Жарадыңдар балалар

Сабақтың тақырыбы

Атамекен – Қазақстан

Сабақтың мақсаты

I. Білімділік

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін бекіту; сөздер мен сөз тіркестерін орынды қолданып, ойды өзара байланыстырып, жүйелі айту дағдысын қалыптастыру; өз ойын нақты әрі түсінікті жеткізе білуге үйрету.

II. Дамытушылық

Ауызекі сөйлеу және әңгімелеу дағдыларын дамыту; еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру.

III. Тәрбиелік

Отанын, халқын, жерін сүюге баулу; елжандылыққа тәрбиелеу; Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге және патриотизмге бағыттау.

Сабақтың түрі, әдістері және көрнекілігі

Сабақтың түрі

Қайталау сабағы.

Сабақтың әдістері

  • Көрнекілік
  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу

Көрнекіліктер

  • Тірек сызбалар
  • Ребус
  • Үлестірмелі кестелер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (сұрақ-жауап)

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
  • Бүгін аптаның қай күні?
  • Сыныпта кім кезекші?
  • Сыныпта кімдер жоқ?

Үй тапсырмасы сұралады және тексеріледі. Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

Фонетикалық уақыт: 1-топ – «қасиетті», 2-топ – «атамекен», 3-топ – «тәуелсіз». Топтар бір-бірінің тапсырмасын тексереді.

II. Қызығушылықты ояту

Оқушылар ребусты шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Тақырып табылғаннан кейін «Отан» сөзін естігенде ойға не келетінін талқылайды.

Топтастыру стратегиясы

Үш топ плакатқа ойларын жазып, өз жауаптарын қысқаша түсіндіреді.

III. Викторина (білімді бекіту)

  • Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны қалай аталады?
  • Сен қай Республикада тұрасың?
  • Отан дегеніміз не?
  • Қазақстан қай жылы тәуелсіз республика болып жарияланды?
  • Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды?
  • Қазақстан Республикасының Елтаңбасында не бейнеленген?
  • Қазақстан Республикасының Туында не бейнеленген?
  • Қазақстан Республикасының астаналары қандай?
  • Биыл еліміздің тәуелсіздігіне неше жыл?

Туған жеріміз — Қазақстан Республикасы. Оқушылар туған жер туралы мақал-мәтелдер айтып, жауаптарын толықтырады.

Тақтаға кесте ілінеді: оқушылар кезекпен шығып, қиықшалардан күн пішініндегі тірек-сызбаны құрастырады. Соңында: «Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?» сұрағы бойынша ой қорытылады.

IV. Сергіту сәті

«Балалар, қане, демалайық!» Ойын: «Әрі ойла, әрі ойна». «Сиқырлы сандық» ашылып, тапсырмалар арқылы ойын басталады.

V. «Полиглот» ойыны

Берілген сөздермен жұмыс:

Столица Граница Независимый Великий Государство Герб Национальность Звезда Флаг Луч Народ Купол юрты Гордость Золотой Узор, орнамент Родной

VI. Сөздік жұмысы

Бағыттары

Тыңдалым · Сөйлесім · Жазылым

Тұрғылықты
коренной
Даңғыл
проспект

VII. Мәтінмен жұмыс

Қазақстан Республикасының жері кең-байтақ. Оның асқар таулары, көлдері және жайқалған ормандары бар. Жер астындағы табиғи байлықтары орасан зор. Қазақстанда әдемі қалалар көп. Қазақстанның тұрғылықты халқы — қазақтар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі.

Тапсырма: мәтіннен көптік жалғауда тұрған сөздерді тауып, буынға бөліңдер және буын түрлерін ажыратыңдар.

VIII. Қорытынды әңгіме

Сұрақ

«Отан деген не?» — оқушылар өз жауаптарын айтады.

Отан деген — атамекен.

Отан деген — туған жер.

Отан — ана.

Отан — үлкен Қазақстан, туған ел.

Сөйлесімге арналған сұрақтар

  • Сен қай жерде туып-өстің?
  • Сенің туған жерің әдемі ме?
  • Туған жерің сен үшін неліктен қымбат?

Мұғалімнің қорытындысы

Жарайсыңдар, балалар! Білімдеріңді көрсеттіңдер, белсенді қатысып, жақсы нәтиже көрсеттіңдер.