Сабақтың мақсат - міндеттерін түсіндіру

Сабақтың тақырыбы

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушылар бойындағы дағдылардың тәжірибе жүзінде іске асуын қадағалау.

Дамытушылық

Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, ой қорытуға үйрету; шығармашылық қабілеттерін шыңдау; белсенділігін арттыру; сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік

Тіл байлығын, ой еркіндігін дамытуға баулу; мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерін меңгертуге дағдыландыру.

Сабақ форматы

Сабақ түрі

Шығармашылық сабақ

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, ізденушілік, салыстыру, оқыта-үйрету ойындары.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, слайдтар, таратпа парақтары, сызбалар.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану, бейнелеу өнері.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Сыныпты түгендеу, сабаққа назар аударту.

II. Мақсат-міндеттерді нақтылау

Сабақтың мақсаттары мен күтілетін нәтижелері түсіндіріледі.

III. Шығармашылық жұмыстар кезеңі (қазақ тілі мен әдебиеті)

1) «Тапқырлар талғамы»

Тіркес құрау

Бірінші қатардағы сөздер «меншіктің иесі» мағынасын білдіреді. Осы мағынаға сүйеніп, меншік мәнді сөзді қойып, сөз тіркестерін құрастырыңыз.

Сөз тіркестері

  • елдің тірегі —
  • кітаптың —
  • гүлдің —
  • әңгіменің —
  • сөздің —
  • атаның —
  • баланың —

Жалғастырыңыз

  • әкенің —
  • таудың —
  • киімнің —
  • тамақтың —
  • қаланың —
  • біздің —
  • жердің —

2) «Өзіңді сынап көр»

Көру және есте сақтау диктанты

Берілген шағын мәтінді бірнеше рет оқып, есте сақтағаныңызды қағазға түсіріп жазыңыз.

3) «Ізденіс — білім негізі»

Синоним табу

Интерактивті тақтада берілген тұрақты тіркестердің синонимдерін табыңыз.

  • сөзге келу
  • бетінен оты шығу
  • сыбағасын алу
  • жақ ашпау
  • езу тарту
  • көзі шарасынан шығу

4) «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Антоним мақал-мәтел

Антонимдік мағынадағы мақал-мәтелдерді айтыңыз.

Мысал

Ашу — дұшпан, ақыл — дос.

5) Сергіту сәті

Визуализация

Көзімізді жұмып, көз алдымызға елестетеміз:

«Мен күнмін. Айналама жарық сәуле шашқым келеді. Жылуымды төккім келеді.»

«Мен құмырсқа сияқтымын: тынымсыз еңбек етіп, өз мақсатыма жеткім келеді.»

6) «Менің қиялымдағы суреттер»

Сөзбен сурет салу

Оқушылар үйде салып келген суреттері бойынша әңгімелейді, өз ойларын жүйелі жеткізеді.

Мұғалімнің байқауы

Тапсырма орындалу барысында оқушылардың шығармашылық өрісі кең, талғамы жоғары екені байқалды.