Денсаулық байлықтан қымбат

Тазалық – денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі

Бұл сабақ оқушыларды гигиеналық талаптарды сақтауға, денсаулығын күте білуге үйретуді мақсат етеді. Сонымен қатар «Қазақстан – 2030» бағдарламасы туралы түсініктерін қалыптастырып, денсаулықты сақтаудың қоғам үшін маңызын ұғындыруға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

  • Гигиеналық талаптарды орындауға дағдыландыру
  • Өз денсаулығын күте білуге үйрету
  • «Қазақстан – 2030» бағдарламасы туралы ұғым қалыптастыру

Әдіс-тәсілдер

  • Топпен жұмыс
  • Сұрақ-жауап
  • Топтастыру
  • Ойындар

Негізгі идея

Тазалық әдеті – денсаулықтың тірегі. Ал денсаулық – адамның өміріндегі ең үлкен байлық, ең сенімді қор.

Есте сақта: «Дені сау – жаны сау».

Сабақтың барысы

Кіріспе бөлім

Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады. Сынып үш топқа бөлінеді, әр топ өз атауын қорғап, негізгі ойларын топтастыру арқылы ұсынады.

І топ

Тазалық

Гигиена, ұқыптылық, қол жуу, қоршаған ортаны таза ұстау.

ІІ топ

Денсаулық

Дұрыс тамақтану, тазалық әдеттері, шынығу, күн тәртібі.

ІІІ топ

Байлық

Нағыз байлық — денсаулық, ал материалдық игілік — соның нәтижесі.

ІІ бөлім: Әдеби-музыкалық монтаж

Ақтоты

Шат көңілді адамдар, ақ көңілді адамдар.
Денсаулық — зор байлық, жан саулық — мол байлық.

Қайырбек

«2030» — бағытымыз, жетістікке бастайды әр ісіміз.
Өркениетті елімді көркейтетін — табиғатты қорғау парызымыз.

Мөлдір

Денсаулықты нығайту — басты мақсат.
Үлкен-кіші денсаулығын қорғаймыз — бұл халқымыз үшін игі іс.
Әрқашан алға бассын қадамымыз, жақсылық болсын біздің ұранымыз.

Бағдарламада адам денсаулығын сақтауға ерекше мән беріледі. Осы ойды бекіту үшін оқушылар денсаулық туралы мақал-мәтелдер айтады.

  • Арман

    Денсаулық байлықтан қымбат.

  • Гүлдана

    Дені сау болса, жарлымын деме.
    Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.

  • Ерасыл

    Тамақтың түрі көп, ал денсаулық біреу.

  • Ислам

    Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

Шымырлық — шынығудан. Спорттық ойындар бойға күш беріп, ағзаны бекітеді. Спортпен айналысқан адам сирек ауырады.

Күш берер бойыңа — спорттық ойын да.
Спорт та ем болар — жаттықсаң, ем қонар.

«Кім тапқыр?» ойыны

Сөздерді тауып, оларды мағынасына қарай топтастыру ұсынылады: зиянды, пайдалы және байлыққа қатысты ұғымдар. Оқушылар өз пікірлерін айтып, таңдауларын дәлелдейді.

Зиянды

  • арақ
  • темекі
  • кәмпит
  • есірткі

Пайдалы

  • қызылша
  • алма
  • өрік
  • жүзім

Байлық

  • машина
  • ақша
  • үй
  • денсаулық

Шығармашылық және сахналық жұмыс

  • «Бұл не?» әні (хор)
  • «Тазалық – саулық негізі» тақырыбындағы шығармаларды оқу
  • Жұмбақтар шешу
  • «Не жедің?» көрінісі

ІІІ бөлім: Бекіту сұрақтары

І топ

Неліктен жеміс-жидектерді жеер алдында ата-ана мен үлкендер міндетті түрде жуып жеуді айтады?

ІІ топ

Сенің ойыңша, тамақ ішер алдында қолды жуу міндетті ме? Неліктен?

ІІІ топ

«Тазалық — денсаулық негізі, денсаулық — байлық негізі» деген нақыл сөзді қалай түсінесің?

Қорытынды

Сабақ соңында оқушылар «Ел қорғауға әзірміз» әнін хормен орындайды.