Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін кеңейту
Қысқа мерзімді жоспар (Блум таксономиясы бойынша)
Пәні: Ана тілі • Сынып: 1
Тақырыбы
Баланың тапқырлығы. Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Мақсаты
- Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін кеңейту.
- Ертегінің мазмұнын түсініп, идеясын аша білуге үйрету.
- Сұрақтарға толық әрі нақты жауап беруге дағдыландыру.
- Диалогтік оқыту арқылы ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.
- Топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Эстетикалық және экологиялық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже
Сабақ соңында оқушылардың білім-білігі мен дағдыларында төмендегі нәтижелер күтіледі:
Тілдік мақсат
- Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсінігі кеңейеді.
- Нақты сөйлеуге және өз ойын жүйелі жеткізуге үйренеді.
Оқу дағдысы
- Ертегіні түсініп оқиды және негізгі идеясын аша алады.
- Ой-өрісі кеңейіп, есте сақтау қабілеті артады.
Қарым-қатынас
- Ауызша сөйлеу дағдылары дамиды.
- Сұрақтарға толық жауап беруге дағдыланады.
Әлеуметтік дағды
- Топпен жұмыс жасау қабілеті артады.
- Шығармашылық қабілеттері дамиды.