Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы

Балабақша — алтын бесігім

Халықта: «Ағаш түзу өсу үшін, оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деген нақыл бекер айтылмаған. Еліміздің болашағы — жас ұрпақты тәрбиелеу. Бұл жолдағы бірінші бесік — отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік — білім беру мекемесі.

Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие — адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оның өмір бойына өшпестей із қалдырады. Сондықтан заман талабына сай тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың идеяларды, шығармашылық пен инновациялық жаңашылдықты талап етеді.

2014–2015 оқу жылындағы жылдық мақсаттар

  • Мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулыққа қатысты дағдылары қалыптасуы үшін алғышарттар жасап, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
  • Шығармашылық-эстетикалық бағытта балалардың театрландыру дағдыларын желілі ойындар мен сахналау іс-әрекеттері арқылы дамыту.

Ұйымдастыру жұмыстары

Міндеттерді жүзеге асыру үшін педагогикалық кеңестер, семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, ашық көрсетілімдер және тақырыптық тексерулер ұйымдастырылды. Барлық іс-шаралар жоспарға сәйкес жүйелі түрде орындалды.

Тәрбие мен білім беру кеңістігін жандандыратын іс-шаралар

1 қыркүйек — Білім күні

«Сіз балабақша туралы білесіз бе?» атты ашық күн өтті. Мақсаты — жаңадан келген балалар мен ата-аналарды балабақша өмірімен, күн тәртібімен таныстыру.

Отбасы күні

«Әкем, анам және мен — спорттық біз жанұя» атты спорттық мереке ұйымдастырылды.

Ұстаздар күні

«Ұстаздық — ұлы қызмет!» бұрышы жасақталып, мерекелік іс-шарамен жалғасты.

Күз және Денсаулық күні

«Күзгі бақ әуендері», «Денсаулық еліне саяхат», «Денең сау болғың келсе...», «Сабын көпіршіктерімен би марафоны» атты мерекелік бағдарламалар өткізілді.

Мемлекеттік мерекелер аясындағы тәрбиелік бағыт

1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні және 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне орай ақпараттандыру бұрыштары, ашық сабақтар, спорттық шаралар, сурет көрмелері мен мәнерлеп оқу байқаулары ұйымдастырылды. Бұл бастамалар балалардың патриоттық сезімін қалыптастыруға және азаматтық құндылықтарды түсіндіруге бағытталды.

Денсаулықты нығайту: жүйелі және кешенді жұмыс

Күнделікті тәжірибе

  • Тиімді күн тәртібі және теңгерімді тамақтану.
  • Шынықтыру: сумен шомылу, көз және тыныс алу жаттығулары.
  • Өзін-өзі уқалау элементтері және сауықтыру дағдылары.
  • Қимыл-қозғалыс: ертеңгілік, ояну және жалпы дамыту жаттығулары, спорттық ойындар.

Майтабандықтың алдын алу

Массажды кілемшелер, жалаң аяқпен жүруге арналған кілемшеден жасалған сопақ жолдар сияқты құралдар тұрақты пайдаланылды.

Жыл бойы жұмыс істеген сауықтыру мүмкіндіктері

Балалар үшін жүзу қаузы, сауна, уқалау кабинеті және фитобар қызмет көрсетті. Әр баланың жеке ерекшелігі ескеріліп, шынықтыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілді.

Қалалық тәжірибе алмасу

Қалалық «Жетістіктер апталығы» аясында қауызда «Веселые лягушата» тақырыбында ашық сабақ өткізілді (суда жүзуге үйретуші — Б. Ж. Әбдікеримова, тәрбиеші — Н. А. Доскұлова). Сабақ су астындағы «қазыналарды» жинаудан басталып, көңілді «бақалар жарысына» ұласты.

2015 жылдың ақпанында өткен осы апталықта балабақша тәрбиешілерінің сабақтары Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы тарапынан жоғары бағаланды. Педагогтар жаңа технологияларды көрсетіп, өз тәжірибелерімен әріптестерімен бөлісті.

Шығармашылық және театрландыру бағыты

Жас мамандармен әдістемелік қолдау

Екінші міндет аясында балалармен қатар жас мамандармен де жүйелі жұмыстар жүргізілді. Табиғат бұрышын және театр бұрышын жасақтау бойынша кеңестер беріліп, практикалық көмек көрсетілді. Нәтижесінде «Үздік табиғат бұрышы» байқауы барысында жас ерекшелік топтарында экологиялық алаңдар құрылып, бағдарлама талаптарына сай толықтырылды.

Топтарда туған өлкеміз туралы альбомдар, жылжымалы папкалар мен материалдар қоры жаңартылып отырды.

«Путешествие в сказку»

Қалалық «Жетістіктер апталығы» кезінде естияр орыс тобында сахналық қойылым элементтері арқылы көркем әдебиет сабағы өткізілді (тәрбиешілер — Г. С. Жилгельдина, Ж. Дүйсенбаева). Ізденімпаз педагог Гүлназия Жилгельдинаның еңбегі жоғары бағаланды.

Үш тілдегі «Өзін-өзі тану» сабағы

«Что такое хорошо, что такое плохо» тақырыбында ересек орыс тобында сабақ үш тілде өткізілді (тәрбиешілер — Р. Н. Джауметова, пән мұғалімі — М. Суханбердиева). Сабақ соңында балалардың «Жақсылық пен Жамандық» сахналық қойылымы көрсетілді.

Тәрбиелік мәні жоғары мерекелік кездесулер

«Бір шаңырақ астында»

Наурыз айында Ассамблеяның 20 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Наурыз мейрамына арналған «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік сауықтыру іс-шарасы өткізілді. Іс-шара қалалық білім бөлімі мен қалалық әдістемелік орталық басшыларының қатысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Шара соңында балабақшадағы қазақтың киіз үйінде ұлттық тағамға толы дастархан жайылып, қонақтар дәм татты.

Ардагерлермен тағылымды кездесу

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ардагер аналармен және соғыс жылдарының куәгерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Қонақтар соғыс зардаптары туралы естеліктерімен бөлісіп, балаларға бейбіт аспан тіледі.

Кеш соңы «Достық. Жеңіс. Бейбітшілік.» атты мерекелік бағдарламаға және дастарханға ұласты.

Түлектер, жазғы жоспар және қауіпсіз орта

Қоштасу сәті

Мамыр айында балабақша 65 түлекті мектепке шығарып салды. «Қош бол, балабақшам!» атты ертеңгілік өтіп, ата-аналар үшін «Менің балабақшадағы қызықты сәттерім» стендісі жасақталды. Балалар тәрбиешілерімен қимай қоштасты.

Жазғы тақырыптық шаралар

«Су патшасы қонақта», «Мен жүзуге үйренемін» (қауыз ішінде), түрлі спорттық сайыстар, «Менің арманымдағы Астана» сурет байқауы, «Астана — Отанымыздың жүрегі» мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.

Қауіпсіздік және көгалдандыру

Ойын алаңдарын қауіпсіз жабдықтау және аула аумағын эстетикалық талғамға сай көгалдандыру мақсатында «Ең үздік аула» байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Сонымен қатар аулаға қызанақ, қияр, аскөк, құлпынай, асқабақ сияқты көкөністер отырғызылып, алғашқы өнімдері пайдаланылды.

Педагогтардың кәсіби өсуі және нәтижелер

Әдістемелік жұмыс

№58 «Балауса» балабақшасының тәрбиешілері жыл бойы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қатысты әртүрлі әдістемелік тақырыптарды алып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әдіскер М. М. Оразбекова «Ертегі терапиясы» бойынша шеберлік сыныбын өткізіп, «Балабақшадағы шынықтыру шаралары» тақырыбында семинар-практикумдар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, тиімді әдістерді көрсетті.

Сондай-ақ әдіскеріміз Оразбекова Майра 2015 жылы маусым айында өткен қалалық «Жыл әдіскері — 2015» байқауында I орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алып, онда да жүлделі орынға қол жеткізді.

Оқу іс-әрекеттерінің мазмұны

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері барысында педагогтар балаларға жас ерекшелігіне сай қоршаған орта, сандар әлемі, халықтық бейнелеу өнері, музыка және әуендер туралы түсініктер беріп, оны күнделікті тәжірибеде қолдануға үйретті.

Жоғарғы топ тәрбиешілері С. Мамбеталиева мен Бозбанова ересек топ балаларына арналған ілгермелі жоспар құрастырып, бағдарламаны тереңдете оқытумен қатар, жас мамандарға тәлімгерлік көрсетті.

Тәлімгерлік және жетістіктер

«Балауса» балабақшасы оқу жылында «Крылья ангела» және «Аққу» мектепке дейінгі шағын орталықтарымен тәлімгерлік жұмыстар жүргізді. Жыл бойы педагогтар мен тәрбиеленушілер қала көлеміндегі іс-шараларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

  • Қалалық «Менің — Отаным Қазақстан — 2014» мәнерлеп оқу байқауында Мұқашева Айпатша — III орын.
  • Қалалық «Үздік жас маман» байқауында М. Н. Срдиева — ынталандыру сыйлығы.
  • Балабақша тәрбиеленушілері арасындағы «Жауқазын» фестивалінде «Үздік қазақ биі — 2015» номинациясы бойынша жүлдегер.

Қорытынды ой

Бұл нәтижелер — жүйелі жоспарлаудың, ұжымдық жауапкершіліктің және сауатты басшылықтың жемісі. Балабақшамызға директор болып келген Амангүл Жұбатова — өз ісіне жауапты, білімді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшы.

Балабақшада берілетін тәрбие — тұлға дамуының бастауында тұрған маңызды негіз. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, оның өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының ықпалы ерекше.