Бес жүз сексен төрт

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Тақырып

«Сөз таптарына саяхат» (6-сынып).

Сабақтың түрі

Қайталау сабағы.

Сабақтың әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Талдау
  • Топтық жұмыс
  • Сатылай кешенді талдау
  • Тест тапсырмалары

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, математика.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Сөз таптары бойынша алған білімдерін қайталау және еске түсіру арқылы оқушыларды дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету.

Дамытушылық

Оқуға деген белсенділігін, ынтасын арттыру; ойын элементтері мен сөздік қорды дамыту арқылы сабаққа қызығушылығын күшейту.

Тәрбиелік

Білімділікке, сауаттылыққа, еңбексүйгіштікке және әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Үй тапсырмасын тексеру: 156-жаттығу.
  • Оқушыларды екі топқа бөлу.
  • Сабақ айдарымен таныстырып, мақсат-міндетін нақтылау.

2) Қайталау және бекіту жұмыстары

Сабақ барысында сөз таптары жүйелі түрде қайталанып, сұрақ-жауап, талдау, графикалық диктант және топтық тапсырмалар арқылы бекітіледі.

Зат есім

а) Теориялық сұрақ

Зат есім дегеніміз не?

ә) Тапсырма

Зат есімдердің астын сыз: бор, жасыл, ағаш, қысқа, кітап, жоғары, кезекші, бес.

«Ағаш» сөзіне сатылай кешенді талдау жасау.

б) Зат есімді топтастыру

Зат есім: жалпы / жалқы, деректі / дерексіз, негізгі / туынды, дара / күрделі.

Ақтау
намыс
биші
бала-бақша
ата-ана

Сын есім

а) Теориялық сұрақ

Сын есімнің шырайлары қандай?

ә) Сын есімді топтастыру (графикалық диктант)

Төмендегі тіркестерден сын есімдерді анықтаңыз:

Жазғы үй
Сары ырым
Ауыр бала
Биік көңіл
Жаман балапан
Әдепті демалыс
Көтеріңкі жүк

б) Талдау

«Жазғы» сөзіне сатылай кешенді талдау жасау.

Сан есім

а) Теориялық тапсырма

Сан есімнің мағыналық түрлеріне мысал келтіріңіз.

ә) Шығармашылық тапсырма

Цифрларға байланысты мақал-мәтел немесе жұмбақ айтыңыз.

б) Топтастыру

Төмендегі сан есімдерді мағыналарына қарай топтап, сызбаны толтырыңыз:

Жетпіс
Алпыстай
Екі-екіден
Төрт-бес
Елу
Жетеу
Тоқсандай
Екінші
Алтау
Бес жүз сексен төрт
Он бесінші
Қырық бес
Онға тарта
0,29
1,5
Жиырма шақты
Отыздай
Сексеннен
Елулерде

Нәтиже

Бұл қайталау сабағы оқушылардың сөз таптары бойынша білімін жүйелеуге, тілдік сауаттылығын арттыруға және тапсырмаларды ойын мен талдау арқылы қызығушылықпен орындауына бағытталған.