Компьютер жанындағы өсімдік
Бұл материал «Интеллектуалды жекпе-жек» форматындағы информатикалық-интеллектуалды сайыс сабағын өткізуге арналған. Оқушылардың пәндік білімін жинақтап, интернетпен жұмыс істеу дағдыларын тәжірибе арқылы дамыту көзделеді.
Мақсаттары
Білімділік
- Информатикадан алған білімді жүйелеу және жинақтау.
- Ой-өріс пен танымдық қабілеттерді дамыту.
- Шығармашылыққа баулу, ойын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық
- Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
- Интернетті тиімді пайдалануға үйрету.
Тәрбиелік
- Компьютерге қызығушылықты арттыру, еңбекке тәрбиелеу.
- Интернет арқылы ақпарат алмасу мәдениетін қалыптастыру.
Түзету
- Сергіту және көз жаттығуларын орындату.
- Көзге күш түсірмеу қағидаларын сақтату.
Күтілетін нәтижелер
Оқушылар білуі тиіс
- Информатика ғылымы туралы негізгі түсініктер.
- Интернет туралы жалпы ұғым және мүмкіндіктері.
- Интернетке қосылуға арналған бағдарламалар.
Оқушылар меңгеруі тиіс
- Компьютерді тиімді және уақтылы қолдану.
- Интернетке қосылу тәсілдерін қолдану.
- Интернеттен ақпарат алу, тарату және сақтау.
Ескерту
Монитор мен көздің арақашықтығы 60–70 см болғаны дұрыс.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті ұстаздар, қонақтар және білім алушылар! Сіздердің компьютерді қаншалықты меңгергендеріңізді анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Интеллектуалды жекпе-жек» сайысына қош келдіңіздер!
Қатысушы топтар
- «Ғаламтор»
- «Wi‑Fi»
Әр топ қысқаша таныстырылым жасайды.
Сергіту сәті
Қысқа видео арқылы бойды сергітіп, ойынды бастаймыз.
Ойын — толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.Ойын — толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Сайыс кезеңдері
- 1. Бәйге
- 2. Полиглот
- 3. Тапқырлық
- 4. Практикалық жұмыс
- 5. Бейне сұрақ
I бөлім — «Бәйге»
Әр сұраққа шапшаң әрі дұрыс жауап берген топ 1 ұпай алады.
I топтың сұрақтары
- 1.Алғашқы есептеу құрылғысы — саусақ.
- 2.Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас — интерфейс.
- 3.Монитор мен көздің арақашықтығы — 60–70 см.
- 4.Принтер түрлері — лазерлік, құйылмалы, матрицалық.
- 5.Өшірілген файлдар сақталатын бума — Корзина.
II топтың сұрақтары
- 1.8 биттен тұратын өлшем бірлік — байт.
- 2.Ең алғашқы ЭЕМ — 1946 ж., АҚШ.
- 3.ЭЕМ-нің I буынында компьютерлер — электрондық шамдармен жұмыс істеді.
- 4.Компьютер жанындағы өсімдік — кактус.
- 5.Вирусқа қарсы бағдарлама — антивирус.
II бөлім — «Полиглот»
Слайдта көрсетілген ұғымды қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде атау керек. Үшеуі де дұрыс болса — 1 ұпай, қате болса — 0 ұпай.
I топ
-
Компьютердің енгізу құрылғысы, манипулятор
тышқан — мышка — mouse
-
Жұмыс үстелінің негізгі мәзірі
Бастау — Пуск — Start
-
Терезені жабу батырмасының атауы
Жабу — закрыть — exit
II топ
-
Сурет салу құралы
қарындаш — карандаш — pencil
-
Құжатты сақтау батырмасының атауы
Сақтау — сохранить как — Save as
-
Қажет емес символды өшіру пернесі
алып тастау — удалить — Delete
Сергіту + көз жаттығуы
Қысқа видео арқылы сергіп, ойынның келесі кезеңіне өтеміз.
III бөлім — «Тапқырлық»
Топ мүшесі жауап берсе де, бере алмаса да, кезек келесі ойыншыға өтеді.
I топ
-
Жануарға ұқсас атым бар, бағдар көрсетер затым бар. Кілемше үстінде тұрамын, ең қажетті құралмын.
Жауабы: тышқан
-
Қанша тетік тізілген, саусағыңды сезінген. Барлық сенің ойыңды компьютерге енгізген.
Жауабы: пернетақта
-
Экранның бетінде оның тұрағы, қашан болсын жыпылықтап тұрады.
Жауабы: меңзер (курсор)
II топ
-
Барлық сурет, мәтінді компьютерге енгізген, керек емес жерін де компьютерден өшірген.
Жауабы: мәтіналғы (сканер)
-
Компьютерден енеді, қағазға басып береді.
Жауабы: басып шығарғыш (принтер)
-
Төрт бұрышты әйнек, тұнып тұрған әлек.
Жауабы: монитор
Кеспе қағаз (Брайль әліпбиі)
I топ
Қағаз бетінен алады, бірден компьютерге салады.
Жауабы: мәтіналғы (сканер)
II топ
Өзі темір, жаны жоқ. Ақпаратты сақтап, таратады, жұртты өзіне қаратады.
Жауабы: жүйелік блок
IV бөлім — Практикалық жұмыс
Топ мүшелері компьютерде берілген тапсырманы орындайды. Дұрыс орындалса — 1 ұпай, қате болса — 0 ұпай.
I топқа тапсырма
Internet Explorer браузері арқылы Қазақ хандығына 550 жыл тақырыбында ақпарат табыңдар. Мәліметті Word бағдарламасына көшіріп, шағын реферат дайындап, файлды сақтаңдар.
II топқа тапсырма
Internet Explorer браузері арқылы Ұлы Жеңіске 70 жыл тақырыбында мәлімет табыңдар. Мәліметті Word бағдарламасына көшіріп, шағын реферат дайындап, файлды сақтаңдар.
«Брайль тілін білесің бе?» бөлімі
Компьютерде берілген мәтінді 1 минут ішінде оқып шығу керек. Дұрыс оқылса — 1 ұпай, қате болса — 0 ұпай.
I топ
«Ақпарат» сөзі латын тілінен енген, «түсіндіру», «баяндау», «мәлімет» деген ұғымдарды білдіреді. Ақпарат — белгілі бір хабардың, жаңалықтың, өткен оқиғалардың мазмұны. Адамдар ерте кезден-ақ ақпаратты беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеп, тауып келеді.
II топ
Интернет — бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасуға және жеткізуге мүмкіндік беретін желілер жүйесі. Интернетке қосылу арқылы білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар ұсынатын миллиондаған ақпарат көздеріне қол жеткізуге болады.
Көз жаттығуы
Слайд бойынша көзге арналған қысқа жаттығу орындалады.
V бөлім — Бейне сұрақ
Слайдта көрсетілген суреттерді атау керек. Дұрыс жауап — 1 ұпай, қате жауап — 0 ұпай.
Қорытынды
Осымен бұл қызықты сайысты тәмамдасақ,
Бұл жайды айтамыз байыппен болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
Әділқазы мүшелері топтардың ұпайларын есептегенше, оқушылар сергіту жаттығуын орындайды. Жиналған ұпайлар қорытындыланып, жеңімпаз топ анықталады.
Марапаттау
Жеңімпаз топ мақтау қағазымен марапатталады.