Бір тақпақ айтып бер
Іс-шараның мақсаты мен көрнекілігі
Мақсаты: балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру, білімдерін жетілдіру, жемістер мен көкөністердің пайдасын түсіндіру. Сонымен қатар тақпақ айтып, жұмбақ шешіп, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі
- Шарлар
- Тақырып жазылған плакаттар
- Балалардың басына киетін атрибуттар
Жүргізушінің сөзі
Құрметті қонақтар, бүгін біздің «Бәйшешек» балабақшасының «Күз ханшасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
Сайыскерлер мен сарапшылар
Сайысқа қатысушылар
- 1 Жұбатқанова Нұрсая
- 2 Мейірханова Толғанай
- 3 Ыбыраева Салтанат
- 4 Төреғалиева Ақбота
- 5 Тағыбергенова Әлиянұр
Сарапшылар алқасы
- Балабақша меңгерушісі: Жаниязова Гүлдана
- Ата-аналар комитетінің төрайымы: Абдуллина Жанаргүл
Сайыс шарттары
- 1 Таныстыру
- 2 Өз өнері
- 3 Сұрақ-жауап
- 4 Күзгі би
- 5 Ас мәзірі
- 6 Сән үлгісі
Тәрбиешінің кіріспе сөзі
Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай, жапырақ — сары алтын,
Айналаның бәрі алтын.
Осы өлең жолдарымен сайысымыздың 1-шарты бойынша №1 сайыскер Жұбатқанова Нұрсаяны ортаға шақырамыз. Кейін 2-шарт және 3-шарт бойынша да сайыскерлер кезек-кезек өнер көрсетеді.
3-шарт: Сұрақ-жауап
Қатысушыларға төмендегі сұрақтар қойылады. Мақсат — балалардың білімін, тіл байлығын және еркін жауап беру дағдысын байқау.
Сұрақтар топтамасы
- Еліміздің Президенті кім?
- Бір тақпақ айтып бер.
- Біз қай елде тұрамыз?
- Әнұранның бір шумағын айт.
Жалғасы
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Біздің балабақшамыздың аты қалай аталады?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Біздің ұлтымыз қандай?
- Тудың түсі қандай?
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
Жеміс-жидек пен дәнді дақылдардың таныстырылымы
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Арпа — Наурызбек
Қызыл мұртты арпамын,
Ырыс-құтты арпамын.
Машинаға мініп ап,
Малды ауылға тартамын.
Бидай — Дамир
Нан атасы — бидаймын,
Нанды елге сыйлаймын.
Піскенімде мен қырда,
Қауызымa сыймаймын.
Құлпынай — Гүлхан
Піскен кезде құлпынай,
Қандай әсем, шіркін-ай!
Қарай бергің келеді,
Дүркін-дүркін, дүркін-ай!
Шие — Жанель
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
Алмұрт — Әли
Тіл үйірген алмұртпын,
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.
Алма — Ғалымжан
Апорт деген алма бар,
Жер жаратын атағы.
Ондай алма қайда бар?
Алматы — оның Отаны.
4–6-шарттар: би, ас мәзірі, сән үлгісі
Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі мерекеде,
Би билейміз бәріміз.
4-шарт: Күзгі би
Сайыскерлер ортаға шақырылып, күз тақырыбындағы би өнерлерін көрсетеді.
5-шарт: Ас мәзірі
Қатысушылар үйден дайындап әкелген тағамдарын таныстырады.
6-шарт: Сән үлгісі
Қыздарымыз күзге сай сән үлгісін көрсетіп, сахна мәдениетін танытады.
Балалардың орындауындағы ән
Шырқаған балапаным өз тілінде,
Күнің шықты алдыңнан, сен күлім де.
Алтын күзде ән айтып, би билеген,
Құштар болып өнерге, сен білімге.
Ән: «Апам үшін»
Ән балалардың орындауында шырқалады. Осыдан кейін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Қорытынды
Осымен «Алтын күз» сайысымыз аяқталды. Назар қойып тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар.