Беттің параметрі
Сабақ туралы мәлімет
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, №1 мектеп-гимназиясы. Мұғалім: Дәутова Ақбидай.
Сабақтың тақырыбы
Кестелер. Кесте құру
Жалпы мақсат
Оқушыларды мәтіндік процессор құралдарындағы кестелермен таныстыру және кесте құру ережелерін меңгерту. Сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамыту, жұптық және топтық жұмысқа дағдыландыру.
Күтілетін нәтижелер
- Кесте ұғымын және кесте құру тәсілдерін біледі.
- Кестені өз тәжірибесінде қолдана алады.
- Қойылған сұрақтарға дәлелді жауап беріп, өз ойын негіздейді.
I. Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын тексеру
- Смайлик арқылы көңіл күй тренингін өткізу.
- Түрлі түстер арқылы топқа бөлу.
- «Ыстық орындық» әдісі.
Топтық тапсырмалар
I топ
§19. Нөмірленген және маркерленген тізімдер.
II топ
§20. Беттің параметрлері. Баспаға шығару.
Тақырыпты анықтау
Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын оқушылар сөзжұмбақ арқылы сабақ тақырыбын анықтайды.
1) Ақпараттық процесті жүзеге асыратын?
2) Меңзердің оң жағындағы әріптерді өшіруге арналған перне?
3) Бас әріптер режимін қосып-өшіретін перне?
4) Команда атауынан және параметрінен тұрады?
5) Дүниежүзілік желі?
Сабақ мақсаты
Кесте ұғымын түсіну, кесте құру тәсілдерін меңгеру, кестелерді сызу және толтыруды үйрену.
II. Мағынаны тану
Мәтінмен жұмыс
- I топ: 140–141-беттер.
- II топ: 142–143-беттер.
«ЖИГСО» әдісі
- Қызыл, жасыл, сары стикер арқылы 3 топқа бөліну.
- Шағын топта талдау: әр оқушы өз бөлігін түсіндіреді.
- Бастапқы топқа қайта оралып, мазмұнын біріктіру және қорытындылау.
Постер қорғау
Әр топ өз тақырыбы бойынша постер дайындап, сынып алдында қорғайды.
Талқылау және дәлелдеу
Оқушылар талқыланған ақпаратты өз тобы ішінде саралап, негізгі ойды тұжырымдайды және дәлел келтіреді.
Сергіту сәті
«Қар кесегі» әдісі арқылы қысқа сергіту ұйымдастырылады.