Шөгінді жыныстар

Ашық сабақ · 7-сынып

Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары

Бұл сабақ саяхат форматындағы топтық жұмыс арқылы Африка материгінің жер бедерінің қалыптасу ерекшеліктерін және пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын түсіндіруге бағытталған.

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Саяхат сабақ, топтық жұмыс

Әдістер

Сұрақ-жауап, талдау

Іздендіру, түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу

Құралдар

Карта, атлас, АКТ

Интербелсенді тақта, кескін карта, бағалау парағы

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Африканың жер бедері мен пайдалы қазбаларының орналасуы туралы білім қалыптастыру.

Дамытушылық

Жер бедерінің даму тарихын және пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын ұғындыру, зерттеушілік дағдыларды дамыту.

Тәрбиелік

Бірлесіп оқу, өзара көмек, топтағы жауапкершілік және негізгі ойды анықтау мәдениетін қалыптастыру.

Қолданылатын модульдер

  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

  • Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы

  • Бағалау

  • АКТ қолдану

Стратегиялар мен тапсырма түрлері

Блум таксономиясы Сұрақ-жауап Анықтаңыз Зерттеу аялдамасы Сергіту сәті Семантикалық карта Географиялық диктант Сәйкестендіру тесті Кім жылдам Рефлексия

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабақ басындағы көңіл күйді анықтау: «Шаттық шеңбері», смайлик арқылы кері байланыс.
  • Тақырып бойынша топқа бөлу.

I топ

Жазықтар, қыраттар, үстірттер

II топ

Таулар

III топ

Магмалық жыныстар

IV топ

Шөгінді жыныстар

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) Сұрақ-жауап (жылдам жауап беру)

  1. Материктің жалпы ауданы қанша?

    Аралдарымен қоса алғанда — 30,3 млн км²; аралдарсыз — 29,2 млн км².

  2. «Африка» атауы қайдан шыққан?

    Материкте өмір сүрген африги тайпасының атауымен байланысты.

  3. Жер шарындағы ең үлкен тропиктік шөл?

    Сахара.

2) «Анықтаңыз» (картамен жұмыс)

Солтүстік шеткі нүкте

Бен-Секка

Оңтүстік шеткі нүкте

Ине

Батыс шеткі нүкте

Альмади

Шығыс шеткі нүкте

Рас-Хафун

3) «Зерттеу аялдамасы» (слайдтар бойынша)

  • Географиялық орны бойынша талдау.
  • Васко да Гаманың жүзіп өткен маршрутын картадан көрсету.
  • Н. И. Вавилов туралы дерек.
  • Д. Ливингстонның зерттеулері.

III. Жаңа сабақ

Жоспар

  1. A)Материк жер бедерінің ерекшеліктері
  2. B)Жер бедерінің қалыптасуы
  3. C)Пайдалы қазбалар

Алдыңғы білімді белсендіру

Жер бедері дегеніміз не?

Жер бетінің ойлы-қырлы пішіндері мен олардың жиынтығы.

Қандай негізгі формаларын білесіңдер?

Жазық, қырат, үстірт, тау, ойпат, қазаншұңқыр.

Материктің жер бедерінің ерекшелігі

Африканың көпшілік бөлігін Гондвана дәуірінен қалған ежелгі платформа алып жатыр. Платформаның экватордан солтүстік-батысқа қарай орналасқан бөлігі аласа, ал оңтүстік-шығысы көтеріңкі. Сондықтан материкте абсолюттік биіктігі 200–1000 м аралығындағы жазықтар, қыраттар, үстірттер және таулы үстірттер басым.

Жер бедерінің қалыптасуы

Африка платформасының әр бөлігінде ұзақ уақыт бойы баяу көтерілу және төмен түсу қозғалыстары жүріп отырған. Соның нәтижесінде платформаның негізін құрайтын ежелгі кристалды жыныстар көтеріліп, жақпарлы-қатпарлы қалдық таулар мен Аир, Дарфур сияқты үстірттер қалыптасты. Кейбір аудандарда бұл үрдістер Ахаггар және Тибести тәрізді ірі, тік жарлы таулы қыраттарға ұласқан.

Платформа майысып, төмен түскен бөліктерін ұзақ уақыт теңіз басып жатқан. Мұндай ойыстарда теңіздік және континенттік шөгінділер жиналып, беті тегіс ірі қазаншұңқырларды қалыптастырды: Чад, Конго, Калахари.

Материктің шығысындағы Мадагаскар аралы — Африка платформасынан ертеректе ажыраған бөлік. Ойпаттар аз және көбіне жағалық аймақтарға тән.

Негізгі тектоникалық құбылыс

Кайнозойда Африка–Арабия біртұтас литосфералық плитасының Еуразия плитасымен ығысуы нәтижесінде Арабия Африкадан бөлініп, қазіргі Қызыл теңіздің табаны ашылды. Қызыл теңізден басталған терең тектоникалық жарылыстар жүйесі Ұлы Шығыс Африка жарылыстары деп аталады. Ол Африканың шығысын бойлай Замбезия өзенінің сағасына дейін шамамен 6500 км созылады.

Африканың ең биік нүктесі — Килиманджаро жанартауы. Жер қыртысындағы жарылыстар бойында қалыптасқан көл қазаншұңқырлары материктің ең терең әрі ірі көлдер жүйесін құрайды. Ал жанартау атқылауының ірі орталығы болған Айдаһар таулары Үнді мұхиты жағалауына қарай сатыланып биіктейді.

Таулы жер бедері платформа шеттеріндегі әр түрлі жастағы қатпарлы құрылымдарға тән. Оңтүстіктегі палеозойда көтерілген Кап таулары кейін үгілу әсерінен аласарып, үстірттерге айналған. Солтүстік-батыстағы Атлас таулары — Африкадағы салыстырмалы түрде жас қатпарлы таулы аймақ; ол Еуразиядағы Альпі–Гималай жүйесімен бір кезеңде көтерілген.

Пайдалы қазбалар және таралуы

Африка пайдалы қазбаларға өте бай. Көптеген кен орындары қоры бойынша дүние жүзіндегі ірілердің қатарына кіреді. Пайдалы қазбалардың пайда болуы мен таралуы жер қыртысының құрылысы және геологиялық даму тарихымен тығыз байланысты.

Магмалық жыныстар таралған аймақтар

  • Қара және түсті металдар: мыс, мырыш, қалайы
  • Уран, алтын, алмас
  • Кобальт пен мыс — материктің орталық бөлігінде
  • Платина, алтын, алмас — Оңтүстік Африкада
  • Уран — Сахараның орталығы мен Намиб шөлінде

Шөгінді жыныстар қалың жиналған аймақтар

  • Тас көмір, мұнай, табиғи газ, әр түрлі тұздар
  • Темір, фосфорит, боксит, марганец (шөгінді жолмен)
  • Мұнай — Жерорта теңізі жағалауы мен Гвинея шығанағында
  • Фосфорит — Атлас тауларында аса ірі қор
  • Көмір — Оңтүстік Африкада мол

Тарихи-әлеуметтік ескерту

Ұзақ уақыт бойы Африканың қазба байлықтары АҚШ пен Еуропаның дамыған елдерінің қажетіне шамадан тыс пайдаланылды. Африка елдерінің тәуелсіздік алуымен бірге сыртқы ықпал біртіндеп азайып келеді.

IV. Сергіту сәті

Музыкалық үзіліс

«Бәрі жақсы болады» әнін тыңдау (1 минут 6 секунд).

V. Топтық жұмыс

  • Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруге арналған деңгейлік тапсырмалар беріледі.
  • Оқу құралдары мен жұмыс тәсілдері көрсетіледі, бағыт-бағдар беріледі.
  • Картамен және плакатпен жұмыс: Африка материгі бейнеленген плакат бойынша талдау.
  • Әр топ өз тақырыпшасын талқылап, кейін сынып алдында түсіндіреді.

I топ

Жазықтар, қыраттар, үстірттер

II топ

Таулар

III топ

Магмалық жыныстар

IV топ

Шөгінді жыныстар

VI. Бекіту (саяхат сабақ форматы)

Бекіту кезеңі «саяхат» тәсілімен ұйымдастырылады: әр топтың басшысы басқа топқа барып, тапсырмалар мен сұрақтар ұсынады, орындалуын қадағалайды және бағалайды.

Бағалау

Бағалау парақтары арқылы өзара бағалау жүргізіледі.

Рефлексия

Сабақ соңында қысқаша кері байланыс алынады.

Пәні

География

Мұғалім

Какимов Б. А.