Оқушыларды алдын - ала топқа бөліп, топ жетекшілерін сайлау
«Мен соғысты жек көрем!»
Бұл — 4-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу сабағының жоспары. Сабақта Қ. Жұмағалиевтің өлеңі арқылы соғыстың қасіреті, бейбітшіліктің құндылығы, отансүйгіштік пен адамгершілік мәселелері талқыланады.
Әдебиеттік оқу
4-сынып
Жаңа сабақ
Топтық жұмыс
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
- Қ. Жұмағалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
- Мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Тәрбиелік
- Отансүйгіштікке, елжандылыққа және достыққа тәрбиелеу.
- Үлкенді сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру.
Дамытушылық
- Шығармашылық қиялды дамыту.
- Жүйелі ойлау қабілетін жетілдіру.
- Сөздік қорды молайтып, тіл байлығын дамыту.
Сабақтың өтілу барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды алдын ала топқа бөліп, әр топтың жетекшісін сайлау.
- Бағалау жүргізетін аналитик-сарапшылармен таныстыру.
II. Жаңа сабақ
1-тапсырма (1-топ): «Сөздер жасырынып қалды». Әр екінші әріпті сызып тастаңыз — сонда қажетті сөз шығады.
Шифрланған мәтін
МАЕРН СИОПҒНЫУСАТЛЫ ЖҮЕРК КБӨЕРДЕЖМ!
Шешуі
Мен соғысты жек көрем!
Мәлімет
Орны
Қызылорда қаласы, №7 орта мектеп
Авторы
Шамшатова Ануза Аманжолқызы