Фабрика сөзі
Сабақтың тақырыбы
Ф дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды Ф дыбысы мен әрпімен таныстыру.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Көрнекілік
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелеу
Көрнекі құралдар
- Суреттер, слайдтар
- Дауысты және дауыссыз дыбыстарға арналған «үйшік»
- Аудио музыка
Сабақтың міндеттері
Білімділік
Әріпті таныту; сөздерді тұтастай оқуға, мәтін мазмұнын талдауға үйрету.
Дамытушылық
Сөздік қорын молайту, алған білімдерін бекіту және қалыптастыру.
Тәрбиелік
Елін мақтан етуге, сүюге тәрбиелеу.
Негізгі идея
Ф — дауыссыз дыбыс. Ол сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
- Бүгінгі күн қандай тамаша!
- Армысың, жаңа күн!
- Армысыңдар, достарым!
- Армысыздар, ұстаздар!
2) Үй тапсырмасын тексеру
Мұғалім ұйқас өлең оқиды. Оқушылар өлең ішінен тек в дыбысынан басталатын сөздерді тауып, атайды.
Өлең
Үй алдында Ваня ағай
Велосипед майлады.
Вова шығып далаға
Вагон сүйреп ойнады.
Кітаппен жұмыс
«Вокзал» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беру.
3) Кіріспе жұмыс
Мозайка тапсырмасы
Жаңа әріпке қатысты суреттерді құрастыру:
- Фотоаппарат
- Факс
- Фотограф
- Ферма
- Фирма
- Фабрика
- Телефон
Жұмбақ
Бір құлағы сөйлесе,
Бір құлағы тыңдайды.
Білсең айтшы ендеше,
Жұрт не дейді мұндайды?
Кітаппен жұмыс
- Телефон түрлерімен таныстыру.
- Су астында да суретке түсіруге арналған фотоаппаратты көрсету.
- «Телефон» сөзін дыбыстық талдау.
- Кітаптағы жаңа сөздер мен өлеңдерді оқу.
4) Қызығушылықты ояту
Ой қозғау: «Фабрика»
«Фабрика» сөзін талқылау. Кондитер фабрикасы туралы әңгімелеу: шоколад бізге қалай келеді?
Слайд көрсету арқылы түсіндіру.
5) Дәптермен жұмыс
- 1 «Ф» әрпін ауада жазу.
- 2 «Ф» әрпін дәптерге жазу.
6) Сергіту сәті
Шаңғыменен сырғанап,
Боран болып уілдейміз.
Қар болып жапалақтап,
Еппен жерге қонамыз.
7) Жаңа сабақ
Дыбыс туралы өлең
Қос мықынын тіреніп,
Тұрады ылғи шіреніп.
Ереже
Ф — дауыссыз дыбыс. Ол сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі.
«Сиқырлы кітаптағы» жаңа сөздерді қайталау.
8) Дәптермен жұмыс: толықтыру
Түсіп қалған әріптерді орнына қойып жазыңдар:
Сөз
фут..ол
Сөз
фер..а
Сөз
теле..он
Сөз
фи....ма
9) Сабақты бекіту
Буындардан сөздер құрастырып, тиісті суреттермен сәйкестендіру.
10) Қорытынды
Сұрақтар
- Қай әріппен таныстық?
- Жаңа сөздерді атап беріңдер.
Марапаттау және қорытындылау
Кондитер фабрикасынан сыйлық ретінде шоколад тарату.
Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасын күнделікке жазу.