Жетімдіктен өтерсің, Шаң бермей әлі кетерсің
О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сенде жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?
Жапанға біткен жапырақ
Жамылсан тонар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген
Сұғыңсаң тояр ма екенсің?
Күрек тісін қасқайтып
Сұлу сүйер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық - жалын таратып,
Бежін ерді ерлетіп,
Жорыққа жортып, терлетіп
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Салған дағы жоғалмас
Сапы асынар ма екенсің?
Босағасын борлатқан,
Таңдайға дәмі татымас
Керегесін торлатқан,
Тегерішін манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге кірер ме екенсің?
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің.
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі жетерсің.
Қобыланды батыр жырындағы батыр бейнесінің ерекшелігін сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестері
Дулат Бабатайұлы өмірімен шығармалары
Дулаттың шығармашылығындағы өзгешелікті поэтикалық шеберлік тұрғысынан талдау
ЗАР ЗАМАН ӨКІЛДЕРІНІҢ АЗАТТЫҚТЫ ЖЫРЛАУЫ
Қазіргі айтыс ақындарының сөз қолданымы
Кете Жүсіптің Күзенмен айтысы
Жас тұлпар ұйымының тарихы
Жыраулар
Жыраулар поэзиясын оқыту
Жыраулар поэзиясының даму жолдары
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Ақшаның қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
ЖАЛАЙЫР ҚОСЫМҰЛЫ ҚАДЫРҒАЛИ
ӘЛІБЕКҰЛЫ ТӨЛЕ БИ
УӘЛИҰЛЫ АБЫЛАЙХАН
ӘЛІБЕКҰЛЫ СЫПАТАЙ
УӘЛИХАНОВ ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ туралы
Ақшаның атқаратын функциясы және мәні