Жасырынған сөзді тауып, омоним сөздерінің мағынасын ашып жаз

Сабақтың тақырыбы

Омонимдер

Сабақтың мақсаты

  • а) Омонимдер туралы түсінік беру, ұғымның негізгі ерекшеліктерін меңгерту.
  • ә) Омонимдер мен көп мағыналы сөздерді ажырата білуге, мағынасын дұрыс түсінуге баулу.
  • б) Ана тіліне сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық құндылықтарды тануға баулу; мысалдар арқылы елін, жерін, туған тілін қадірлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ–жауап, топпен жұмыс, топтастыру, ізденушілік, саралап-деңгейлеп оқыту.

Көрнекіліктер

Оқулық, Абайдың портреті, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сыныптың және тақтаның тазалығын тексеру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Лексика нені зерттейді?
  2. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?
  3. Көп мағыналы сөздер қалай жасалады?
  4. Құлақ, бас, көз, түп, кілт сөздерін кестеге түсіріп, бастапқы және ауыспалы мағыналарын анықтап толтыру. Кез келген бір сөзге сөйлем құрастыру.

Көп мағынаға ие болды сөзіміз,
Мысалдармен жетті оған көзіміз.
Сөз сырына саяхаттап жүрейік,
Биіктерге шығу үшін өзіміз.

III. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — омонимдер. Омонимдер — дыбысталуы (айтылуы) бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер.

Сыртқы формасы, яғни дыбысталуы жағынан омонимдер көп мағыналы сөздерге ұқсас болып көрінуі мүмкін. Сондықтан олардың ұқсастығы мен айырмашылығын нақты ажырату маңызды.

Талқылауға сұрақ

Тақтада жазылған сөздердің арасынан қандай ұқсастық немесе ерекшелікті байқадыңдар? Ал сөйлемдердегі сөздер қандай сұрақтарға жауап беріп тұр?

1. Құрманғазы бір күйден соң бір күйді төгілтіп отыр.

2. Күйдің құдіретіне сиқырланған ел-жұрт жым-жырт болып, тамаша күйге бөленді.

3. — Қоя берші қолымды, қоя бер, қолым күйді.

4. Құрманғазы жас қыздан мұны күтпеген еді.

5. Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді.

6. Боздаған ботасына зар илеген,
Екі көз жасты өзендей сорғалатып.

Қорытынды: омонимдер — дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары бір-бірінен бөлек сөздер.

Ережені топтастыру

Ортақ белгілері

  • Айтылуы бірдей
  • Жазылуы бірдей

Айырмашылығы

  • Мағыналары әртүрлі
  • Бір немесе бірнеше сөз табына қатысты болуы мүмкін

Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмасы

Кейбір оқушылар омонимдер мен көп мағыналы сөздерді шатастырады. Айырмашылық олардың білдіретін мағынасынан анық көрінеді.

  • Көп мағыналы сөздер бір негізден тарайды, мағыналары өзара жақын және көбіне бір ғана сөз табына жатады.
  • Омонимдер мағыналары жағынан алшақ болады; бір сөз табына да, әртүрлі сөз табына да қатысты кездесуі мүмкін.

Туынды омонимдер

Тілімізде көптеген омонимдер сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Түбір сөзге жұрнақтар қосылуы нәтижесінде пайда болған омонимдер туынды омонимдер деп аталады.

Мысал

Арық:

  • 1) зат есім: су ағызу үшін қазылған шағын су жолы. «Ол егінін арықтан суарады екен.»
  • 2) сын есім: семіз емес, жүдеу. «Арық, құп-қу балалардың беттерінде аштық табы бар.»

Жаттығу жұмысы

62-жаттығу (тақтамен жұмыс)

Оқушылар тыйым сөздерді кезекпен оқиды. Әркім өз тарапынан осы тыйымдарға қатысты естіген-білгенін айтады. Жаттығудан омоним сөздерді табу қажет.

Тамақты асығып ішпе.

Ас қайырмай дастархан басынан тұрма.

63-жаттығу

  • Мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме беру.
  • Үлгіге сүйеніп, мәтіннен омонимдерді тауып, сөз тіркестерін құрастырып жазу.

Деңгейлік тапсырмалар

1-тапсырма

Қатарлар бойынша берілген сөздерге омоним болатын бірнеше сөйлем құраңдар: 1-қатар — «айт», 2-қатар — «ат», 3-қатар — «бөле».

Айт

  1. Айт мерекесі құтты болсын!
  2. Ержан бүгін сабақ айтты.

Қара

  1. Менің қара қозым бар.
  2. Тақтаға зер салып қара.

Бөле

  1. Анамның әпкесінің баласы маған бөле болады.
  2. Жаңа туған нәрестені анасы бесікке бөледі.

2-тапсырма

Омонимдерді тауып, олардың мағынасын түсіндір.

Мысал: «Жаз»

  • 1) «Мәтінді көшіріп жазу» — етістік.
  • 2) «Жапырақ кетті, жаз кетті» — зат есім (жыл мезгілі).

Бүгін кеште ауылда,
Қызықты бір кеш болды.
Аяғымен су кешіп,
Айыбымды кеш деді. (кеш)

3-тапсырма

Қатарлар бойынша сөздердің омонимдерін табыңдар: 1-қатар — «ақ», 2-қатар — «қара», 3-қатар — «жақ». Жасырынған сөзді тауып, омоним сөздердің мағынасын ашып жазыңдар.

1. .... ұзын, ақылы қысқа. (Шашы — зат есім: адамның басына өсетін түк.)

2. Арман құстарға жем .... (Шаш — етістік: жем шашу.)

3. Арсен .... тыңғылықты дайындалды. (Сабаққа — зат есім: мектептегі оқу сабағы.)

4. Оқушылар мұғалімдерімен бірге гүлдің .... мен тамырын микроскоппен қарады. (Сабағы — зат есім: өсімдіктің сабағы.)

5. Айгүл тәтті ұйқыда жатып, .... көрді. (Түс — зат есім: ұйқыдағы көрініс.)

6. .... гүлге қонды. (Ара — зат есім: бал жинайтын жәндік.)

7. .... — еңбек құралы. (Ара — зат есім: ағаш кесетін құрал.)

8. Шешеннің сөзі ортақ, шебердің .... ортақ. (Қолы — зат есім: шебердің жасаған бұйымдары, еңбегі.)

9. Шешен жігіт сөз бастар, батыр жігіт .... бастар. (Қол — зат есім: жасақ, әскер; немесе бастап жүруші топ.)

Сергіту

Сурет бойынша тапсырма беріледі (адамның бейнесі). Адамның кейбір дене мүшелерінің атауы омонимдік мағына береді. Ойлан да тап.

Сабақты бекіту

«Менің жанұям» тақырыбында шағын мәтін құрастыр. Құрастырған сөйлемдеріңде кемінде бір омоним сөз қолданылсын.

Қорытынды

  • Оқушылардың білімін бағалау.
  • Үй тапсырмасы: 64-жаттығу.