Мамандық атаулары туралы мағлұмат бере отырып, әрбір маман иесіне құрметпен қарау сезімін дамыту
Іс-шара туралы мәлімет
Өтетін орны
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға ауылы
Білім ұйымы
«Мөлдір» балабақшасы МКҚК
Тәрбиеші
Қалиева Камшат Садыковна
Өткізілетін түрі
Көңілді сәт
Тақырыбы
«Мамандықтың бәрі жақсы»
Көрнекіліктер
- Шаштаразға арналған құралдар
- Дүкеншіге арналған құралдар
- Дәрігерге арналған құралдар
Мақсаты
- Әр мамандық иесі және олардың қолданатын құралдары туралы түсінік қалыптастыру.
- Мамандық атаулары жөнінде мағлұмат бере отырып, еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу.
- Монологтік сөйлеу тілін дамыту.
Сабақ барысы
Іс-шара балалардың қонақтарды қарсы алуынан басталып, мамандық иелерімен танысу, рөлдік диалогтар, сергіту сәті және танымдық ойын арқылы жалғасады.
1) Қонақтарды қарсы алу
Тәрбиеші
Балалар, байқайсыңдар ма, біздің топқа көп қонақ келіпті. Ендеше, қонақтармен амандасайық:
Амандасу — үлкенге
Тәрбиенің басы ғой.
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті.
Балалар
Сәлеметсіздер ме, апайлар?!
Қонақтар
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Тәрбиеші
Балалар, бүгінгі қонақтарымыз кім екен? Қане, бірге айтайық: дәрігер, дүкенші, шаштараз!
2) «Дәрігер» мамандығымен танысу
Дәрігер
Қане, балалар, маған бір-бірлеп келіп қаралуға болады. Мен сендерге қолымнан келген көмегімді беремін.
Байқадым, шаштарың өсіп кетіпті. Шаштарыңды қидырып алыңдар, жарай ма?
Балалар
Жарайды, апай. Сіз бізге көп көмектестіңіз, рақмет!
3) «Шаштараз» мамандығымен танысу
Шаштараз
Балалар, сендер мені іздеп келдіңдер ме?
Балалар
Иә, апай. Шашымызды қидырып, әдемі етіп сәндеткіміз келеді.
Шаштараз
Ендеше, балалар, мына орындыққа отырыңдар. Мен сендердің шаштарыңды әдемілеп сәндеп беремін.
Балалар
Апай, шашымызды қиып, өріп бергеніңізге көп-көп рақмет!
4) «Дүкенші» мамандығымен танысу
Тәрбиеші
Балалар, сендер қайда барасыңдар?
Балалар
Біз дүкенге бара жатырмыз.
Тәрбиеші
Жарайды, мен сендерді осы жерде күтемін. Дүкенге барып, алатын заттарыңды алып келіңдер.
Дүкенші
Балалар, не аласыңдар?
Балалар
Біз қолымыздағы ақшаға алма алғымыз келеді.
Дүкенші
Жарайды. Алманы міндетті түрде жуып жеңдер, жарай ма?
Балалар
Рақмет, апай. Алманы жуып жейміз.
Қозғалыс және ойын бөлімі
Сергіту сәті
Тәрбиеші балаларды қимыл-қозғалысқа шақырып, бәрі бірге өлеңді айтады:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
«Кім тапқыр?» ойыны
Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдар қойылады. Екі бала шақырылып, құралдарды мамандықтарға сәйкес екі үстелге бөліп жинайды.
Ойынның мақсаты
Балалардың зейінін, логикалық ойлауын және мамандық құралдарын ажырату дағдыларын дамыту.
Қорытынды
Тәрбиеші
Балалар, сендерге мамандық иелері ұнады ма? Жарайсыңдар! Ендеше, рақмет айтып, апайлармен қоштасайық.
Балалар
Сау болыңыздар!