзбек және т.б.
Жүргізуші: Балалар, өте жақсы ойнадыңдар! Өз елдерің туралы көп мағлұмат білетіндерің қуантады. Көп рақмет!
Өнер көрсетілімдері
Би
«Асатаяқ»
Тақпақтар
Айтөре
Отан — менің ата-анам,
Отан — досым, бауырым.
Отан — өлкем, Астанам,
Отан — туған ауылым.
Иманәлі
Он алтыншы желтоқсан — ел мерейі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт — бәрін кешті басынан.
Қарақат
Рәмізім — елдігімнің белгісі,
Білу керек баладағы ең кішісі.
Рәмізім — Әнұран, Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген — жанкүйісі.
Шұғыла
Он алтыншы желтоқсан — Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік — ел жадында қалған күн.
Түйін сөз
Ар-намысты, асқақ рухты ата-бабамыз аңсаған азаттық — келешек ұрпаққа жарқын жол. Тәуелсіздік әр баланың үлкен үміті мен арманын орындауға мүмкіндік беретін қастерлі құндылық.
Хор
«Отан»
Қорытынды
Құрметті қонақтар, осымен «Елімнің еркіндігі — Тәуелсіздік» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет. Сау болыңыздар!