Қолға ұстаған сәт бүгін, Болсын дәйім шат күнім
Тәуелсіз елім — Қазақстан
Бұл мерекелік шараның мақсаты — балаларға Тәуелсіздіктің мәнін ұғындыру, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу және патриоттық сезімін ояту. Мереке қарсаңындағы көтеріңкі көңіл күй балабақшаның әр тобына тараған әсем күй әуенімен күшейе түседі.
Мерекелік көрініс
Зал іші мерекеге сай әсем шарлармен безендірілген. Ортаңғы және ересектер тобының бүлдіршіндері сәнді киініп, музыка ырғағымен залға кіріп, орындарына жайғасады.
Балалар орындарына отырған соң, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. Жиналғандар сап түзеп, оң қолдарын жүрек тұсына қойып, Әнұранды бірге шырқайды.
Жүргізушінің сөзі
Армысыздар, құрметті тәрбиеші апайлар мен қонақтар, сүйкімді бүлдіршіндер! Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз.
Тәуелсіздік күні — еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке. Себебі ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған, күткен осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнге бүгін біз жеттік.
Балалар, сендер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарысыңдар. Сондықтан жерімізді, елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуді, сүюді, қорғауды ұмытпайық.
Ортақ үн
«Біз өмірдің гүліміз!»
Өлең-жыр — жүректің сөзі
Балалар туған Отанына деген ыстық ықыласын өлең жолдарымен білдіреді. Тәуелсіздік, бейбіт өмір, көк байрақ, бірлік пен болашақ туралы жырлар кезек-кезек оқылады.
Фатима
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан — елім менің.
Айерке
Осындай еркіндікті ел тілесін,
Бақыт құсы бағымызға еркін келсін.
Ал енді Тәуелсіздік құтты болып,
Көк байрақ мәңгі-бақи желбіресін!
Болат
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Динара
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Әрқашан, әрқашан,
Көк байрағым желбіресін.
Хор
«Біз бақытты баламыз!»
Тәуелсіздік туралы естелік — Желтоқсан рухы
Өлең жолдарында Желтоқсан оқиғасының қаһармандары — Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира есімдері аталып, елдік пен ерліктің бағасы, бірліктің қадірі еске алынады. Балалар бейбіт күннің қадірін түсініп, әділдік пен намыс туралы ой түйеді.
Көрсетілім және би
Кейін балалар «Менің Қазақстаным» атты фильмді (слайд-шоу) тамашалайды. Шараның көркем бөлігі вальспен жалғасады.
Ересектер тобының балалары биыл әріптерді үйрене бастады. Сол білімдерін пайдаланып, «ҚАЗАҚСТАН» сөзінің әр әрпіне арнап, жүрекжарды тілектерін құрап айтады.
«ҚАЗАҚСТАН» — тілектер
- ҚҚазағымыз аман болсын!
- ААзамат болып ертең Отанға қызмет етем!
- ЗЗаманымыз тыныш болсын!
- ААман болайық!
- ҚҚыран құстай биік болайық!
- ССарыарқа даласында бейбітшілік болсын!
- ТТабиғатты аялайық!
- АЕліміз аман болсын!
- ННанымыз көп болсын!