Қасымның өлімі

Ашық сабақ 4-сынып Аудандық семинар

Сабақ тақырыбы: Мұхтар Әуезовтің «Жетім» әңгімесі

Білімділік

Әңгімені мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету; оқу дағдыларын қалыптастыру; шығарманың тақырыбын ашу.

Дамытушылық

Оқушылардың сөздік қорын, ойлауын, елестету қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта, бейнетаспа
  • М. Әуезовтің портреті
  • М. Әуезов шығармалары (кітаптар, үзінділер)

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарын шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтар:

  1. Үйге қандай тапсырма берілді? — Асқар Дулатовтың «Аяулы Жақан» әңгімесін оқып келу және мазмұнын айту.
  2. Үйдегі дайындық бойынша әңгіменің мазмұнын кім айтып береді?
  3. Сызба бойынша Міржақыпқа сипаттама берейік:
    • Сыртқы түрі, әлпеті қалай суреттелген?
    • Автордың көзқарасы, ойы қандай?
    • Неліктен «Жақаң» деп атайды?
    — «Жақаң» деуі Міржақып Дулатовқа деген сый-құрметтің белгісі.

III. Дәйексөз арқылы ой қозғау

«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді адам емес.»
— Мұхтар Әуезов

Талқылау сұрақтары:

  1. «Өз тілін, әдебиетін білмеген» деген ойды қалай түсінесіңдер?

Әр ұлт өз тілін білуі керек. Тілді білу — өткенді тану. Өткен дегеніміз — тарих, ал тарихтың айнасы — әдебиет. Әдебиет арқылы біз халықтың болмысын, жолын, тағдырын танимыз.

Мұхтар Әуезов туралы қысқаша мәлімет

Мұхтар Әуезов (1897–1961) — қазақтың ұлы жазушысы, ғалым, қоғам қайраткері. Шығыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген.

Әлемге кең тараған төрт томдық роман-эпопеясы: «Абай жолы».

IV. Жаңа сабақ: «Жетім» әңгімесі

Бүгін танысатын «Жетім» — халық ортасынан шыққан қарапайым адамдардың өмірін, қоғамдағы қатыгездік пен немқұрайлықты суреттейтін шығарма.

Ситуациялық сұрақтар

  1. Қасымның қашуы дұрыс па? Неліктен кері қайырылмады?
  2. Егер сен Қасымның орнында болсаң, не істер едің?

Сөздік жұмысы

Қиянат
Әділетсіздік.
Қаға беріс
Шеттеу, шет қалдыру.

М. Әуезов шығармалары бойынша «Көксерек», «Қараш-қараш оқиғасы» сияқты туындылар экрандалған. «Жетім» әңгімесі де адам тағдырына үңіліп, өмір шындығын ашып көрсетеді.

V. Топтық жұмыс

1) Ғылым тобы

Оқулықпен жұмыс: мәтінді мәнерлеп оқу, бөлімдерге бөлу.

  1. Жалғыз жаяу
  2. Қасымның әжесінен айырылып, қаралы күйге түсуі
  3. Иса мен Қадишадан көрген қорлығы
  4. Тау ішіндегі қорқыныш
  5. Ағашқа қатып қалған бала

2) Тілшілер тобы (жазба жұмыс)

  1. Жеті түнде Қасымды айдап шыққан кім? (Әңгіменің қай бөлімінде?)
  2. Қасымның әжесінен айырылуы қалай суреттеледі?
  3. «Жетімнің малына қиянат қылма! Өзін адам ет, күт, асыра, жылатпа!» — деп кімге аманаттады?
  4. Қасымның ойы неліктен шатасты?
  5. Тау ішіндегі түнгі қорқыныш қалай беріледі?
  6. Қарама-қарсы элементтерді табу (қайшылықты көріністер).

3) Бейнелеушілер тобы

  1. Табиғат балаға қалай көрінеді? Көңіл күйімен үндестігін дәлелдеу.
  2. Бөлім бойынша сурет салу.
  3. Рөлге кіріп, Қасымның бейнесін көрсету.
  4. Қасым неге жеті түнде жалғыз жаяу келе жатты?
  5. Қасымның тағдыры неліктен қиын болды?
  6. Әңгіменің «Жетім» деп аталу себебі қандай?

VI. Ойлау стратегиясы

«Жетім» деп кімдерді айтамыз? Көз алдарыңа кімдер елестейді? Осы ұғымды бір-екі сөйлеммен сипаттап көріңдер.

Жетім — ...

VII. Мақал-мәтелдермен жұмыс

«Жаңбыр жаумаса — жер жетім.
Үйрек-қаз кетсе — көл жетім.»

«Ері жоқ ел — жетім,
Елі жоқ ер — жетім.
Парықсыз болса, сөз жетім.»

VIII. Жаңа сабақты бекіту

Оқиға желісі

Әңгіме Қасымның өмірден көрген ауыртпалығынан басталып, трагедиямен аяқталады: қорқыныштан жүрегі жарылып, Қасым қайтыс болады.

Шығарманың идеясы мен құндылығы

  • «Жетім көрсең, жебей жүр» — мейірім мен жауапкершілікке шақыру.
  • Әр бала ата-анасымен бақытты; ата-ана қадірін бағалай білу керек.
  • Қоғамдағы немқұрайлық пен қатыгездіктің бала тағдырына әсері.

Мақал-мәтелдерді сәйкестендіру (талдау)

  1. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас.»
  2. «Қара көзден нұр тайса, айналаң қара түн болар.»
  3. «Жақсы — жаныңа жолдас, жаман — малыңа жолдас.»
  4. «Жаман сөз жүрекке тастай тиеді.»
  5. «Қорқаққа қос көрінеді.»

Қазіргі заманмен салыстыру

Қазіргі қоғамда да жетім балалар бар. Бүгінде олар мемлекет қамқорлығындағы балалар үйлерінде тәрбиеленеді.

Дегенмен, қанша жағдай жасалса да, ата-ананың мейіріміне ештеңе тең келмейді. «Анасының қасында қара су ішкенге не жетсін?» деген сөз осыны аңғартады.

Ойтолғау сұрағы:

Елімізде жетімдер саны азаюы үшін қандай тілек айтар едіңдер?

Тілектерді қағаз бетіне түсіру: Ана, Әке, Ата, туған-туыс.

IX. Бейнематериал

Балалар туралы және шетелдегі балалар өмірі туралы бейнеролик көру, әсерімен бөлісу.

X. Қорытынды ой

Рефлексия сұрақтары

  • Бүгінгі шығарманың негізгі ойы қандай?
  • Нені білдік?
  • Нені білгіміз келеді?

Қай жерде жүрсек те, қоғамнан өз орнын таба алмай, өмірдің ауыр соққысынан теріс жолға түскен адамдарға тек жеккөрінішпен қараудан сақ болайық. Мұндай жағдайдың көбейуіне қоғамдағы немқұрайлық, Иса секілді қатыгез адамдардың ісі және біздің үнсіздігіміз де әсер етеді.

Қасым секілді құрбы-құрдастарыңа жанашырлық танытып, қолдау көрсете білсеңдер — бұл адамдықтың белгісі, өз абыройларыңды да арттырады.

«Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады.»
Жетімін жылатпаған ел болайық.

Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман.

XI. Бағалау

Оқушылардың топтық жұмысқа қатысуы, жауаптарының дәлелділігі, мәтінмен жұмыс сапасы бойынша бағалау.

XII. Үй тапсырмасы

Мұхтар Әуезовтің «Жетім» әңгімесін оқып, мазмұнын меңгеріп келу.