Лепті сөйлемМақсаты
Сабақтың тақырыбы
Лепті сөйлем
Мақсаты
-
Лепті сөйлемнің адамның көңіл күйін және сезімін білдіретінін, өзіне тән айту мәнері болатынын түсіндіру.
-
Өлеңдер арқылы оқушылардың тілін дамыту.
-
Адамгершілікке, мейірімділікке, рухани дүниесінің таза болуына тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың сипаты
Түрі: дәстүрлі. Типі: жаңа білімді меңгерту.
Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану пәнімен ықпалдастық, әдебиет.
Әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік жұмыс.
Өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті
Шіркін-ай, күйші болсам,
Бал тамған бармағымнан!
Шіркін-ай, биші болсам,
Шығып бір арманымнан!
Шіркін-ай, әнші болсам,
Кәдімгі күміс таңдай!
Шіркін-ай, ғалым болсам,
Тілдескен даналықпен!
Әлемге мәлім болсам,
Ашқан көп жаңалықпен!
Көзіңнен күлімдеген
Бір ұшқын сезіп пе ең сен?
Алдымен Білім деген
Бәйгеден озып келсең.
Қане, балалар, қиялсыз да, армансыз да өмір болмайды. Адам өз талабы, еңбегі және білімі арқылы қиялындағы арман-ойларын іс жүзіне асыра алады.
Қиялдың жақсы ниеттен туындауы адамның рухани дүниесінің тазалығына байланысты. Рухани дүниесі таза болуы үшін адам жақсы ой ойлап, жақсы сөз айтуға дағдылануы керек.
Сұрақ:
Ал сендер қандай ой ойладыңдар?
Оқушылардың ойларын тыңдау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Жаттығу
182-жаттығу.
Талдау
Сұрақ-жауап.
Нақтылау сұрағы:
Сөйлемнің қандай түрлерімен таныстық?
Тапсырма: Венн диаграммасы арқылы салыстыру.
Автор туралы
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі — Ахметова Элеонора Дузжасаровна.