Қазақстанда Президентінің өкілдігі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Қазақстан Республикасы Президентінің атқаратын қызметі, міндеттері және құзыреті туралы түсінік беру. Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы мағлұмат ұсыну.
Дамытушылық
Топтық өзіндік жұмыс арқылы оқушылардың құжатпен жұмыс істеу, іздену, өз ойын дәлелдеп айту дағдыларын дамыту. Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу тәртібін үйрету.
Тәрбиелік
Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы мен құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақтың түрі
- Ізденіс сабағы
- Сабақтың әдістері
- Баяндау, топтық жұмыс, ой-толғау, картамен және тестпен жұмыс
Көрнекіліктер
- Н. Ә. Назарбаевтың кітаптары
- Жолдаулар
- Интерактивті тақта
- Кестелер, карта
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Сыныпты 3 топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушыларға тест таратылады. Дұрыс жауап интерактивті тақта арқылы көрсетіліп, оқушылар өзара тексереді. Қатемен жұмыс жүргізіледі.
Тест сұрақтары
-
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының басты міндеттеріне қайсысы жатпайды?
- А) Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеу
- Ә) Табиғатты қорғау
- Б) Үздіксіз білім алу
- В) Қазақстан Республикасын қорғау
-
2) Конституциялық міндеттер құқықтық міндеттердің қайсысына жатады?
- А) Негізгі
- Ә) Балама
- Б) Қосымша
- В) Азаматтық
-
3) Қазақстан Республикасы Конституциясының 34-бабының 2-тармағында қандай мәселе қаралған?
- А) Салық төлеуге міндетті
- Ә) Отанды қорғауға міндетті
- Б) Тарихи ескерткіштерді қорғауға міндетті
- В) Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті
-
4) Қазақстан Республикасы Конституциясының қай баптарында азаматтардың міндеттері жазылған?
- А) 34–38 баптар
- Ә) 16–20 баптар
- Б) 36–42 баптар
- В) 9–75 баптар
-
5) «Қазақстан Республикасын қорғау – әрбір азаматтың міндеті» деп қай бапта жазылған?
- А) 34-бапта
- Ә) 35-бапта
- Б) 36-бапта
- В) 37-бапта
-
6) Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында азаматтардың қандай міндеті жазылған?
- А) Заңдарды сақтау және құрметтеу
- Ә) Салық төлеу
- Б) Табиғатты қорғау
- В) Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу
-
7) «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп Конституцияның қай бабында жазылған?
- А) 34-бапта
- Ә) 15-бапта
- Б) 1-бапта
- В) 3-бапта
-
8) Төленетін салықтың мөлшерін және оны жинау ережелерін кім белгілейді?
- А) Президент
- Ә) Парламент
- Б) Үкімет
- В) Жергілікті басқару органдары
-
9) Қандай азаматтардың әскери міндеттен босатылу мүмкіндігі бар?
- А) Студенттердің
- Ә) Денсаулығы нашар азаматтардың
- Б) Әскери қызметкерлердің
- В) 50 жасқа толмаған ер адамдардың
-
10) Азаматтың конституциялық міндеті қандай?
- А) Еңбек ету
- Ә) Адамның өмірі мен денсаулығына нұқсан келтірмеу
- Б) Имандылықты сақтау
- В) Мемлекеттің заңын сақтау және өзіне жүктелген міндетті орындау
III. Жаңа сабақ
Сабақ жоспары
- Қазақстанда президенттік институттың енгізілуі
- Қазақстан Республикасы Президенттігіне ұсыну (кандидатура) тәртібі
- Президенттің қызметі, құзыреті, өкілдігі және құқықтары
Интерактивті тақта арқылы
- Қазақстанда Президент қызметінің тарихы
- Президенттікке ұсыну тәртібі
- Президенттің өкілдігі
- Президенттің құқықтары
- Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны
Топтық тапсырмалар
Тапсырмаларды орындау үшін оқушылар оқулықты және Қазақстан Республикасының Конституциясын пайдаланады.
1-топ
Президенттің қызметі.
2-топ
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қызметі мен тұлғалық қасиеттерін «топтастыру» стратегиясы арқылы жүйелеу.
3-топ
Берілген ұғымдар мен лауазымдарды талдау, сәйкестендіру және түсіндіру (төмендегі тірек сөздер бойынша).
1-топ нәтижесі: Президенттің негізгі қызметтері
- Мемлекет пен халық атынан сөйлейді.
- Ішкі және сыртқы саясатты жүргізеді және оған басшылық жасайды.
- Халық алдында ант қабылдайды.
- Парламент қабылдаған заңдарға қол қояды.
- Жарлықтар мен өкімдер шығарады.
- Белгілі жағдайларда заң қабылдауға бастамашылық ете алады.
- Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға тікелей ықпал етеді.
- Халықаралық келіссөздер жүргізеді, халықаралық шарттарға қол қояды.
- Үкіметтің құрылымын айқындайды; Үкімет мүшелерінен ант қабылдайды.
- Үкіметтің маңызды отырыстарында төрағалық етеді.
- Мәжіліске заң жобасын енгізу үшін Үкіметке тапсырма береді.
- Үкіметтің кейбір шешімдерінің күшін жоя алады.
- Облыс әкімдерінің есебін тыңдап, тапсырма береді.
- Парламентті таратуға құқылы.
- Жылына бір рет халыққа Жолдау арнайды.
- Республикалық мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді.
- Азаматтық мәселелерін шешеді.
- Кешірім жасау құқығын жүзеге асырады.
- Қазақстан халқы Ассамблеясын құрады.
3-топқа арналған тірек сөздер
Оқушылар төмендегі тірек сөздерді қолданып, қызметтер мен рөлдерді түсіндіреді және жүйелейді.
Талқылау және толықтыру
1-топ өз жұмысын қорғағаннан кейін Елбасының Жолдауларына, соның ішінде «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауға қысқаша түсініктеме беріледі. 3-топ жұмысынан кейін Н. Ә. Назарбаевтың кітаптары таныстырылып, мұғалім қажет тұстарын толықтырады.
Жаңа сөздер
Президент
Латын тілінен аударғанда «алда отырған», «басшы» деген мағына береді. Республикалық басқару нысанындағы елдерде сайланатын мемлекет басшысы, сондай-ақ кейбір қоғамдық ұйымдардың жетекшісі.
Вето
Латын тілінен аударғанда «тыйым саламын» дегенді білдіреді. Ежелгі Римде бір магистраттың өзге магистраттардың шешімдері мен әрекеттеріне тыйым салуы; қазіргі мағынада — мемлекет басшысының заң шығарушы орган қабылдаған заң жобасын күшіне енгізуден бас тартуы.
Референдум
Латын тілінен аударғанда «хабарлауға тиістінің бәрі» деген мағына береді. Мемлекеттік құқықта сайлаушылардың конституциялық, заңдық және өзге ішкі-сыртқы мәселелер бойынша түпкілікті шешім қабылдауы.
Ратификация
Халықаралық шарттарға заңды күш беру (бекіту) рәсімі.
IV. Ой-толғау
Тақырып: «Мен Президент болсам…»
Бұл тақырып бойынша оқушылар алдын ала өз ойы мен бағдарламасын жазып келеді. Жақсы жазылған 3 оқушының жұмысы интерактивті тақтада көрсетіліп, сынып өзіне ұнаған бағдарламаның авторын «болашақ Президентке лайық» деп бағалайды.
VI. Қорытынды
(«Үш қоңыр» әні баяу қойылады.)
Мемлекетіміздегі ең жоғары лауазым — президенттік қызмет. Бұл — ел мен халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған аса жауапты әрі күрделі міндет. Мұндай қызметті Отанын шын сүйетін, ұлттық тілі мен тарихын, мәдениетін құрметтейтін, елі үшін жанын аямаған нағыз патриот қана абыроймен атқара алады.
VII. Оқушы білімін бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.
VIII. Үй тапсырмасы
- Тақырыпты оқып келу.
- Осы тақырып бойынша тест құрастыру.
- ҚР Конституциясындағы Президент туралы бөлімнің баптарын жаттап келу.