Темір толық еріді

Сабақ туралы

Сабақтың тақырыбы
Сандық есептер (электрохимиялық кернеу қатарын қолдана отырып, металдар қоспасына есептер шығару)
Сабақтың түрі
Аралас
Сабақтың әдісі
Сұрақ–жауап, есеп шығару
Негізгі екпін
Кернеу қатарын қолдану, теңдеу құрастыру, электрондық баланс, сандық есептеу

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың «Металдардың жалпы қасиеттері» тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу және қорытындылау.

Дамытушылық

Оқушылардың оқулық көмегінсіз жеке жұмыс жасау дағдысын дамыту, есеп шығару мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік

Өздігінен талпынатын, жауапкершілігі жоғары, саналы әрі өнегелі тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Электрод дегеніміз не?
  2. Электродтық потенциал деп нені айтады?
  3. Химиялық белсенділік (кернеу) қатары дегеніміз не?

III. Сандық есептер шығару

№6

Теңдеу • Электрондық баланс • Моль/массалық есеп

Ұнтақ түрінде алынған мырыш пен алюминий қоспасын күкіртпен араластырып, аздап қыздырғанда қоспа тұтанады. Реакция теңдеулерін жазыңдар, электрондық баланс құрыңдар. Әрбір металдың 0,5 моль мөлшері реакцияға түсуі үшін қажет күкірттің массасын есептеңдер.

№7

Құйма құрамы • Тұз түзілуі • Массаны табу

Құрамында 65% мырыш және 35% мыс бар 10 г құйманы артық мөлшердегі ерітіндімен әрекеттестіріп, ерітіндіні суалтқан. Қандай тұз түзіледі? Оның массасы қандай?

№8

Орын басу реакциясы • Тұнба массасы

Мыс(II) хлориді ерітіндісіне массасы 5,6 г темір пластинкасы салынады. Темір толық еріді. Бөлінген мыстың массасын есептеңдер.

IV. Қорытынды

Білімді бекіту үшін тест жұмысы орындалады.

V. Үй тапсырмасы

  • §5. 1–5 тапсырмаларын орындау.
  • 4-тапсырманы қайталау.

VI. Бағалау

Оқушылардың жауабы, есеп шығару дәлдігі және тест нәтижесі бойынша бағаланады.